Ертегі түрлерін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу Елеман Ақнұр Шеризатқызы



бет3/6
Дата18.09.2023
өлшемі3.71 Mb.
#477863
1   2   3   4   5   6
ертегі слайд

А) мифологиялық ертегілер;
б) жануарлар туралы ертегілер;
в) реалистік (тұрмыстық) ертегілер.
Олардың ең ескісі - қиял ертегілері
Мәселен, «Үш өнерпаз» ертегісінде үш дарынды баланың ғажайып істері туралы айтылады. Олардың біреуі- көреген, екіншісі-мерген, үшінші жігіт – ұшқыш болады.


Олар өз күштерін сынап, бір елде келеді,бірақ бұл елдегілер қатты қиналып отыр екен. Сұрастырса, осы елдің әдемі қызын үлкен құс аспанғаалып ұшып кетіпті. Осыған байланысты адамдар қайғы – қасірет жұтып отыр екен. Мұны естіген үш жігіт өз ісін бастайды. Көреген жігіт үлкен қарақұс қайда ұшатынын айтады. Мерген садақты көреген жаққа атады. Садақтың оғы алып құсты өлтіреді, қыз көктен төмен құлап келеді.


Осы кезде үшінші жігіт аспанға көтеріліп, қызды жерге түсірмей ұстап қалады. Олар қызды өз ауылына аман-есен жеткізеді. Жиналған адамдар үш өнерпазға үлкен құрмет көрсетеді. Қиялда туылған үш жас жігіттің іс-әрекетінің мәні-жас ұрпаққа қолыңнанкелгенше жақсылық жасауға баулу, ізгілік өнерін дәріптеу.
Патриархия дәуірінде адамның негізгі қасиетті күш ретінде түсінігі басым болды.Бұл уақытта мифтік ойлау қабілеті бар табиғаттың мүмкін емес күштерін бейнелейтін және адамның іс-әрекетіне қарсы тұратын фантастикалық ертегілер дүниеге келді.Мұндай ертегілерде адамның шынайы бейнелері мен мифтік бейнелері бейнеленген.
Шегіртке мен құмырсқа. 4 сынып, 12 сабақ, 2 бөлім
Білімділік: Ертегідегі жіндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді танып,баға беруді үйрену.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге,жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ертегіні талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдылырын дамыту. Оқушылырдың шығармашылық қасиеттерін шыңдау.
Құмырсқаның қанағаты
Тәрбиелік мәні:халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып,ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға ,жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу, өзгелердің пікірін тыңдай білуге, әңгімелесу мәдениетіне, өз жұмысына рефлексия жасай білуге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет