Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоян бізді көріп қорқып тұрған сияқты ендеше оның қорыққан түрін көрсетейік.
Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?
Балалар: Түлкінің суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Иә, түлкі бізді көріп таң қалып тұр. Түлкінің таңқалған түрін көрсетіңдер.
Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?
Балалар: Аюдың суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: иә балалар аюымыз мұңайып тұр екен, ендеше қәне аюдың мұңайған қалпын көрсетіңдер.
Тәрбиеші: Жақсы балалар енді мені мұқият тыңдаңдар мен сендерге жұмбақ жасырамы:
Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі ( Мақта қыз бен мысық)
Атай өзі салғанын
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады ( Шалқан)
Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті,
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті ( бауырсақ)
Тәрбиеші: балалар шаршадыңдар ма ? Кәне сергіту жаттығуын орындайық:
Мы по лесу гуляли
И зайчонка повстречали
Зайка скачет по дорожке
Быстрые у зайки ножки
И медведья, повстречали,
Мишка по лесу шагает
Ребятишек всех пугает
Мы от страха задражали
И от мишки убежали.
Тәрбиеші: Енді балалардың өтірік өлен мен тақпақтарына берелік.Айша, Асылжан, Сағи .
Аиша: Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Асылжан:Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Сағи: Құмырсқа көлге шомылып
Құмға аунады жағада
Жазда қарға көміліп
Аққала соқты далада.
Достарыңызбен бөлісу: |