Балалар: мыстан кемпір, қасқыр, арыстан, жолбарыс ашулы.
Тәрбиеші:мейірімді, адал кейіпкерлерді атаңдар.
Балалар: қоян, мысық, әтеш, ит адал кейіпкерлер.
Тәрбиеші:ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып, қанатымызды жайып ұшып көрейік.
Музыка қосылып, балалар әуенмен қимыл жасайды.
Тәрбиеші: Міне, балалар ертегілер еліне келдік. Балалар,біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік.Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады.
Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші .
Тамаша! Енді орынымызға отырамыз.
Ендеше мен сендерге қазір «Қоянның үйшігі» ертегісін айтып берейін. Олай болса бәріміз теледидарға назар салайық.
Қоянның үйшігі. (орыс халық ертегісі)
Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине бірден еріп кетті.
Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді. -Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
-Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім...
-Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз.
Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
-Аф, аф, аф! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
-Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай бастайды. Алдынан аю шығады.
- Қоян-ау, не болды. Сонша неге жылайсың?
- Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
- Жылама! Мен оны қуып шығамын.
- Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттерде қуып шыға алмады.
- Көресің, қуып шығамын.
- Аю үйшіктің алдына келіп:
- Түлкі, шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.
- Түлкі болса пеш үстінен:
- Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! – деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағыда жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
- Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?- деп сұрады.
- Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
- Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
- Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде қуа алмайсың!
- Жүр, көрерсің! Қуамын!
- Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
- Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: Киініп жатырмын», - дейді.
-Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! - деп әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді.
Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді.
Аман – сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
Тәрбиеші: Балалар ертегі сендерге ұнады ма?Ендеше балалар тақтадағы тапсырманы орындайық,тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінген, бірақ олардың көңіл күйлері әр түрлі сияқты, сендер кейіпкерлердің суреттегі көңіл-күйерін смайлик арқылы сәйкестендіріп, аңды үш тілде атап беріңдер.