Есболат айдабосын. Тибет аруы әҢгіме



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата25.10.2022
өлшемі444.85 Kb.
#463314
1   2   3   4   5
Тибет аруы

.......... 
Қытайдағы кәрі-жастың дені «WeChat» әлеуметтік желісін 
қолданады, хабарсыз кеткен Қамардың амандығын сондағы 
жазбаларынан ғана біліп отырдық. Күніге бірнеше жазба 
қалдырады. Анда-мұнда түскен суреттерін жариялайды. Көп 
суретінде қасында әлгі бір көшеде кезіктірген жігіт жүреді. 
Оны көрген сайын қояншығым қозады. Бір күні WeChatтағы 
парақшамды ашып қалсам, Қамардың суреті жылтың етіп 
шыға келді. Тағы да екеуі фотоға түсіпті. Таңхулу (қантқа 
қуырылған жеміс-жидек) жеп, мәз-мәйрам болып, саябақта 
сайрандап жүр. Мұны көргенде денем түршігіп кетті, күдігім 
айқындала түскендей. Жалма-жан, бұның кім?деп жаздым 
да, ашуланып тұрған смайл суретін қосақтап, жөнелтіп 
жібердім. Бірер минут күттім, жауап болмады, ертеңіне 
телефонымнан парақшасын тексерсем, менің сөзім жазылған 
суретін түп-тамырымен өшіріп тастапты. Арада үш-төрт күн 
өтті. Хабарсыз. Ақыры шыдамым таусылып, қоңырау 
шалдым. Біраз уақыт тұтқаны көтермеді. Екінші мәрте 
қоңыраулатқанда ғана жауап қатты. 
-Wei (Ало дегені) 
-Әу Қамаржан қалың қалай? 
-Жақсымын аға, өздеріңіз амансыздар ма? 
-Аманшылық, біз жаққа келмей кеттің ғой…. 
-Сабақ қиындап, қолым босамай жатыр. 
-Қазақстаннан қазы-қарта келген. Жеңгең Қамар келгенде 
бірге жейміз деп қазан көтермей отыр. Кешке келіп кет. 
Сенің арқаңда сорпаланып, аузымыздың дәмі кіріп қалсын. 
-Аааа…. сәл кідіріп, ойланып қалды. Мен одан сайын 
бастырмалата жөнелдім. 
-Сөзді қой, кел, күтеміз, дедім де телефонды сөндіре салдым. 


Кешкілік екі ұлды саябаққа алып барып сілесі қатқанша 
ойнатып, өзім де көңіл сергітіп үйге келсем Қамар отыр екен. 
Құрт езіп, жеңгесіне болысқансып жүр, бірақ жүзі сынықтау 
көрінді. 
Бұрынғыдай 
балаша 
еркелейтін 
қылығы 
байқалмайды. Ас үстінде де ашылып сөйлемей, тымырайып 
отырды. Екеуміз іштей арбасып, біраз ырғастық. Онымен 
арбасқан сайын ойым екіге жарылып алып, жұлқыласады. 
Бір ойым өзгенің өміріне араласу құқығын саған кім берді 
деп өзеуресе, енді бірі «ағаның қарындасқа жөн сілтегені 
әбестік болып па» деп табандап тұрып алған. Ақыры 
соңғысы жеңді. Әйелім ыдыс-аяқты жиыстырып, ас үйге 
кіріп кеткен сәтті пайдаланып 
-Айтпақшы әлгі жігіт кім деп қойып қалдым. Сұрағым 
дөрекілеу болған секілді. Дегенмен айтылған сөз, атылған оқ. 
Тұтқынды қыспаққа алған тергеушідей тесірейіп, көзіне тіке 
қарадым. Лып етіп, бетіне қан тепті, менің түрімнен сескенді 
ме, әлде мұндай сұраққа дайын болмады ма әуелгіде тұтығып 
сөйлей алмай қалды. 
-Қанша уақыт болды жүргендеріңе? 
-Бір жылдан асты, сабақтасым, бірге оқимыз… 
-Қытай ма? 
-Жоқ, хуейзу (дүнген ұлты). Енді мен ойланып отырып 
қалдым, дүнгендер мұсылман болғанмен қытайға қыз беріп, 
қыз ала беретін ұлт. Дәуір бір аунаса, мұсылмандығын да 
ұмытуға шақ тұрған халық. Мына қыз енді соның етегінен 
ұстамақшы. 
Басқаның 
түтінін 
түтетіп, 
ұрпағын 
жалғастырмақ. Не істемек керек? 
-Аға, мен бұл туралы көп ойландым, деген дауыс шыққанда 
басымды көтеріп, тіктеліп отырдым. Бағанағыдай емес, 
Қамар еңсесін жазып, ашылып сөйлей бастады. Көзіне ерік 
беріп, жылап та алды. Бас тарта алмаймын дейді. Махаббат 
дейді. Әке-шешесі де ықтиярын беріп қойған екен. Келер 


жылы үйленбекші көрінеді. Бірақ оның айтқандарының 
ешбірі, мен үшін құлаққа кірмейтін сөз. 
-Қазақ жігіті жоқ па? Шыңжаңдықтар Бейжіңде толып жүр 
емес пе? 
-Бар ғой, бірақ олармен әйтеуір тіл табыса алмай-ақ қойдым. 
Қанша мәрте жақындасайын десем де, қазақшам шорқақ 
болған соң соқыршектей бөлектенемін де тұрамын дейді. 
-Қазақстанға жүрсеңші, бізбен бірге. Өзім қамқор боламын. 
Елге ел қосылса құт. Әрбір қазақ бізге қымбат деп өрекпимін. 
-Ойй, атамаңыз Қазақстанды. Ол жаққа барсам күн көре 
алмаспын деп азар-безер болады. 
-Неге?деймін. 
-Бір ауыз орысша білмеймін. Одан да осы Қытайымда жүре 
бергенім жөн шығар. 
-Қазақстан қазақыланып жатыр, орыс тілінсіз де өмір сүруге 
болады. Бүгінде жетпіс пайыздан астық, құдайға шүкір. 
Бірақ менім бұл сөзім Қамарға күлкілі көрінді. «Мырс» етіп 
кекесін танытты. 
-Орыстандың не, қытайға сіңдің не? бәрібір емес пе?! Қайда 
барсаң да біреуге кіріптар боламыз ақырында. Осында оқып 
жүрген Қазақстан жастарын көріп жүрміз ғой, аға, қазақшасы 
менен нашар. Бір-бірімен орысша шүлдірлеседі. 
-Енді ондай-ондай болады ғой…Қазақ тіліне деген көзқарас 
өзгерер, заман осылай тұра берер дейсің бе? деп қайта 
ырғаймын. Бірақ мен ырғаған сайын Қамар босаңсудың 
орнына қатайып барады. 
-Өткен аптада Бейжің Үйуан Дашүйеде жыл сайын болатын 
дәстүрлі потбол жарысы өтті, бардыңыз ба дейді. 
–Бардым деймін, оның айтпақ ойын түсіне алмай. 
–Не байқадаңыз? 
–Ештеме деймін, өтірік аңқаусып. Бейжіңдегі қазақтар 
арасында өтетін футбол турнирінде біздің университет бас 
жүлдені жеңіп алған болатын. Біздің жігіттер финалда 
Миңгзу Дашүйедегі (Ұлттар университеті) Шыңжаңдық 


студенттермен кездесті. Сонда алаңда бір-біріне қарсы 
ойнаған кілең қазақтар, бір команда қытайша, екіншісі өзара 
орысша сөйлесіп бірін-бірі түсінбей жүргені рас. Мұны 
жарыс соңындағы марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар 
ескертіп айтқан болатын. Әсіресе өзін ақын, журналист деп 
таныстырған егделеу келген қасқабас кісі «бұл ұлттық 
трагедия» деп ашына айқайлаған, микрофонды ұстап алып. 
Қу қыз, соны меңзеп отыр. Бұл оқиға өзімнің де көңіліме 
кірбің салғанмен дәл қазір, амалсыз ақталуға тура келді. Өз 
елінде жүріп, ана тілінен мақұрым қалған бауырларымды 
былайғы күнде жақтырмасам да бұл жолы жақтай сөйледім, 
біраз жерге дейін көсілгенімді білемін, әйтеуір дәл қазір 
қазақ үшін аралас неке қылмыс деп тұжырғаным есімде. 
-Неге? Басқаларға болғанда қазаққа өзге ұлтпен бас қосуға 
болмай ма? Әрі-беріден соң Қазақстанда жүріп те қазақ 
қыздары шетелдіктерге үйленіп жатыр емес пе? деп жабыса 
кетті. 
-Болмайды, олар шіріген жұмыртқа, жоғалған ұрпақ. Өзгеге 
қыз бермек түгіл, қыз алуға да болмайды. Өйткені олардан 
туған бала бәрібір қазақ болмайды. 
-Неге? 
-Өйткені қазақ ұзақ жылғы зобалаңда ұлттық имунитетін 
әлсіретіп алған халық. Біз біреуді сіңіріп алам дегенше, 
біреуге сіңіп кетуге бейім тұрамыз. Орыспен жақындассақ, 
орыс боп кетеміз, қытайға қыз беріп, қыз алсақ қытай боп 
шыға келеміз. Өзгенің тілінде жүйріктей жүйткиміз, 
өзіміздің тілде тұсаулы аттай шоқырақтаймыз. Оның себебін 
өзім де білмеймін. 
-Ал мен баламды қазақ қылып өсірем, десем сенесіз бе? 
-Сенбеймін 
дедім, шорт кесіп. Өйткені сен өзің 
шалақазақсың… 
Қамар шалақазақ дегеніме шамданып қалды ғой деймін, одан 
кейін сөз таластырмай, қой көздері боталап менің 
айтқандарымды ойланып тыңдап қана отырды. Үйіне 


қайтарда да ұйықтап жатқан Толағай мен Тарланды 
құшырлана иіскегені болмаса, ештеме демеді. Ол кеткен соң 
үйге сыйсамшы, сең соққан балықтай біразға дейін сенделіп 
жүрдім де, қойдым…. 
Ал Қамар содан беріде үйге келуді мүлдем доғарды. Бір-екі 
мәрте көшеде жолығып әңгімелескеніміз болмаса арамыз 
ақырындап суық тартып, алшақтай берді. Бейжіңдегі 
оқуымыз аяқталып, елге қайтып бара жатқанда таныс-
тамырларды шақырып қонақ қылғанбыз, оған да қатысқан 
жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет