Есебі тақырып: Фонетик. Буын Орындаған



бет2/5
Дата01.04.2024
өлшемі74.18 Kb.
#497253
түріПрактикум
1   2   3   4   5
буын-3

1. Буын
Буын - сөз ағымындағы бір немесе әлденеше фонемалық тобынан жасалған фонетикалық единица. Қазақ тіліндегі буын өзгешелігінің бірі - буын жасаушы дауысты дыбыстар өзімен бір үйлесежүретін дауыссыздардың акустикалық көрсеткіші болып келеді. Егерде буындағы дауысты жіңішке болса, үйіріндегі дауыссыздар ды жіңішке болады, жуан болса, дауыссыздар да жуан болады.Ж. Аралбаев «Буын біздің байқауымызша әртүрлі дыбысталу күшінен құралған арнаулы фонетикалық комплекс». Мәселен «тал» деген сөзде бір буын бар, осы сөзде үш фонема бар, оның алдыңғысы мен кейінгісі дауыссыздар. Ол дауыссыздар айтылу жағынан бірдей емес, буын басындағы дауыссыз дыбыс күштірек айтылады. Қазақ тілінде буын ішіндегі біртүрлі дауыссыздар біркелкі күшті айтылады: ыссы, қатты.Мұндай жағдайды тең күштілер дейміз. Қазақ тілінде сөз ішінде сөз аралығындағы біркелкі дауыссыздар буын жігін көрсетеді - түбірде: ләз-зат, із-зет,қосымшалы сөздерде: тас-саң, хат-ым.
Демек, дауыссыздар бітеу буында әр-түрлі экспирация басқыштармен айтылады. «Буын - сөйлеу сегментациясының табиғи единицасы, сөйлеу легінде дауыстың белгілі бір дәрежеде көтеріңкі айтылуы. Артикуляциялық түрғыдан алганда, буын - сөйлеудің ең қысқа, единицасы» деп анықтама береді де, буын қүраушы дыбыстардың барлығы дауысты дыбыстардан бола бермейтіндігін айтады. «Әдетте, буын қүрайтындар - дауысы дыбыстар. Бірақ тіл-тілде үнемі бұлай бола бермейді. Мәселен, чех тіліндегі бір буынды - ргзі(саусақ), екі буынды - игЬа(верба), иік(қасқыр), сербхорват тіліндегі рі(бұғаз) сөздерінде буын құраушылар - г, 1 дауыссыздары. Біздің қазақ тілі жэне орыс, ағылшын, француз тілдерінде буынның негізінде дыбыс жатады. Ал қытай, бирма, вьетнам тілдері буынды немесе буын құрылысты тілдер деп те аталады. Бұл тілдерде буын морфема жігі дегенге мүлде багынбайды. Бұларда сөздегі фонологиялық единица - дыбыс емес, тұтас буынның өзі. Бұл тілдердегі тұтас буын силлабема деп аталады. Ертедегі грек, араб, латын тілдерінде созылыңқы жэне қысқа буын дегендердің мэні айырықша болган көрінеді».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет