2. Буынның түрлері
«Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде буынның негізгі екі түрі кездеседі: бірі - ашық, екіншісі - бітеу буын. Бұдан басқа сөз басында тек дауыстыдан не дауысты-дауыссыздан кұралған буындар да бар. Буындардың осы түрлерінен басқа , тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі - дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз буын. Мұндай буындардың соңынан екінші дауыссызы р, лдыбыстарының бірі болып келеді» деп буындарды топтастыруда әр тілдер тобының ерекшелігін ескере отырып жіктейді. Қазақ тілі түркі тілдерінің құрамына енетіндіктен буынга қатысты тілдік заңдылықтардың ұқсас жақтары да болары сөзсіз.
Қазақ тілінде дауысты дауыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын үш түрге бөлінеді:
Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады немесе дауыстыдан басталып дауыстыға дыбысқа бітеді. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-ла т.б.
2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады.Мысалы: ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.
1-буында: ат,ет,от,ант,өрт.т.б.
2-буында: ки-ік,ти-ін т.б.
3-буында: тұң-ғи-ық, а-қи-ық т.б.
4-буында: әдеби-ет, мәдени-ет т.б.
3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ,бал-дыр-ған, бал-мұз-дақ,бір-лес-тік т.б.
Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар у,й,ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әріпі болады.Мысалы: қа-уын,қа-йық, қо-ңыр т.б.Қатар келген үш дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады.Ал, үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді.Мысалы: құмырс-қа, жұмырт-қа т.б.Қазақ тілінде бір даустыдан тұратын буын сөздің басында (а-та),ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.
Буынға тән белгілер:
Дауысты дыбыссыз буын болмайды (буын болу үшін міндетті түрде дауысты дыбыс болу керек)
Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Мысалы: ана, бірінші
Сөздердің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады (бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды)
Буында мағына болмайды (сөздің бір-бірімен сәйкес келетінін білеміз, сөзде мағына болса, буында мағына болмайды).
Буын – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы: қа-ла-мыз-дa, бі-ле-тін-де-рі-міз-дің.
Сөз буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты болады. Мысалы: «Гүл» деген сөзде бір ғана дауысты дыбыс бар, «гүл-дер» деген сөзде екі дауысты дыбыс бар, сондықтан екі буын бар. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп те буын құрай алады. Мысалы: ы-дыс, а — па, е — гін — ші — лік.
Егер сөздің ортасы мен соңында шартты түрде жалаң ашық және тұйық буындарды айтатын болсақ, сол ырғақ бұзылады. Сондықтан, бұл буындарды сөздің ортасы мен соңында келмейді дегеннен гөрі айтылмайды деген жөн сияқты. Буындардың кірігуі немесе буындардың жылысуы дегендердің бәрі - осы айтылу ырғағынан туындаған қағидалар. Ұл ма екен – Ұлмекен, Қара ой – Қарой, Қара ағаш – Қарағаш түрінде біріксе, жалаң ашық буын мен тұйық буынның қағидасына сүйенгендіктен емес, айтылу ырғағы бұзылатындықтан бірікті. Фонетиканың Буын тақырыбын оқыту үдерісінде сол буын сөзінің өзін буынға дұрыс бөліп бере алмаймыз. Мәселенің бәрі дауыссыз бен дауысты дыбыстың арасында келген У және И дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде күрделене түседі. Осы тұста олардың қосарлы дыбыстан тұратынын ерекшелеуге тура келеді. Әрине, олардың емле ережесі бойынша қалай жазылатындығы дыбыстар жүйесін өткенде баяндалып, түсіндіріледі. Бірақ буынға бөлген тұстағы / айтылуындағы / ерекшелігі үнемі назардан тыс қалады. Буынның фонациялық ауаның қарқынына / айтылу ырғағына / негізделетін ережесін естен шығарамыз. Сөздің құрамында қосымша жалғанғанда өзгеріске ұшырап отыратын буынның түрі – екі дыбыстан тұратын ашық буын мен бітеу буындар. Өзгеріске ұшырағанның өзінде, олар бірінің орнына бірі ауысады.Егер буын сөзін бу - ын үлгісінде бөлшектесек, қосымша жалғанғанда бу – ы – ны немесе бу – ын – ы қалпына ауысады. Екі нұсқа да ережеге қайшы. Жиын сөзі де жи – ын түрінде алатын болсақ, дәл сондай кереғарлыққа тап болады. Оқулықтарда аталмыш екі дыбыстың (У мен И) әрі жеке, әрі қосарлы болып келетіндігі жайлы көрсетіледі. Бірақ қандай жағдайда ондай ерекшелік иеленетіні нақты айтылмайды.Ал бұл екі дыбыс сөздің басында ғана / у дауысты болғанда / жеке дыбыс ретінде қызмет атқара алады: у-лы, и-не. Басқа тұста, буынға бөлген кезде, дауысты дыбыс қызметінен айырылады. Осының салдарынан өзінен кейінгі дауыстымен бірігіп айтылады: бұ-уын, жы-йын немесе бұ-уы-ны, жы-йы-ны. Егер осы күнге дейін дәстүрге айналған қағидамыздан айнығымыз келмесе, онда «шартты түрде» деген ескертуді қайталап отырудан арылмауымыз керек. Бұл жерде бір буынды сөздердің құрамындағы У мен И дыбыстарын дауыстыға жатқызып, ашық буын күйінде ұсынылған тұжырымдарды дәлел ретінде келтіруге болатын шығар. Алайда, оларға дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғағанда дәстүрлі тұжырымдар күмәнді болып қалады.Ойымыздың айқындығын мысалмен көрсетуге болады.
Түбір күйінде:
|
Қосымшалы түрі:
|
Буынға бөлінуі:
|
|
бу
жу
қу
су
ту
би
ки
қи
ши
|
бу-ын
жу-ын
қу-ын
су-ын
ту-ы
би-і
ки-ім
қи-ыл
ши-і
|
бұ-уын
жұ-уын
құ-уын
сұ-уын
тұ-уы
бі- йі
кі-йім
қы-йыл
ші-йі
|
|
Берілген үлгінің нәтижесі бойынша буынға қатысты төмендегідей жаңа шарттар туындайды :
- Ашық буыннан кейін дауыстыға басталатын қосымша жалғанбайды.Яғни, бу, жу, ки, қи секілді сөздер дауысты дыбысқа аяқталмаған;
- Ашық буындардан кейін тұйық буындар келмейді. Яғни, бу-ын, жу-ын, ки- ім, қи-ын тұлғасындағы буынға жіктеу де қисынға соқпайды.
Сонымен қатар, бу,жу,қу,су,ту сөздерінің ( гу ғана Г – ге қатысты жіңішке ) жуан түбір, ал би,ки,ши,ти сөздерінің жіңішке түбір саналатынын да назардан тыс қалдырмауға тиіспіз.Бұл жерде басқа тілден енген поэма, поэзия, геометрия, биология секілді кірме сөздерді салыстырмалы түрде ұсынудың қажеті шамалы. Олар қазақ тілінің буын ырғағына бағынбайды. Қазақ тілін оқыту үдерісі барысында осындай күрделілік тудыратын құбылыстарды шәкіртке түсіндіру, олардың біліктілігін жан-жақты жетілдіріп отыру оқытушының басты міндеті болып саналады. Ғылыми тұжырымдар мен қағидалардағы кемшін тұстар келесі ғылыми зерттеу жұмыстарында түзетіліп, нақты шешімін табуы мүмкін. Ал оқыту үдерісі кезіндегі әдістемелік қателік кейін дұрыс шешімін тапса да, шәкірт үшін кеш болады. Сондықтан, өтілген тақырыптардың оқытушы үшін де, шәкірт үшін де күмәнді тұстары болмағаны жөн. Тақырыпты меңгертудің барлық амал-тәсілін қолданып, тосын немесе төтенше сұрақтар қойылмайтындай дәрежеге жеткізгенде ғана жиі айтылып жүрген инновациялық талап мүддесін қанағаттандыра аламыз. Тақырып меңгертудегі амал-тәсіліңіз де таптаурындықтан арылған, тосын құбылыстық деңгейінде болып жатса, құба-құп. Мысалы, У және И дыбыстарының қосарлылығы туралы жоғарыда келтірілген дәлелдер жеткіліксіз болып жатса, сын есімнің күшейтпелі шырайының жасалу жолын ұсынуға болады. Күшейтпелі шырайдың күшейтпелі буыны сапалық сын есімнің алғашқы дауысты дыбысына (оқулықтардағыдай алғашқы буынына емес) –п жұрнағының жалғануы арқылы жасалатынын білеміз. Осы тұста алғашқы дауысты дыбыс тіркесіне ерекше назар аудартқан жөн. Содан соң биік, жуас, қу, суық, типыл, тура секілді сын есімдерді күшейтпелі шырайға өзгертеміз: біп-биік, жұп-жуас, құп-қу, сұп-суық, тып-типыл, тұп-тура. Осылай айтамыз, осылай жазамыз. Сонда күшейтпелі буынның құрамындағы – ы, - і, - ұ дауыстыларының қайдан пайда болғанына күмәнмен қарауымыз керек пе !? Жоқ, керісінше, орфографияның ережеге негізделетінін, орфоэпияның заңдылыққа негізделетінін үнемі ескертіп отырудан танбағанымыз дұрыс.Әрине, біз ережемен бекітілген емле қағидаларына қарсы шығудан аулақпыз. Біз оқытушы ретінде шәкірт көңілінде «Бұл қалай?» деген сұрақтың қалмағанын ғана құптаймыз.Біз тек ережеге сай келмейтін мысалдарды оқыту үдерісі кезінде дұрыс бағытта өзгертуге әрекет жасаймыз. Әсіресе, буын мен оның түрлерін меңгертуде бұндай жағдайлар жиі ұшырасатынын жеткілікті түрде ұсынуға тырыстық.Бұларға қоса, күрделі сөздердің құрамындағы қатар келген дауыстылардың буынға бөлінуі де буын ережесінен алшақтау көрінеді. Дыбыстар жүйесіндегі кейінді ықпал үдерісі бойынша қатар келген екі дауыстының алғашқысы түсіріледі.Бұл құбылыс айтылған кезде басымдық танытады да, жазылған кезде құбылмалы күй иеленеді. Оның себебін ешқандай оқулықтан таба алмайсың.Егер күрделі сөз тіркес қалпында келсе жазылу барысында да, буынға бөлуде де қиындық туындамайды. Ал біріккен сөз қалпында келсе, ала-құлалық орын алады.Сөздердің айтылуы буынның да, кейінді ықпалдың да қағидасына сай келеді де, жазылуы бұл жүйеден шығыңқырап кетеді.Төмендегі салыстырмалы үлгіден айқынырақ көрінеді:
Біріккен сөздің құрамы
|
Айтылуы
|
Жазылуы
|
Буынға бөлінуі
|
Жаны+ұзақ
Өмірі+ұзақ
Қара+ағаш
Сары+өзек
Ұл+ма+екен
|
Жанұзақ
Өмірзақ
Қарағаш
Сарөзек
Ұлмекен
|
Жанұзақ
Өмірзақ
Қараағаш
Сарыөзек
Ұлмекен
|
Жа-нұ-зақ
Ө-мір –зақ
Қа –ра – а – ғаш
Са-ры -ө - зек
Ұл-ме-кен
|
Берілген біріккен сөздердің буынға бөлінудегі күмән тудырмайтындары- айтылуы бойынша жазылғандары. Орфография ережесіне негізделгендері буынға қатысты тұжырымдарды жоққа шығарады. Тағы бір көңіл бөлетін тұс- қатар тұрған дауыстылардың ықпалдан гөрі буын ырғағына тәуелділігі. Өйткені, Өмірзақ сөзіндегі екі дауыстының айтылмауы / жазылмайды да/, осыған ұқсас Жанұзақ сөзінде бір дауыстының айтылмауы сөздердің басталуындағы ашық буындардың құрамына қатыстылығын байқататыны айқын. Біріккен сөздер тіркес күйіндегі күрделі сөздердей жеке буынға бөлуге, жеке тасымалдауға келмейді.Орфографиялық сөздігіміздің әр басылымында жазылуы өзгеріске ұшырап жататын сөздердің көкейкесті мәселесі өз алдына жеке тақырып ретінде қарастырылуы тиіс. Ғасырлар бойы қолданыста жүрген төл сөздеріміздің айтылу ырғағы буынның түрлеріне байланысты еместігін, керісінше сол айтылу ырғағы арқылы буын түрлерін жасап жүргенімізді естен шығарып алмайық.
Достарыңызбен бөлісу: |