12. Мәтіннің қажетті параметрлерін орнату, сондай-ақ оны теңестіру үшін арналған тақта ... деп аталады.
a) Бас меню (Главное меню)
b) Стандарттық (Стандартная) тақта
c) Форматтау (Форматирование) тақтасы
d) Сызғыш
13. Құжаттың өрісін, сондай-ақ өрістен шегіністі беруге мүмкіндік беретін Word бағдарламасы терезесінің элементі – бұл ...
a) Стандарттық (Стандартная) тақта.
b) Форматтау (Форматирование) тақтасы.
c) Сызғыш.
d) Тапсырмалар аймағы (Область задач).
14. Құжаттың ағымдағы бетін, бөлімнің нөмірін, беттің санын және т.б. бейнелейтін элемент – бұл ...
a) Қалып-күй жолы.
b) Стандарттық (Стандартная) тақта.
c) Форматтау (Форматирование) тақтасы.
d) Сызғыш.
15. Пайдаланушы Word бағдарламасы терезесінің шиыру жолағының көмегімен ...
a) әріптердің тізбектілігін ескере отырып, сөзді іздестіруді жүзеге асыра алады.
b) құжатты сақтай алады.
c) құжат бойынша орын ауыстыра алады.
d) тағы бір құжатты аша алады.
16. Word бағдарламасында жұмыс істеген кезде керекті файлды қалай табады?
a) Кірістіру – Объект (Вставка – Объект) командаларын тізбекті түрде орындау арқылы
b) Қызмет – Параметрлер (Сервис – Параметры) командаларын тізбекті түрде орындау арқылы
c) Түзету – Бәрін ерекшелеу (Правка – Выделить все) командаларын тізбекті түрде орындау арқылы
d) Файл – Ашу (Файл – Открыть) командаларын тізбекті түрде орындау арқылы
17. Word бағдарламасы менюінің қайсы қазынасынан Сақтау (Сохранить) командасын табуға болады?
a) Файл
b) Қызмет (Сервис)
c) Түзету (Правка)
d) Формат
18. Екі күн бұрын сақталған құжатты ашу мүмкін бе?
a) Иә, пайдаланушы құжаттарды жойғанша олар компьютерде сақталады.
b) Жоқ, құжаттар 1 күннен артық сақталмайды.
c) Иә, бірақ ақпарат одан жоғалатын болады.
d) Жоқ, құжатты Word-та ашу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |