Есептеуіш техниканы жµндеу жєне техникалыќ ќызмет кµрсету


Деректерді қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет104/113
Дата18.10.2022
өлшемі5.94 Mb.
#462888
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113
medeshova-komputer-architekt

4.5. Деректерді қалпына келтіру 
Қолданушының файлдарды байқамай жоюы, техниканың істен 
шығуы немесе қаскҥнемнің мәліметтерді қасақана ісімен бҧзуы 
жағдайларында қажетті ақпараттар жойылып кетуі мҥмкін. Осы 
тарауда, кең танымал жойылған ақпараттарды қалпына келтіру 
бағдарламалардың жҧмысы кӛрсетіледі. Бірақ жойылған ақпаратты
кез келген бағдарламамен қалпына келтіру барысында, аттас 
файлдардың болмауы және қайта қҧрылмауы қажет. Егер Windows 
ортасында қолданушы кез келген қалтада аттас файлдарды сақтай 
алса, қатқыл дискінің образында тек соңғы сәтте ӛзгертілген файл 
сақталады.
EasyRecovery Pro бағдарламасы 
Жойылған және зақымдалған файлдарды қалпына келтіруге 
арналған, кең таралған бағдарламаның бірі EasyRecovery Pro. 
EasyRecovery Pro бағдарламасымен жҧмыс жасау және баптау қиын 
емес.
Сурет 5.1. EasyRecovery Pro бағдарламасының интерфейсі 
Терезенің жоғарғы жағында 3 батырма орналасқан: 


202 

EasyUpdate батырмасы бағдарламаның автоматты тҥрде 
жаңарту шеберін қарқындатады. 

Properties бағдарламаның қасиетін ӛзгертетін терезесін 
шақырады (Сурет 5.2.) 
Сурет 5.2. EasyRecovery Pro бағдарламасының қасиеттер мәзірі 
 

Quick Launch батырмасы бағдарламаны іске қосу кезінде 
пайда болатын мәзір тармақтарын таңдау терезесін 
шақырады (Customize Launchbar). 
Сурет 5.3. Customize Launchbar терезесі 
Жойылған деректерді қалпына келтіретін бағдарламалар ӛте кӛп, 
мықтыларының бірі: FinalData, GetDataBack және т.б. 
Зақымдалған Microsoft Word құжаттарын қалпына келтіру 
Кейбір жағдайда, деректер белгісіз бір себептермен оқылмай не 
ашылмай қалады. Әсіресе Word қҧжаттарында жиі кездеседі. 
Ашылған жағдайда да мағынасы жоқ символдармен беріледі. Осы 
мәселені шешетін екі тәсіл бар 
Бірінші тәсіл

"Файл" (File) мәзіріне кіріп "Ашу" (Open) командасын таңдау 
керек. Экранға зақымдалған файлды таңдау ҥшін сҧхбат 


203 
терезе ашылады. Бірақ "Ашу" батырмасын басуға асықпау 
керек .

"Ашу" батырмасының жанында ҥшбҧрышты белгіні 
тінтуірмен шертеміз. Шерткен кезде командалар тізімі 
кӛрінеді (тӛмендегі «скриншот»-та бейнеленген):
Сурет 5.4. «Ашу» командасын пайдалану ҥлгісі 

Осы тізімдердің ішінен "Ашу және қалпына келтіру" 
командасын таңдаймыз. Егер қҧжаттың қарпі кириллица 
болса, онда "Файлды тҥрлендіру" сҧхбат терезесі ашылады.

Осы сәтте редактор қалпына келтірілетін файлдың 
кодировкасын таңдауын сҧрайды. Еш нәрсені ӛзгертпей-ақ 
қоюға да болады, себебі Word ҥнсіздік келісім бойынша ӛзі 
керекті кодировкасын реттеп береді. Бірақ жҥйеге қалыпқа 
келтірілетін файлдың кодировкасы белгісіз болса осы әдіспен 
берілген кҧжат қалпына келмеуі де мҥмкін.

Егер кҧжатта орыс не қазақ пернетақта символдары болмаса, 
онда "Ӛзгертулерін кӛрсету" сҧхбат терезесінен ӛзгертілген 
тізімін кӛре аламыз.
 
Екінші тәсіл
Екінші тәсілі біріншісіне қарағанда нәтижелі болып саналады.

"Файл" (File) мәзіріне кіріп "Ашу" (Open) командасын 
таңдаймыз. Экранда қайтадан зақымдалған файлды таңдау 
ҥшін сҧхбат терезесі ашылады. Бірақ "Ашу" батырмасын 
басуға асықпау керек.

Сҧқбат терезесінің тӛменгі жағынан файлдың типін таңдауға 
болатын тізім пайда болады. Ҥнсіздік келісім бойынша 
"Барлық файлдар (*.*)" типі ерекшеленіп тҧрады:


204 
Сурет 5.5. Файл типін таңдау 

Осы тізімнің ішінен келесі типті таңдаймыз: "Мәтінді кез 
келген файлдан қалпына келтіру (*.*)". "Ашу" (Open) 
командасын таңдаймыз. 

Файл қалпына келтіріліп, ашылады. Бірақ безендірілуі мен 
кодировкасы ӛзгеше болғанмен қҧжатты оқуға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет