Есептеуіш техниканы жµндеу жєне техникалыќ ќызмет кµрсету



Pdf көрінісі
бет28/113
Дата18.10.2022
өлшемі5.94 Mb.
#462888
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113
medeshova-komputer-architekt

Компьютердің жады – оның қҧрамына міндетті тҥрде енетін 
элементтердің бірі. Ол бірнеше тҥрге бӛлінеді және бір-бірінен 
ӛлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай 
ажыратылады. 
Жадтың 
кӛлемі 
байтпен 
ӛлшенеді. 
Қазіргі 
кездегі 
компьютерлердің жад кӛлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан 
оны мегабайт(Мб), гегабайт(Гб) арқылы қысқаша ӛрнектеген 
ыңғайлы. 
Жедел жад (Оперативная память) бҧл компьютердің ішкі 
жады. Ол қажет ақпаратты ӛзіне жылдам жазуға және одан оқуға 
мҥмкіндік береді. Жедел жад ақпараттың кез келген бӛлігіне лезде 
қатынауды қамтамасыз етеді, бірақ компьютерді ӛшірген кезде жедел 
жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің 
жедел жадының ӛлшемі жылдан жылға ӛсіп келеді. Pentium типтес 
компьютерлердің жедел жадының кӛлемі 8 Мбайттан 1Гбайтқа жетті. 
Компьютердің жедел жадының кӛлемі ӛскен сайын оның есептеу 
жылдамдығы артады.
Жедел /жедел/ жадтайтын қҧрылғы (ЖЖҚ-ОЗУ) - 
ақпараттарды 
уақытша 
сақтауға 
арналған 
жад. 
Компьютердің жедел жадының кӛлемі шекті, сондықтан 
ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа кӛшіріп алу керек. 
Компьютердің ішкі жадының екі тҥрі бар: тҧрақты 
жадтайтын қҧрылғы (ТЖҚ-ПЗУ) компьютердің ішіне 
қҧрастырушы фирмада орнатылады. Компьютерді іске 
қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алынады, содан соң 
компьютерге орнатылған операциялық жҥйе іске қосылады.
Тҧрақты жадтайтын қҧрылғы – стандартты бағдарламаларды, 
ӛзгермейтін мәліметтерді және жҥйелік ақпаратты (BIOS, таңба 
генераторларының кестесін және т.б. ) энергиядан тәуелсіз сақтауға 
арналған жад. Компьютер жҧмысы кезінде бҧл жадтан мәліметтерді 
тек оқуға болады, оған ақпарат жазу арнаулы қҧралдар 
(бағдарламалауыштар) арқылы жҥргізіледі. Жадтың ӛзгермейтін тҥрін 
қҧрады. Мҧнда компьютер қҧрылғыларын басқаруға арналған жҥйелік 
бағдарламалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін 
жабдықтарды біртіндей тестілеу ҥрдісі басталады. Процессор мен 
бейнеадаптерді тестілеу ҥрдісі аяқталған соң мониторға сараптамалық 
хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жҥктелу 
ҥрдісін басқаратын бағдарлама орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет