102
Интернет 1969 жылы
АҚШ-та осы елдің қорғаныс
министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен
пайда болды. ARPANET оқу орындарын,
әскерлер мен әскери
мердігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зертеушілердің ақпарат
алмасуына кӛмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай
байланыс жасау керектігін зерттеу ҥшін жасалған. ARPANET
алғашқыда ғалымдарға тек жҥйеге
енуге және қашықтағы
компьютерге бағдарлама енгізуге мҥмкіндік берді. Ҧзамай бҧған
файлдарды, электронды поштаны және жӛнелту тізімін беру
мҥмкіндіктері қосылды. Мҧндағы мақсат бір мәселемен айналысып
жҥрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мҥмкіндік ашу
болатын. Бірақ ARPANET-тің ӛсуіне
орай және басқа желілер де
дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай
бір-бірімен жалғасқан желілерден тҧратын Интернет дҥниеге келді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі қызметтеріне электрондық
пошта қызметімен мамандықтары
бір немесе ортақ мәселемен
айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам
мәлімет алмасуы жатады.
Интернет кҥннен-кҥнге қуатты екпін алып, оған кӛптеген
компаниялар мен фирмалар және қарапайым тҧтынушылар ҥздіксіз
қосылуда. Компаниялар мен олардың
жабдықтаушылары және
тҧтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рӛлін атқаратын осы
интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір
жеке отбасы ҥшін атқарылатын алыстан оқыту жҥйелері, алыстан
кеңес беру, емдеу жҧмыстары
тәрізді мәліметті, сӛзді, бейнені,
қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жҧмыстары осы интернет
арқылы жҥзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: