Ескелдi ауданындағы кейбiр ауылдардың атауларын өзгерту туралы



Дата08.07.2016
өлшемі9.35 Kb.
#185710
Ескелдi ауданындағы кейбiр ауылдардың атауларын өзгерту туралы

Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы N 126 қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 маусымдағы N 10-63 шешiмi. Алматы облысының Әдiлет департаментiнде 2008 жылы 26 маусымда N 2011 тiркелген

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШIМ ЕТЕДI  және облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Ескелдi ауданы Ақын Сара ауылдық округiндегi бұрынғы Ақын Сара ауылының атауы Ақтұма ауылы;


      Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округiндегi бұрынғы Бақтыбай ауылы Өтенай ауылы болып өзгертiлсiн.

      2. Ескелдi ауданының әкiмi белгiленген тәртiппен осы шешiмдi орындасын.

      3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiн есепке алу мен тiркеуiне өзгерiс енгiзсiн.

      4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Алматы облысының                  Алматы облыстық мәслихаты
          әкiмi                            сессиясының  төрағасы

                        Алматы облыстық


                      мәслихатының хатшысы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет