«Әскери – инженерлік дайындық, Әскери топография, басқару және байланыс» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені


-тақырып. « Әскери топография» « Топографиялық карта»



бет3/4
Дата17.06.2016
өлшемі428.5 Kb.
#141817
1   2   3   4

3-тақырып. « Әскери топография» « Топографиялық карта»
1.Топографиялық карта жайлы түсінік.

2.Картамен жұмыс жасау.

3.Карталар масштабы.
1. Карта-бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп бейнеленуі. Халық шаруашылығы мен әскери істің қажеті үшін түрлі қарталардың көп мөлшері дайындалады. Оларды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы (мысалы, географиялық, топографиялық, өндірістік, орман, жол, геологиялық, топырақты, оқулық) бойын-ша топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы - оның масштабында.Оларға-1:25000-1:100000 масштабына дейінгі карталар жатады.

2. Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллеристер, ракеташылар, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлану жасаланылады, ұрыс бөлек қимыл-дарын жүргізуге шешім қабылданады: марш жасалады: ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау бойынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталады, нысананы көрсету жүзеге асырылады.

3. Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі. Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000- он мыңдық, 1:25000-ж жиырма бес мыңдық, 1:100000- жүз мыңдық, 1:200000- екі жүз мыңдық, 1:500000- бес жүз мың-дық, 1:1000000 - миллиондық. Қабылданған масштабтық қатар ел қорғанысы мен халық шаруашылығын қанағаттандырып, бір масштабтан келесіге жеңіл ауысады(көшуді) қамтамасыз етеді.

1: 25 000 (1 см-ге 250 м) масштабтағы карта - ең толық, әрі дәл карта, бөлім мен бөлімше командирлерінің су тосқауылдарын бұзуда, қалаларда ұрыс әрекеттерін жүргізу, инженерлік ғимараттар салу кезінде жергілікті жердің шағын жекеленген учаскелерін мұқият зерттеп, бағалауға арналаған. Ол артиллерияның атысқа даярлануы кезінде жергілікті жерді инженерлік жарақтандыру жөнінде шараларды орындау мен жоспарлауды дәл өлшеу және есептеу үшін қолданылады.

1: 50 000 (1 см-ге 500 м) масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға, бағдарлауға, нысананы көрсетуге арналған және оны, әдетте, бөлімшелер мен бөлімдер әр түрлі ұрыстарда, әсіресе қорғаныс ұйымдастыруда қоданады. Шабуыл кезінде ол қарсылас қорғанысын, су тосқауылын бұзуда, әуе және теңіз десанттарын түсіруде, сондай-ақ елді-мекендер үшін ұрыс әрекекттерін жүргізуде жергілікті жерді зерттеп,бағалау үшін қолданылады. Бұл карта сондай-ақ артиллерияны атысқа даярлау, әскери-инженерлік имараттарды жобалау және жергілікті жерді инженерлік жарақтандыру бойынша есептеулерді орындау үшін де қолданылады.

1: 100 000 (1 см-ге 1 км) масштабты карта жергілікті жерд зерттеп, ұрысты жоспарлау, әскерлерді басқару және өзара іс қимылды ұйымдастыру кезінде оның тактикалық қасиетін бағалау, жергілікті жер мен нысананы көрсетуге бағдарлануға, қарсылас объектілерінің (нысаналарының) координаттарын анықтауға арналған, сонымен бірге әскери-инженерлік имараттарды жобалау мен жергілікті жерді инженерлік жабдықтауға байланысты шараларды орындауға қоладнылады.

1: 200 000 (1см-ге 2 км) масштабты карта жергілікті жерді зерттеп, бағалауға арналған. Ол әскердің ұрыс әрекеттерін жоспарлау және оны қаматамасыз ету шараларында, әскерді басқаруды жоспарлау кезінде қолданылады. Жол картасы ретінде жиі қолданылады, өйткені онда жол тораптары мен оның ұрыстық және басқа техникамен жүруге жарамдылығы көрнекі әрі жеткілікті дәрежеде толық бейнеленген. Жол торабынан басқа бұл картада жер бедерінің жалпы сипаты, негізгі су тосқауылдары, ірі ормандар мен елді мекендер жақсы бейнеленген. Сондықтан ол жолдан тыс жерлердің өтпелілігін, оның қорғаныш және бүркемелеу қасиетін зерттеуде қолданылады.

1: 500 000 (1 см-ге 5 км) масштабты карта операцияға дайындық пен оны жүргізу кезінде жергілікті жердің жалпы сипатын зерттеу мен бағалауға арналған. Ол әскерлердің өзара әрекеттері мен басқаруды ұйымдастыруда, әскер қозғалысы мен нысананы көрсетудің бағдарлауда, сондай-ақ жалпы ұрыстық жағдайдың бағыттарын жазу үшін қолданылады.

1: 1000 000 (1 см-ге 10 км) масштабты карта жергілікті жерді жалпы бағалауға және ірі географиялық аудандардың табиғи жағдайларын зерттеуге, ұрыс әрекеті театрын әскери-географиялық бағалауға, әскерді бағалауға және басқа міндеттерді шешуге арналған. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады.

Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкндік жасайды. Карта масштабы-ның кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшек-терінің саны да кішірейтіледі. Картада бейнеленген аумақтық кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды.

Карта шетінің оң (төменгі) жағында сандық және сызықтық масштабы, масштаб көлемі көрсетіледі.

Сандық масштабы алымы бірге тең бөлшекті көрсетеді, ал бөлшектің бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсетеді. Мысалы, 1:50000 масштабында карта сызықтық өлшемдер 50000 ретке кішірейтілген, яғни картаның 1 см-і жергілікті жреде 50000 см-ге немесе 500 м-ге, болмаса, 0,5 км-ге сәйкес келеді. Сандық масштабпен жұмыс істеу карта сызығының ұзындығынан жергілікті жер ұзындығына және керісінше ауысуға келтіріледі.

Бірнеше масштабтарды салыстырғанда, қай масштабтың бөлімі кіші – сол аса ірісі керісінше. Мысалы, 1: 10000 масштаб 1: 50000 масштабына қарағанда едәуір ірілеу.

Сызықтық масштаб – бұл сандық масштабтың графикалақ мәнері. Түзу сызықта масштаб негізі деп аталатын кесінді бірнеше рет салынған. Масштаб негізі жергілікті жердегі жүздеген метр немесе километрдің бүтін санына сәйкес келеді. Қағида бойынша, оның ұзындғы 2 см-ге тең. Бірінші негіз ұсағырақ бөліктерге бөлінеді.

Сызықтық масштаб карта бойынша өлшеу үшін және оған қашықтықтағы есептеусіз салу үшін тағайындалады.

Артаның 1 см-ге сәйкес келетін жергілікті жердегі метр немесе километрдегі қашықтық масштаб шамасы деп аталады.

Естеріңде болсын! Егер сандық масштабтың бөлімінде екі соңғы нөлді сызып тастасақ, онда қалған сандар 1 см-ге неше метр сәйкес болатынын, яғни масштаб шамасын көрсетеді. Мысалы, 1:25000 масштабты карта картаның 1 см-не жердің 250 м шамасына сәйкес келеді.
4.Тақырып. Карта бойынша қашықтықты өлшеу
1. Карта бойынша қашықтықты өлшеу.

2. Маршрут ұзындығын өлшеу.

3. Географиялық координаттар жүйесі.

4. Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі.
1. Карта бойынша қашықтықты өлшеу

Өлшеуіш – циркульмен өлшеу. Циркульді өзінен сәл еңістеу ұстап, оның иелері өлшейтін кесіндінің шеткі нүктелеріне қойылады, циркульдің адымын өзгертпей, оны сызықтық масштапқа қойып, сол аяғы нөлдің оң жағынан, бөлулердің бірінде дәл тұруы тиіс, сонан соң ізделінетін қашықтық неше метрге немесе километрге сәйкес келетіні жазылу бойынша есептелінеді.

Картаның сызықтық масштабына сыймайтын ұзын сызықтар бөлшектеніп өлшенеді. Қисық сызықтағы қашықтық циркуль адымымен (кішігірім адыммен) өлшенеді. Әдетте, циркуль адымының ұзындығы 1 немесе 0,5 см-ге тең.

2.Маршрут ұзындығын өлшеу

Картада маршрут ұзындығын, әдетте, курвиметрмен өлшейді. Қалыпты курвиметрде карта бойынша қашықтықты өлшеу үшін екі шкала болады: бір жағынан – метрлік (0-ден 100 см-ге дейін),екінші жағынан - дюймдік (0-ден 39,4 дюймге дейін). Бұлш аспаптың төменгі жағындағы йналдыру дөңгелекшесі тісті берілістер жүйесі арқылы меңзермен жалғанған. Картадағы сызық ұзындығын өлшеу үшін алдымен дөңгелекшені айналдыра отырып меңзерді шкаланың бастапқы(нөлдік) бөлініске қойып, дөңгелекшені өлшенетін сызық бойымен сырғанату керек. Курвиметр шкаласы бойынша алынған санды карта масштабының шамасына көбейту керек.

Курвиметр жұмысының дұрыстығын сызықтың белгілі ұзындығын, мысалы, картадағы километрлік тор сызықтарының арақашықтығы өлшеу жолымен тексереді. 50 см ұзындықты өлшеу кезінде курвиметрдің қателігі 0,25 см-ден аспайды. Маршрут ұзындығы өлшеуіш циркульмен де өлшен алады.

Карта бойынша өлшенген маршрут ұзындығы нақтылы ұзындықтан біршама қысқа болады, өйткені картаны, әсіресе ұсақ масштабты картаны құрастырғанда, жолдар түзуленеді. Таулы-жоталы жерлерде сонымен бірге маршруттық горизонталь жүргізу мен оның шынайы ұзындығының арасында өрлер мен еңістерге байланысты елеулі айырмашылықтар болды. Осыған байланысты карта бойынша өлшенген маршрутқа түзетулер енгізген жөн. Түзету коэфиценттері жергілікті жерлердің әр түрлі типі мен карта масштабтары үшін бірдей емес.

Әр түрлі типті жергілікті жерлер мен карта масштабтары үшін түзету коэффиценттері


Жергілікті жердің сипаты

Карта масштабы үшін түзету коэффиценті

1: 50 000

1: 100 000

1: 200 000

1: 500 000

Жазық

1,0

1,0

1,05

1,05

Жоталы

1,05

1,10

1,15

1,20

Таулы

1,15

1,20

1,25

1,30


Кестеде көрсетілгендей, жоталы және таулы жерлердің карта бойынша өлшенуі мен шынайы қашықтығының айырмашылығы айтарлықтай үлкен. Мысалы: 1 : 100 000 масштабты картада тулы аудан маршрутының ұзындығы 150 км-ге тең, ал оның шынайы ұзындығы 150 x 1,20 = 180 км-ге тең.

Маршрут ұзндығына түзетуді, циркульдің «адымын» түзету коэфицент-терін ескере отырып алып, карта бойынша өлшеуіш циркуль мен өлшеу кезінде тікелей енгізуге болады.

Қағаз жолағы көмегімен өлшеу үшін – оның тегістеу шетін картадағы нүктелер арасындағы анықталатын қашықтықпен беттестіріп, оларға қарама-қарсы қағаз жолағында жіңішке сызықтармен белгілер жасайды. Осы белгілер арасындағы кесіндіні сызықтық мастабқа қойып, қашықтықта есептейді.

Егер сызғыш пайдаланылса, онда оның көмегімен картадағы нүктелер арасындағы қашықтықты сантиметрмен (миллиметрмен) өлшейді, сонан соң алынған мән масштаб шамасына көбейтіледі.

Картадағы сызықты өлшеудің нақты дәлдігі (өлшеу нақтылығы, картаның қателігі, қағаздың деформациясы) 0,5 – 1мм арасында ауытқиды, ол жергілікті жердің 1 : 10000 масштабы үшін 5 – 10 м, 1: 25000 масштабы үшін 12-25-м, 1:50000 масштабы үшін 25-50м қашықтыққа сәйкес келеді.

3. Географиялық координаттар жүйесі.

Топографияда географиялық және жазық тікбұрышты координаттар кеңінен қолданылады. Бұл координаттар жүйесі жұмыс істеуде өте ыңғайлы; олар арқылы объектілердің тікелей жергілікті жерде картада қалай орналасуы, сондай-ақ оңай анықталады.

Географиялық координаттар дегеніміз – жер бетіндегі кез келген нүктенің экватор жазықтығы мен меридиан жазықтығына қатысты орнын анықтайтын бұрыштық шамалар (бойлық пен ендік).

Топографиялық карталарда меридиандар мен параллельдердің сызықтары карта бетінң ішкі жақтаулары қызметін атқарады. Карта бетінің ішкі жақтауының бұрыштарында оның қабырғаларын құрйтын меридиандардың бойлылығы мен параллельдердің ендігі жазылады.

Сыртқы және ішкі жақтаулардың арасында минуттық жақтау беріліп, ол кесінділерге бөлінген, кесінділер сәйкестігі бір минутқа тең карталар масштабы 1 : 10 000 – 1 : 100 000 карталар үшін бір минутқа сәйкес келеді. Әрбір минуттық кесінділер нүктелермен алты теңдей бөлікке бөлшектенген (бір бөлігі 10,, сәйкес). Топографиялық картаның ішінде меридиандар мен параллельдер жүргізілмейді. Сондықтан да ендік нүктелермен анықтау үшін, ол арқылы параллель жүргізу қажет, яғни шығыс және батыс жақтарындағы минуттық шкаласында бір атаулы бөлшектерді біріктіретін түзу, сонан соң осы шкалалардың біреуі бойынша ендікті есептейді. Бұл кезде парақ бойына параллель жүргізу қажет емес, тек ендік есептеуі жүргізілетін минут шкаласымен қиылысу нүктесін қысқа штрихтармен белгілеп шығу қажет. Бойлық нүктесі де осыған ұқсас анықталады, бұл кезде жақтаудың солтүстік және оңтүстік жақтарындағы минут шкалаларын пайдаланады.

Географиялық кординаттар бойынша картаға нүктелер түсіру үшін кері есепті шығарады. Жақтаудың батыс және шығыс жақтарында ендік нүктелеріе сызықшаларымен, солтүстік және оңтүстік жақтарын – бойлықпен белгіліейд, алынған қарама-қарсы таңбалар арқылы түзу сызықтар жүргізіледі. Осы сызықтардың қиылысуы ізделінетін нүктенің орнын анықтайды.

4. Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі.

Жазық тікбұрышты координаттар жазықтықтағы координаталар осіне қатысты нүктенің орнын анықтайтын сызықтық шаманы білдіреді.

Топографияда жазық тікбұрышты кординаттар жүйесі төмендегідей түрде салынған. Жер шарының беті алты градустық аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады. Олардың есебі Гринвич меридианынан шығысқа қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.

Абсцисса осі х (тік ось) ретінде әрбір аймақта осьтік меридианның бейнесі, ал ордината осі у (горизонтальды ось) – ретінде экватор бейнесі қабылданады. Олардың қиылысуы – 0, координат басы.

ТМД елдері үшін х абсциссалары оң шаманы, ал у ординатасы – оң да, теріс те шамада болады. Ординатаның теріс шамасын жою үшін әрбір аймақтың меридиандағы осьтік у ордината шамасын 500 км-ге тең деп қабылданған, яғни х осі батысқа 500 км-ге ауысады. Сондықтан да у координаты 500 км-ден артық барлық нүктелер, у координаты осьтік меридианннан шығысқа қарай, ал шамасы 500 км-ден кішісі батысқа қарай орналасқан.

Әрбір аймақта тік және көлденең сызықтарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғашқысы х осіне, екіншісі у осіне параллель. Бұл тор тікбұрышты координаттық тор деп аталады, картада ол квадраттар жүйесімен көрсетіледі. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені сызықтар тұтастай километрлер саны арқылы жүргізіледі.

Километрлік тор салынған алты градустық аймақ картаның жеке парақтары түріндегі бөлімдерге бөлінеді. Картаның әрбір парағы барлық аймақ үшін бірдей кординаталық торлар бөлімдерімен жабылған.

Жақтау сыртына шыға берісте шақырымды тор сызықтарында абсцисса мен ординаталарының шамасы жазылады. Жақтау бұрыштарына таяу координата сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (соңғы екі саны) жазылады.

Шақырымдық тор карта бойынша нүктелердің координатын анықтауға және белгілі координаттар бойынш объектілерді салуға, дирекциондық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ объектілірді көрсету немесе табу үшін қолданылады. Сонымен бірге, «көз мөлшерімен» қашықтықты және ауданды бағалауға көмектеседі.

Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету.

Квадраттық оңтүстік-батыс (сол жақ төменгі) бұрышының пункт орналасқан қысқартылған координаттарын атау керек, алдымен х координаты, ол сонан соң у координатасы аталады. Мысалы, егер 235,0 белгісімен биіктіктің орналасу орнын көрсетк керек болса, «Квадрат жиырма бір он жеті, биіктік – 235,0» деп айтылуы тиіс.

Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Масштаб көмегімен берілген нүктеде ол орналасқан квадраттың көлденең жағының сол жақтағы (батыстағы) тік және төменгі (оңтүстіктегі) нүктесіне дейінгі қашықтық метрмен (перпендикуляр бойынша) өлшенеді. х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына дейінге тұтас шақырымдық мән мен сол жақтан нүктеге дейінгі өлшенген қашықтықтың қосындысынан тұрады, ал у мәні – тік сызықтың сандық мәні мен сол сызықтың нүктеге дейінгі метр санынан тұрады.

Картаға нүктені түсіру. Нүкте орналасуы тиіс кординаттар бойынша квадрат анықталады. Табылған квадраттың оңтүстік сызығының бүйір жақтарынан карта масштабына кесінді салынады. Ол квадраттың төменгі жағы мен х нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа квадраттың батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол квадраттың сол жағы мен У нүктесінің айырымы сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.
5-тақырып. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау.

1. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу.

2. Дирекциондық бұрышты өлшеу.

3. Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлау.

4. Шартты белгілер

5. Картада горизонтальдар негізгі қима белгілері.
1. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау.

Ам магнитті азимут – магнитті меридианның сағат тілі бағытымен солға бағытталуынан есептелетін көлденең (горизонтальды) бұрыш.

α дирекциондық бұрышы – берілген нүкте арқылы өтетін бағыт пен абцисса осінің сағат тілі бағытымен сол жақ бағытқа қарай есептелетін абсцисса осіне параллель сызықтың арасындағы бұрыш.

Жоғарыда берілген бұрыштардың бәрі де 0º - ден 360º - қа дейінгі мәнге ие болуы мүмкін.

2. Дирекциондық бұрышты өлшеу. Картада жергілікті затқа бағыт сызығы жүргізіледі. Бастапқы пункті жақын жерінен жүргізілген сызықтың кординаттық торы тік сызықтарының бірімен қиылысқан нүктесін алады және оны транспортир ортасына, ал оның сызғышының шетін (0-180 градус сызығы) тік ызықпен беттестіреді. Транспортир шкаласымен шқырымдық сызықтың солтүстік бағытына анықталатын бағытқа дейінгі бұрыш сағат тілінің бағытымен есептеледі. 180 градустан астам бұрыштар кезінде тордың батыс бағытынан есептеледі және алынған мәнге 180 градус қосады.

Дирекциондық бұрыш бойынша бағытты картаға түсіру. Бастапқы нүкте арқылы параллель тік тор сызығына түзу сызық жүргізу керек. Осы сызыққа ортасы бастапқы нүктемен беттесетіндей етіп транспортирді қояды. Ал шкаласы оңға бағыталған бұрыштар кезінде 180 градусқа дейін және солға 180 градустан көбірек болуы тиіс. Тронспортирдегі өлшемге қарсы, дирекциондық бұрышқа сәйкес картада белгі жасайды. Ол бастапқы нүктемен түзуді біріктіреді.

Ақиқат азимутты картамен өлшеуге болады. Бірақ оны дирекциондық бұрыш арқылы, меридиандардың гамма жақындауымен А формуласы бойынша есептеп шығару жеңілдеу болып табылады: А =α + ( +-).

Топографиялық карталардағы торлардың тік сызығы ақиқат меридиан-дар бағытымен сәйкес келмейді және меридиандар жақындасуы деп аталатын бұрыш жасайды. Егер вертикальды сызық торының солтүстік ұшы ақиқат меридианынан шығысқа ауытқыса, онда меридиандардың жақындасуы шығыстық ("+" белгісімен), қарама-қарсы жаққа ауытқуы – батыстық (''-'' белгісімен ) болып саналады.

Дирекциондық бұрыш магнитті азимутта мына формула бойынша Ам = α – (+-Бт) қайта есептелінеді, мұнда Бт – бағыттың түзетілуі немесе магнит нұсқараның ауытқуы, яғни координаттық тор тік сызығының солтүстік бағытымене арасындағы бұрыш және магниттік меридиан бағытымен түзету магниттік бұрылудың және меридиандардың жақындасуының белгілерімен алынған: Бт = (+-δ) - (+-γ) айырымы ретінде анықталады.

Бағыт түзетілуінің көлемі және оның көлемдерін қосатындар карта парағы сыртындағы жақтаудың төменгі сол жақ бұрышында сызба және түсіндірме мәтін түрінде орналастырылады.

3. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу. Топографиялық карталар жергілікті жер бейнелеуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олордың пішінін, мөлшерін ,биіктік жағдайын және басқа көптеген сандық және сапалық сипаттамаларын көрнекілік түрінде бере алады.

Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді. Топографиялық, картаның шартты белгілері-бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі.Олардың көмегімен картада жергілікті жер объектілерінің орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық және сандық сипаттамалары беріледі.

Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрлі мастшабтағы карталарда өз сызбасы бойынша бірдей болады және тек мөлшерімен ғана өзгешеленеді.

Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болғандықтан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал басқалары жалпылай бейнеленеді.

4. Шартты белгілер – карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны оқуға үйрену, демек, ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес. Шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып бөлінеді.

Масштабты шартты белгілер аталған карта масштабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшін қызмет етеді. Масштабты шартты белгілер контурлы және сызықты болып бөлінеді.

Контурлы белгілер аталған объектінің шекарасын белгілеуден және объектінің сапалық сипатын бейнелейтін қосымша белгілері бар ауданын бір түсті белгілеуден (штрихтеу, түсті бояу) тұрады. Сызықтық шартты белгілер картада сызықтық сипаттағы – жолдар, шекаралар, байланыс желілері, құбыр өту жолдары, т.б. жергілікті заттарды бейнелеу үшін пайдаланады. Бұл белгілер масштабта объектілердің тек ұзындығы мен формасын бере алады.

Масштабтан тыс шартты белгілермен карта масштабында айқындалмайтын ұсақ жергілікті заттар бейнеленеді. Шартты белгілерді зерделегенде мынаны есте сақтау керек: жергілікті жердің бір объектісі ірі масштабты картада масштабты шартты белгімен, ал ұсақ масштабты картада – масштабтан тыс шартты белгімен бейнелеуі мүмкін.

Түсіндірмелі шартты белгілер жергілікті жер объектілерінің қосымша сипаттамасы үшін қолданылады.

Картада шартты белгілермен бірге толық, қысқартылған жазулар, сондай-ақ графикалық бейнелеуге болмайтын объектілердің сандық сипаттамалары, елді мекендер , өзендер, көлдер, таулар, сайлар және т.б . объектілер жеке атауларының жазулары да беріледі.

Көрнекілікті айқындау, оқуды жеңілдету және картаның мазмұнын байыту үшін жергілікті заттар мен бедерлер картада қандай да бір дәрежеде олардың табиғи түсін еске саланытындай етіп түрлі бояулармен басылады. Мысалы, жасыл бояумен орман, бұталар, бақшалар, саябақтар, көк бояумен теңіздер, өзендер, көлдер және гидрографияның басқа объектілері, қарамен- жекеленген жергілікті заттардың шартты белгілері, сандық сипаттамалар және жазулардың көпшілігі, жолдар, сарымен-жақсартылған топырақты жолдар төсемі, қызғылт сары- тас жол төсемі, қызғылт сары- тас жол төсемі, қоңырмен- жер бедері бейнеленеді.

Картаны оқи білу- барлық шартты көрсеткіштердің картадағы мәні мен мазмұнын жақсы түсіну.

ТМД-да топографиялық карталар Балтық биіктігі жүйесінде жасалынады. Яғни бұл биіктікті санау алдында Балтық теңізінің орта деңгейі алынады (кронштадттық су өлшеу постының нөлдік белгісі). Теңіз деңгейінен қарағанда жер беті нүктелерінің биіктігі абсалюттік биіктік деп аталады, олар күрделі геодезиялық және топографиялық жұмыстар нәтижесінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет