Сауатты жазуға үйрету жолдары,жүргізілетін жұмыстар



бет1/2
Дата23.11.2023
өлшемі26.8 Kb.
#484215
түріСабақ
  1   2
f603eff7d82f930


Сауатты жазуға үйрету жолдары,жүргізілетін жұмыстар


Сабақ1

Бастауыш сыныпта оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.Оқушылардың таза көркем жазуын қалыптастыру жазудың әдемі болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге , әсемдік сезімін оятуға, ой-өрісін дамытуға мейілінше әсер етеді. Таза, әдемі жазылған жазба жұмыстары оңай әрі тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар сырттай қарағанда да сүйсіндіреді. Көркем жазу оқушыны ұқыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбек сүйгіштікке баулып,адамгершілік, эстетикалық тәрбие алуға құлшындырады.Каллиграфия- оқушының орфографиялық қателер жібермей жазуын қамтамасыз етудің сенімді құралы.Көркем жазудың негізі бастауыш сыныпта қалыптасады.Көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен дайындық жұмысын жүргізу керек.Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға,дәптерді көлбеу қойып жазуға,қаламды дұрыс ұстауға дағдыландыру қажет. Бұл талаптарды орындау мектепке жаңа келген оқушылар үшін оңайға түспейді.Әсіресе,мектепке алғаш келген оқушылар дұрыс отыру ережесін орындауға бірден төселіп кете алмайды. Баланың еркін қозғалып,жиі қимыл жасап отыруы табиғи қажеттілік екені белгілі. Сондықтан мұғалім жазу барысында біршама уақыт өткен соң, сергіту сәттерін өткізіп тұруы тиіс.
Әліппе кезеңіндегі орындалатын жазу жұмыстарының түрлері сан алуан. Бірақ олардың қай-қайсысында да қойылатын негізгі талап оқушыларды сөз ішінде әріп орнын ауыстырмай, әрі әріп тастамай дұрыс жаза білуге дағдыландырады. Жазатын әр сөздің мағынасы түсінікті, әріп саны аз, бұрыннан таныс әріптер болуы шарт.Оқушыларды жазуға үйретуде жеке әріптерді дұрыс жазуға және оларды өзара дұрыс қосып жаза білуге, әрбір әріптің элементтерін дұрыс жазуға үйрету арқылы оқушыларды жазу жұмысына өте мұқият қарауға дағдыландыру керек. Сауат ашудың алғашқы кезеңдерінде екі-үш сөзден құралған сөйлемді көшіртіп жаздыру жеткілікті. Бұл кезеңде оқушыларды есту арқылы жазуға төселдірудің маңызы ерекше.Егер оқушыларды біркелкі көшіріп жазуға ғана дағдыландырып, есту арқылы жазуға үйретпесек олардың дыбыстарды есту қабілетін дамыта алмаймыз.Сондықтан әліппе кезеңінде диктанттардың бірнеше түрлерін орындатып, әріп диктантын, буын диктантын,сөз диктантын алып отыру өте маңызды.Жеке әріпті жазудан бұрын сөзді дыбысқа, буынға бөлгізу қолайлы.Сауат ашу мен жазу кезінде суреттермен бірге сол тақырып бойынша буынға бөлініп жазылып көрсетілген сөздер берілген көрнекіліктерді пайдаланған дұрыс.Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.


Сабақ 2

1.Жазуға үйрету, партаға отыру, қаламды, дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады.Жазу кезінде жарық баланың сол жағынан түсу керек.


2.Жазу дәптерде әліппеге дейінгі кезеңде баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп, дайындау үшін тапсырмалар берілген, сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.Жазу дәптермен толық танысқаннан кейін оны партаның, үстелдің үстіне 30 градус бұрыш жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлу.
4.Әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.
5. Жазу кезінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі ескертіліп, отырған жағдайда ғана баланың жазуы жақсы,әдемі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет