«Әскери – инженерлік дайындық, Әскери топография, басқару және байланыс» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі428.5 Kb.
#141817
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындғы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық ілімдері мен әдістемелері кафедрасы

«ӘСКЕРИ – ИНЖЕНЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ, ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ, БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС » ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«5В010400- Бастапқы әскери дайындық»

мамандығына

Семей 2014

Құрастырушы: Ибраев Б.М. – аға оқытушы

Бастапқы әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысы міндеттерін орындауға студенттерді арнайы дайындайтын негізгі пәндердің бірі «Әскери – инженерлік дайындық, Әскери топография, басқару және байланыс». Аталған пән бойынша студенттер оқу жоспарында көрсетілген мерзім бойынша емтихан тапсырады.

Студентер бастапқы әскери дайындығынан сабақты сапалы өткізу үшін және оқушыларды жергілікті жерді зерделену тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау. ҚР МЖМБС-2006 сәйкес келеді, міндетті компоненттер пәндер тізіміне кіреді.

Аталған пәнді оқу барысында студенттер мынаны білу керек: жергілікті жерде картасыз бағдарлану, топографиялық элементтерді, бағдарлану туралы жалпы түсінік, көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері, азимут бойынша қозғалыс, топографиялық картамен жұмыс, карта бойынша қашықтықты өлшеу, әр түрлі типті жергілікті жерлер мен карта масштабтары үшін түзету коэффиценттерін, географиялық координаталар жүйесін, жазық тікбұрышты координаталар жүйесі, азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау, топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу, жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалысты.


1. ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ – SYLLABUS


    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Ибраев Болатқали Мұқанұлы, байланыс телефоны:

жұмыс 63-33-39

Кафедрада 08.00 – 17.00 дейін.
1.2 Пән туралы мәлімет:

Бастапқы әскери дайындық негіздері

Барлығы 3 кредит

Өткізу орны –3 ғимарат 240 аудитория




Оқу түрі

Курс

Семестр

Несие-лер

Дәр-іс

Се

минар


СОӨЖ

СӨЖ

Бар-лығы


Бақылау

түрі


Күндізгі

3

5

3

15

30

22,5

67,5

135

емтихан


1.3 Пререквизиттері:

Жоғары оқу орнының 3 курс студенттері пәнді бастамай тұрып студенттер 1-2-курста бастапқы әскери дайындық негіздері, тактикалық дайындық, атыс дайындығы,ҚРҚК жалпы әскери жарғылары, саптық дайындық пәндерінің білім көлемінде берілген курсқа дейін жалпы түсініктемені білуге тиіс.


1.4 Постреквизиттері:

«Әскери – инженерлік дайындық, Әскери топография, басқару және байланыс» курсын оқып болғаннан кейін алынған білімдері педагогикалық қызметттерінде, Бастапқы әскери дайындық сабақтарының орта мектептерінде өткізуде, сондай-ақ келешекте, Оқпен атыс, Әскери заңдылық, Тактикалық дайындық, Әскери педагогика және психология негіздері пәндерін оқуда, Сондай-ақ әскери соғыс өнері пәнін терең түсінуде бұл пән көп көмектеседі.




1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

БӘД бакалаврын дайындау кезінде– «Әскери – инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс» Бастапқы әскери дайындығы оқытушы-ұйымдастырушысы мамандағы бойынша студентерді дайындаудың бірден бір негізгі пәні - студенттерді бастапқы әскери дайындық бакалавры академиялық дәрежесіне дайындау кезінде әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс міндетті компонент болып табылады.

Курсты оқу барысында студенттер мынаны білулері керек: әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс, инженерлік құрылымдардың атқаратын қызметі техникалық-тактикалық сипаттары; әскери топографияда қолданылатын топографиялық карта және құралдармен жұмыс істеу тәртібі. Ұлдарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметіне дайындау кезінде бастапқы әскери дайындық бакалаврының өз міндеттерін табысты орындауы үшін қажетті осы циклдің жағдайы.

Мынаны білулері керек: фортификациялық құрылымдарды құру, инженерлік бөгеттерді дұрыс қолдана білу; топографиялық картамен білікті жұмыс істеу, жергілікті жерде картасыз бағдар алу; бұйрық беру тәсілдерін жетік меңгеру, байланыс құралдарымен сапалы келіссөздер жүргізу; оқылатын пән көлемінде Бастапқы әскери дайындық бойынша сапалы сабақ өткізу.

Студенттерді Бастапқа әскери оқыту бағдарламасымен теориялық, практикалық сабақтарды өткізу қарастырылған. Практикалық сабақтарда әскери құрылымдарды, инженерлік бөгеттерді, жаяу әскерге, танкіге қарсы миналарды, топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу, байланыс құралдарын қолдану, қол гранаталарының және т.б. қарулардың материалдық бөліктерін меңгеру үшін, сонымен бірге адам ату тәсілдерін, оны сақтау мен күтуді игеру үшін ұйымдастырылады.

«Әскери – инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс» сабақтарында оқытудың келесі түрдегі негізгі әдістері қолданылады: әңгіме, түсіндіру, сөйлесу, көрсету, жаттығу және атыс жүргізу. Әдістерді таңдау сабақтың түрі мен тақырыптарына байланысты.

Бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістерінің және белсенді, алғы түрлері; бастапқы әскер дайындығы оқытушысының міндеттері және құқықтары; оқушылардың Бастапқы әскери дайындық бағдарламасын меңгеруін бағалауға қойылатын талаптар және оқу орынының бастапқы әскери және дене дайындығы жағдайы;. Оның барысында мұғалім оқушылардың сұрақтарды қалай меңгергенін немесе жаттығулар әдісі арқылы, яғни инженерлік бөгеттерді, оқу миналарын практикалык әрекеттер жасау, мысалы, миналарды бөлшектеу мен жинақтау және т.б.

Мұғалім тақырыптық материалдарың оқып-үйретуде, практикалық жұмыстарын жоспарлау және әдістемелік материалдарын дайындау кезінде оларды негізге алуы керек. Әрбір тақырып бойынша оқу және тәрбие мақсаттарын анықтау кезінде, оқушылардың түрлі деңгейлік дайындықта екенін есте сақтау қажет.



Курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Берілген пән әскери пәндер бойынша сабақтарды өткізу түрі мен әдістері жөнінде жазғы-лагерлік жиындарды, әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу жайлы орта білім беру мекемелерінде Бастапқы әскери дайындығы бойынша осы тақырыпқа сәикес әскери құрылымдарды, инженерлік бөгеттер жасау, жаяу әскерге, танкіге қарсы миналардың құрылысын жоғарғы деңгейде оқып білулері керек.

Осыған сәйкес, берілген пәнді оқыту мынадай түрде: теориялық сабақтар (әдісі-дәріс), семинар сабақтары (әдісі-сұрау), дифференцияландырылған тестілеу,практикалық сабақтар (көрсету сабақтары әдісімен, яғни мұнда студенттер өз курсындағы, кіші курстардағы топтарда өз бетімен сабақтар өткізеді).

Көп жылдық педагогикалық тәжірибе оқытудың табысы көп жағдайда сабақ жүргізудің түрі мен әдістерін дұрыс пайдалануда екенін көрсетеді. Сыныптық сабақтан басқа сондай-ақ экскурсия, Азаматтық қорғаныс ардагерлерімен кездесулер секілді оқыту түрлері қолданылуы мүмкін. Мысалы: жаттығу әдісі оқушылардың белгілі бір тәсілді және әрекеттерді өздерінде керекті дағды мен біліктілікті меңгеру мақсатында сапалы түрде көп рет қайталауы. Оқытылған материалды меңгерту үшін оқытудың түрлерін және оқыту әдістерін пайдаланудың маңызы зор.

«Әскери-инженерлік дайындық» циклін оқуда студенттер инженерлік мина, мина аландарын дайындау, миналық жарылатын бөгеттерді барлау және фортификациялық құрылымдар құрудан білім алады.

Әскери топография бойынша көкжиек тұстарын анықтай біліп, карта бойынша бағдарлай білуі керек.

Техникалық дайындық циклі оқытылуы және оқылуы осы курстың мазмұнында ұйымдастырылады және негізделеді.

Курсты оқу процесі мынадай түрде өткізіледі:

-теориялық сабақ (дәріс әдісімен);

-семинарлық сабақтар (сұрау,дифференциялды тестілеу әдісімен);

-практикалық сабақтар (оқытушының көрсету және студенттің әрекетті практикалық орындау тәсілімен);

ұсынылған әдебиеттерді тереңдетіп оқу мақсатымен студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ).



Курсты зерттеу барысында студенттерге қойылатын талаптар:

Студент зерттеу циклінде:

- жоғары оқу орындарының бастапқы әскери дайындық –студенттеріне арналған негізгі оқу құралдарын пайдалана отырып, дәрістік материальдарды оқу негізінде курстық теориялық сұрақтарын зерттеуге;

-алған білімін ғылыми және мерзімдік баспаларда жарияланған материалымен көмегімен жетілдіріп отыруға;



  • алған білімдері бақылау жұмыстары тесттер көмегімен тексеру;

- Қазақстан Республикасының Бастапқы әскери дайындық мамандығы туралы заңы мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларын білу және зерттеу.

- Студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Қатыспаған сабақтар оқу-әдістемелік кешен көлемінде қарастырылған талаптарға сәйкес тапсырылады. Студент сабақтан кешікпей келуге, оқыту процесіне белсенді қатысуға міндетті



1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
Негізгі әдебиеттер:


  1. Учебник «Начальная Военная Подготовка»,Москва 1981год.

  2. «Подготовка офицеров запаса Сухапутных войск»Военное издательство 1989 год.

  3. «Атлас офицера», Москва , Военно—Топографическое Управление

  4. 4.«инженерное обеспечение»,Калибернов М., 1984 год.

  5. «Карта офицера», И.Д. Помбрик Н.А. шевченко.1985 год.

  6. «Проведение занятий по НВП» М.П. Брысин ,К.М.Калинин, 1990 год.

  7. Учебник «Начальная Военная подготовка 10-11 классы»Алматы 2002 год.

  8. «Методика НВП» ,И.Г. Назимка, Ф.С. Штыкало

  9. «Учебное пособиепо военно технической подготовки для студентов, обучающихся на Военной кафедре Карагандинского Металлургического Института», Н.В.Серов, 1999 год, Части 1-2.


Қосымша әдебиеттер:
1. Алғашқы әскери дайындық Аманжолов А.А 2006 ж

2. Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылар

талаптарын енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі Алматы 2000ж

3. Каргин С.Т., Дошаков С.Х. Бастапқы әскери дайындық негіздері. – Қарағанды, 2002.

4. Проведение занятий по начальной военной подготовке. П.М.Брысин, М.П.Калинин

5. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы 2007 ж

6. Азаматтарды әскери қызметтке шақыруды ұйымдастыру және өткеру ережесін бекіту туралы 2006 ж

7. Аманжолов А.А Алғашқы әскери дайындық 2003 ж

8. Жақсыгельдинов М.Т. Бастапқы әскери дайындық 2003ж

9. Қазақстан Республикасы даму стратегиялық бағдарламасы «Қазақстан-2030»


1.8 Баға туралы ақпараттар білім бағасы:
Ағымдық бақылау:

- Дәріс және практикалық сабақтарға қатысу;

- Дәріс және практикалық сабақтарға конспект жазу;

- Практикалық сабаққа белсенді қатысу;

Аралық бақылау:

- СОӨЖ орындау (әдістер жасау, кесте толтыру т.б.)

Үй тапсырмасы:


    • Таңдаған тақырыпта реферат жазу;

    • Таңдаған тақырып бойынша қысқаша баяндама жасау.


рейтинг шкаласы.

Бақылау түрі

Балдар

Ағымдық бақылау

20

10

Аралық бақылау

30

20

Үй жұмысы

10

30

Қорытынды бақылау

40

40

Барлығы:

100

100


Білім бағалау критериялары


%-тік тақырыптар

критериялар

0 - 49

Жоспар бойынша сабақ тақырыптарын толық білмейді. Көп қателіктер жібереді.

50 - 74

Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Жоспар бойынша сабақ тақырыбын және мағанасын терең түсінбеуі. Алған білімінен қорытынды шығара алмайды.

75 – 89

Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тақырып мазмұнын түсініп, дұрыс талқылайды. Өз ойына қорытынды жасап, түсінгенін жеткізе біледі.

90 – 100

Жауабы толық дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақырыпты жақсы талқылайды, өз ойына қортынды жасап, алған білімін дұрыс жеткізе алады. Барлық сұрақтарға дұрыс толық жауап береді.


1.9 Курстың саясатымен процедурасы:

Студенттер міндеті сабақтарға үзбей қатысу, пән бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес орындау және әдебиетпен кітапхана мен интернет-залында өзіндік жұмыстар орындау.

Сабаққа кешігу, келмеу және аудиторияда басқа адамдардың білім алуына кедергі келтіретін жүріс-тұрыс үшін жауапкершілік «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ішкі ережелерімен» анықталады. Студенттің өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға келмеу жағдайлары ҚарМУ-дың оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.

Зерттеу барысында студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:




1.

Мерзімінде рефераттың дайын болмауы

5 балл шегеріледі.

2.

Мерзімінде қосымша баяндаманың болмауы

2 балл шегеріледі

3.

СОӨЖ болмауы

Сабақ тақырыбына сәйкес балдар шегеріледі

4.

Аралық бақылауда болмауы

8 балл шегеріледі.

5.

Сабаққа кешігулер, сабаққа қатыспаулар

Ағымдық бақылаудан балдар шегеріледі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет