81
білім беру үдерісіне қатысты ойлау тәсілі. Жүйелілік тұғырдағы білім мақсаты -
бастауыш білім беру үдерісіндегі пәнаралық байланысты жүзеге асыру,
педагогикалық
зерттеу субъектілері - мұғалім, оқушы; компоненттер
құрылымына
- пәнаралық байланыс, қатысымдық орта,
танымдық іс-әрекет,
мотив жатады. Жалпы, бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруда жүйелілік тұғырдың алатын орны ерекше. Себебі
бұл жерде, біздің ойымызша бірнеше жүйе бар. Атап айтсақ оқушының өзі:
физиологиялық, психологиялық т.б. ішкі құрылымдардан тұратын жүйе, ал
білім беру де реттілікті, тәртіпті, кезеңділікті сақтауды талап ететін тұтас жүйе.
Бұл ретте ішкі жүйе мен тұтас жүйенің бір-бірімен байланысын ретке келтіріп,
пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағыттау
зерттеу нысанасына алып отырған мәселені шешуді
нәтижелі ететіндігіне
көзіміз жетеді. Жүйелілік тұғыр пәнаралық байланыстарды реттеуде пәнаралық
ортақ ұғымдарды біріктіруге, құрылым жағынан
сәйкес келетін пәндерді
кіріктіруге бағыт береді, ондағы құбылысты
келесі интегративті тұғыр
байланыста дамытады [158].
Достарыңызбен бөлісу: