Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет36/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
dissertation

Ойын әдісі. Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде ойын 
түрінде ұйымдастыру жақсы нәтиже береді, ойын әдісі жөнінде (Б.П. Никитин, 
З. Фрейд, К.Гросс, Л.С.Рубинштейн т.б.) ғалымдардың ой-пікірлері бір идеяға, 
оның пайдалығы мен тиімділігіне, яғни бір арнаға тоғысады. 
Ойын әдісін қолданғанда А. Байтұрсынұлының «баланы ойынға үйрету, 
ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар 
айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасын басшылыққа 
алынады. Өйткені ойын – үйретудің ерекше түрі. Ойын үйренуді мәжбүр 
етпейді, баланың әрекеті өз еркімен, ынтасымен орындалады да, ойын 
барысында оқушының бәрі бірдей, «жақсы оқушы» немесе «нашар оқушы» деп 
бөлінбейді, бір-бірімен ойнау арқылы белсенді әрекет барысында тапсырманы 
тез және нәтижиелі орындауға әрекеттенеді. 


77 
Мәтінді үйретуде ойын мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі: 
біріншіден, оқушы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрену барысында 
мақсатқа жетуге деген эмоциялық қатынасын, ықыласын арттырады; екіншіден, 
ойынның шартын, түрін, тәсілін жүргізілу кезеңін және оны жүргізу барысында 
дұрыс сөйлеу, өз ойын байланыстырып жазуға, логикалық және 
шығармашылық мүмкіншілігін ашуға көмектеседі; үшіншіден, ойынды 
сабақтың талдау, бекіту, қайталау кезеңдерінде жүйелі түрде қолдану 
оқушының жазбаша сөйлеу қабілетін қалыптастырып, мәтін құрау шеберлігін 
ұштауға жағдай жасайды. 
9-тапсырма. Қалай ойлайсыңдар, экономикадағы бағаның көтерілуі біздің 
отбасы бюджетімізге әсер ете ме? деген мәселелік сұрақ қоя отырып, оқушыға 
экономикаға қатысты жеке ұғымдарды қолдана отырып, өз ойын жазуға кеңес 
беріледі [58,б. 112]. 
Жаттығу әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушының алған білімін тәжірибеде 
колданып, білімін тереңдетіп, шығармашылық қабілеті дамытылады. Мәтін 
жайлы ұғымды меңгергеннен кейін мәтін құруға байланысты қарапайым және 
күрделі жаттығу жұмыстары беріледі. Жаттығу әдісі арқылы оқушының мәтін 
құрау дағдысын қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде 
мұғалім мәтін белгілерін танытады; екінші кезеңде оқушы алған білімін 
тәжірибеде үлгі-нұсқау бойынша пайдаланады; үшінші кезеңде оқушының 
мәтін құру дағдысын өз бетімен қолдана білуі, яғни шығармашылығы іске 
асады. Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуі, өзіндік ой 
толғанысы ескеріледі. Мысалы мынадай тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі 
[145,б. 65]. 
10-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді байланыстыратын «ал», «алдымен», 
«сонан соң», «акырында» деген сөздерді орнына қойып жазыңдар. 
Жылан дегенің жердегі емес, -талдың ұшар басына салған ұядағы 
жұмыртқаны да қоймайды. … қырғауыл оңайлықпен жыланға жұмыртқасын 
жұтқызбайды. Ұя басып жатқанда қасына жақындаған жылан оның 
«қалжасы» болмақ. … жыланның екі көзін шұқып алады. Алба-жұлбасын 
шығарып шоқып тастайды.
(Тұрар Ізбасаров «Қызыл қасқыр») 
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушылар тілдік байланыс құралын 
меңгеріп, өз мәтінінде осы байланыс құралын калай қолдануға болатынын 
үйренеді. Оқушыларға өз мәтінін құруға үйрету үшін осы жаттығуды үлгі ете 
отырып, мынадай беріледі: «Мен сүтті қалай ұйыттым» деген тақырыпқа 
лексикалық байланыс құралдарын (алдымен, содан кейін, сосын, соңында) 
пайдаланып, мәтін құрып жазыңдар. [129,б. 193]. 
Біз әдістемелік жүйені жасақтауда оқушылардың ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру үшін дәстүрлі әдістерді де (бақылау, ойын, жаттығу, 
топтық, т.б.) және оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін де (проблемалық 
оқыту, сыни тұрғыда ойлауды дамытуға арналған әдіс-стратегиялар т.б.) бір-
бірімен байланыстыра отырып, тиімді қолдануға тырыстық. Әдіс-тәсілдерді 
қолдану оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай олардың тапсырманы 


78 
орындауға деген ынтасына, ізденуіне, шығармашылықпен жұмысты 
орындауына жағдай туғызды. 
Әдістемелік жүйесін құраушы келесі компоненті - оқыту құралдары. Біз 
оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларын пәнаралық байланыста 
қалыптастыруда әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, музыка, өзін-өзі 
тану оқулықтарының пәнаралық ортақ ұғымдарын, танымдық мәтіндерін 
қолдандық. Атап айтсақ, «Әдебиеттік оқу» оқулығынан: 8-жаттығу.«Отан!» 
К.Салықов б.7; «Туған жер» Ө.Қанахин б.10; «Сөз мәйегі» Б.Үсенбаев б.96; 
«Археолог» Б.Серікбай б.122; «Қазақ тілі» оқулығынан: «Табиғаттың 
таңғажайып құбылыстары» б.10; 6-жаттығу, 27-жаттығу, «Әнші құм»б.30 және 
т.б.; «Музыка» оқулығынан: А.Асылбек «Қазақстан – елім менің!» б.7;
«Музыкадағы табиғат құбылыстары» б.68 және т.б.; «Жаратылыстану» 
оқулығынан: «Желдің пайдасы мен зияны» б.64; «Көбелек» б.30; «Қорықтар» 
б.42; «Ауаның маңызы қандай» және т.б. [151]. 
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйене 
отырып, әдістемелік кешен: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 
«Бастауыш мектепте ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру 
негіздері» атты ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасы, бастауыш 
сынып оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің құпиясы» атты 
факультативтік курс бағдарламасы, пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі 
әзірленді. Әдістемелік кешенде ұсынылған оқыту бағдарламаларының толық 
мазмұнына алдағы тарауда тоқталатын боламыз.
Қорыта келе, әдістемелік жүйеде бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру 
мәселесінің 
сипаттауымен, 
педагогикалық эксперимент нәтижелерімен бірлесе отырып, бастауыш сыныпта 
білім беру үдерісін сапалы деңгейге көтерудің жаңа кезеңдерін ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет