Есназар асель жаңабергенқызы


Диccepтaция құpылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет10/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
dissertation

Диccepтaция құpылымы мен мазмұны. Диccepтaция кipicпeдeн, үш 
тараудан, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген қopытындыдaн
пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн және қocымшaлардaн тұpaды. 
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, 
нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық және 
әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, зерттеу базасы, зерттеу 
кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, практикалық мәнділігі, 
зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын 
қағидалар көрсетіледі.
«Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» 
деп аталатын бірінші тарауда ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге теориялық тұрғыда 
жасалған талдаулар нәтижесінде «пәнаралық байланыс», «ойлау мен сөйлеу 
дағдылары» ұғымдары мен «пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру» түсінігінің мәні нақтыланады. 
«Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды модельдеу» деп аталатын екінші 
тарауда пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын жаңартылған 
білім мазмұнында жүзеге асырудың мүмкіндіктері, пәнаралық байланыста 
бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен дағдыларын қалыптастырудың 
әдістемелік жүйесі және құрылымдық-мазмұндық моделі қарастырылады. 
«Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
дағдыларын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы» деп 
аталатын үшінші тарауда пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік кешені 
ұсынылған және тәжірибе жүзінде іске асырудың кезеңдері мен тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері келтіріледі.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелерін, ғылыми болжамды және 
зерттеуге ұсынылған қағидаларды дәлелдейтін қорытындылар, зерттеу 
нәтижесі бойынша ұсыныстар беріледі.
Қосымшаларда тәжірибелік-эксперимент жұмыстарында қолданылған 
диагностикалық әдістемелер, қысқа мерзімді сабақ жоспары және 
диссертацияға енбеген басқада материалдар ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет