Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет25/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
dissertation

4-сынып «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту барысында мынадай пәнаралық 
байланыстар жүзеге асады: қазақ тілі пәнімен – сөздік қорымен тіл байлығын 
арттыруда, грамматикалық тұрғыдан жүйелі және дұрыс сөйлеуге, сөйлеу 
мәдениетін қалыптастыру, өз ойынан мәтін құрастыру, мәтін түрлерін анықтау, 
мәтінді талдау, жазба жұмыс түрлерін орындау, жазба жұмыс түрлерін 
орындауда грамматикалық ережелерді қолдану және лексика-семантикалық 
білімдерді жетілдіру; математика пәнімен – математикалық ұғымдар мен 
есептеулер арқылы сөздік қорын арттыру; сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет 
шығармаларында қолдану, тілді математикалық терминдермен байыту; 
дүнетану пәнімен – адамның табиғат пен қоршаған дүниемен қарым-
қатынасын, қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс 
туралы білімдерін қолдануда, табиғатта, серуен кезіндегі алған білімдерін 


60 
жазба жұмыстарда қолдану; музыка пәнімен - Қазақстан және өзге шетел 
қайраткерлерінің музыка саласына қосқан шығармаларын тыңдауда, 
ақындардың өлеңдерінің ырғағын анықтауда, өлеңге сай әуендер ойлап табуда, 
шығармаларымен танысу, автордың көніл-күйін, сезімін білдіруде, кейбір 
шығармалардың әуенімен айтуда, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін 
ұғыну; бейнелеу өнері пәнімен – суретшілердің шығармалары арқылы 
оқушылардың сөз байлығын және тіл байлығын арттыру, рухани жан дүниесін 
байыту, сурет бойында сезімдерін, ойын, пікірлерін білдіру, мәтіндегі оқиғаға 
сай сурет салғызу, шығарма мен мазмұндама жазуда халық шеберлерінің 
шығармаларын қолдануда жүзеге асады.
Келесі талдауды 4-сыныпқа арналаған «Математика» оқулығының (1,2,3,4 
бөлім) мазмұнын пәнаралық және пәнішілік байланыстары арқылы 
қарастыратын болсақ, оқулықтағы есептердің мазмұны ортақ тақырыптардың 
негізінде, яғни, Қазақстанның қалалары, Қазақстанның әлемдегі орны жайында, 
адами құндылықтар, қазақтың белгілі тұлғалары, қазақтың мәдени мұралары 
жайлы есептер қарастырылған. Сондай-ақ, оқулықтағы есептер жаратылыстану, 
көркем еңбек, дүниетану пәндерімен тығыз байланыста құрастырылған. 
Солардың біріне тоқталайық, 1 бөлім, №10 сабақ: Кеңістік геометриялық 
фигуралар, ортақ тақырыпқа қатысты деректері бар есептер құрастырады
шешеді. Математика сабағында дүниетанымдық тақырыптағы тапсырмаларды 
шешу оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырады, ынталы, 
ізденімпаз адамдарды тәрбиелейді. Мысал келтірейік: 1-тапсырма. Сен туған
өлкенің табиғатына байланысты аңыздарды білетін боларсың. Мысалы, 
Бурабай туралы аңыз. Тау нені есіңе түсіреді? Қоршаған ортадан осы сияқты 
пішіндегі заттарды ата? (40бет, 1А тапсырма). Бұл тапсырманы орындауда 
оқушылар әдебиеттік оқу пәнінен өткен «Қазақстан таулары» өлеңінде аталған 
тауларды суреттеп, орындайды. 2-тапсырма. Айналаңнан шамамен көлемі
осындай заттарды табуға тырыс (41бет, 3А тапсырма). Математика 
сабағында кеңістіктегі геометриялық фигуралармен танысу кезінде оқушылар 
таулармен фигураларды салыстырады. Табиғатта геометриялық денелердің 
маңыздылығы өте үлкен және мысалдар жаратылыстанудан, дүниетану 
пәндерінен беріледі. Жаратылыстану – ғылыми циклдің барлық пәндерін 
оқыту математикамен байланысты. Математика білім алушыларға күнделікті 
өмірде және адамның еңбек қызметінде қажетті, сондай-ақ аралас пәндерді 
(жаратылыстану, дүниетану, көркем еңбек және т.б.) үйрену үшін маңызды 
білім мен білік жүйесін береді [138,б. 175]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет