6
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазір еліміздегі жаһандық білім беру үдерісі
мақсатты, тәуелсіз, мобильді тұлғаны дайындауда оқушының жеке басын
дамытуға, оның қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Бұл оқыту үдерісіне педагогикалық көзқарастардың түбегейлі өзгеруін
білдіреді, интеллектуалды дамыған,
белсенді, өзін-өзі басқара алатын,
ақпаратты өз бетінше іздейтін және сыни тұрғыда ойлауға қабілетті тұлғаны
қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында
(ҚР Президентінің 26.02.2021 №521 Жарлығымен) Сапалы білімге байланысты:
«Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу, түсіну,
қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру,
пәнаралық байланыстарды барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
«өтпелі тақырыптардың» болуы маңызды болады» деп міндеттейді [1].
Аталған міндеттер өз кезегінде бастауыш сыныптан бастап оқушылардың
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды пәнаралық байланыстар
арқылы жүзеге асыруды көздейді. Ендеше, оқу үдерісіндегі пәнаралық
байланыс оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың
құралы бола алады.
Бұған сәйкес, Бастауыш білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті
стандартында (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018
жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы): «Білімді функционалдықпен және
шығармашылықпен қолдана білу, білім алушы тұлғасының үйлесімді
қалыптасуы мен дамуына сын тұрғысынан ойлай алатын, коммуникацияның
түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру, топпен және жеке
жұмыс істеу сияқты кең ауқымды дағдылар» деп көрсетілген [2]. Білім беру
стандартындағы көрсетілген дағдылар
теориялық ойлауы жетілген, тілдік
дағдыларды игерген, пәндік білімді меңгерген бастауыш сынып оқушы
тұлғасының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қоғам сұранысына қарай, Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды
дамытудың
2020-2025
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасының мақсаты: «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тұлғаны тәрбиелеу және оқыту», - деп беріледі [3]. Аталмыш мақсатқа қол
жеткізуде бірнеше міндеттерді шешуді болжайды, соның бірі – оқушылардың
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды пәнаралық байланыста жүзеге
асыру. Мұндағы берілген міндеттердің шешімі
бастауыш сынып
оқушыларының моделін жетілдіруде қоғамның жаңа талаптарына бағытталған
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жаңаша сипатын анықтап
отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 1-бап 26-
тармағында: «.....интеграцияланған білім беру бағдарламалары –
білім беру
бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде
әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары», - деп атап көрсетілген [4].
7
Мұндағы көрсетілген бап бастауыш білім беру үдерісінде ұсынылған білім беру
бағдарламаларының пәнаралық байланыста қамтамасыз етілуін жүзеге
асырады.
Жоғарыдағы талданған нормативтік құжаттар барысы көрсетіп отырғандай
бастауыш сынып оқушыларының жеке басын дамытуда, соның ішінде ойлау
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың маңызды екендігін айқындай түсті.
Ендеше, пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда теориялық талдауларды төмендегідей
қарастырамыз.
Ойлау мен сөйлеудің қалыптасу генезисінің дамуы терең талдауларды
қажет етеді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын олар үшін іс-әрекеттің
жаңа түріне – оқу әрекетіне өту кезеңінде оның қажетті және маңызды
құрамдас бөлігі – ойлау мен сөйлеу болып
табылатындығы философтардың,
психологтардың, педагогтардың еңбектеріне негізделген. Атап айтсақ:
- ойлау мен сөйлеу дағдыларын философиялық тұрғыда зерттеген
ғалымдар Аристотель [5], Аугистин, Бойций, Абеляр [6], Әл-Фараби [7],
Р.Декарт [8], Дж.Локк [9], Г.Гегель [10], Л.А.Фейрбах [11] және В.Г.Афанасьев
[12], А.Құнанбаев [13], А.Байтұрсынов [14], Ж.Баласағұн [15], М.Жұмабаев
[16], Г.Нұрышева [17] т.б. еңбектері жұмысымыздың теориялық негіздерін
құрайды;
- ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесінің психологиялық-
педагогикалық астарлары С.Л.Рубинштейн [18], Л.С.Выготский [19],
Н.И.Жинкин [20], А.Н.Леонтьев [21], И.А.Зимняя [22], М.Р.Львов [23],
Б.В.Беляев [24], Е.И.Пассов [25], Г.Рассел [26], Р.Солсо [27], Р.Андерсон [28],
Д.Халперн [29], А.Кинг [30], Ф.Гюнеш [31], О.Куру [32], Д.Серен [33],
Л.М.Садику [34], Т.Уоллис [35] және Ж.Аймауытов [36], М.Мұқанов [37],
Ә.Алдамұратов [38] Қ.Жарықбаев [39], Ж.И.Намазбаева [40] т.б. ғалымдардың
еңбектерінің түйінді мәселесі болған;
- пәнаралық байланыс идеясының тарихи көрінісі, олардың оқу
үдерісіндегі рөлін әр дәуірдің педагогтары Я.А.Коменский [41],
И.Г.Пестолоцци [42], К.Д.Ушинский [43], Н.К.Крупская [44], В.Н.Максимова,
И.Д.Зверев [45], М.М.Левина [46] және отандық ғалымдардың А.А.Бейсенбаева
[47], Н.А.Оразахынова [48], А.М.Мұханбетжанова [49] А.Д.Болтаев [50], Д.С.
Байғожанова [51], Д.Ж.Кішібаева [52], Г.К.Шолпанкулова [53], Р.А.Дарменова
[54], Ә.М.Шарзадин [55],
Г.С.Квасных [56], А.А.Куралбаева [57],
А.Ш.Доспенбетова [58], С.А.Фейзулдаева [59], Ж.М.Саурыкова [60],
Ж.А.Жұмабаеваның [61] еңбектерін талдауда пәнаралық байланыс мәселесі аса
өзекті болып отыр. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс ұғымын кең
контекстте шетел ғалымдары Б.Айбек [62], Ө.Турнай [63], К.Голдинг [64],
М.Кастэ [65], А.Лиан [66] қарастырды;
- бастауыш мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің түрлі
бағыттарын, бастауыш білім берудің ғылыми-теориялық
және әдістемелік
аспектілерін зерттеген ғалымдар С.Рахметова [67], А.Жапбаров [68],
Г.Уәйісова [69], Ә. Жұмабаева [70], Ұ.Молдабек [71], Н.М.Сламбекова [72],
М.Ә.Ермекбаев [73], Н.Ж.Құрманова [74], Р.О.Ізғұттынова [75], С.Жораева [76],
8
Р.Ж.Базарбекова [77], Р.С.Рахметова [78], А.Қ.Рауандина [79] сондай-ақ,
Б.А.Тұрғынбаева [80], А.С.Амирова [81], А.Т.Туралбаеваның [82] зерттеулері
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік
негіздерін анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, жан-жақты талданған ғылыми-
педагогикалық еңбектерде, пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы
бастауыш
сынып
оқушыларының
ойлау
мен
сөйлеу
дағдыларын
қалыптастырудың теориясы мен практикасы жеткілікті деңгейде
қарастырылмағандығын анықтадық.
Осыған орай, зерттеу жұмысын жүргізу
барысында мәселеге қатысты
мынадай қарама-қайшылықтар анықталды:
- бастауыш сынып оқушыларының қоршаған әлемді тұтас қабылдауға
деген қажеттілігі мен пәндік оқытудың үстемдігі арасындағы;
- бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын
қалыптастырудың қажеттілігі мен бастауыш мектептің оқыту үдерісінде
пәнаралық байланысты қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің жетік
дәрежеде негізделмеуінің арасында
қарама-қайшылықтардың бар екендігі
анықталды.
Бұл қарама-қайшылықтар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында
бастауыш
сынып
оқушыларының
ойлау
мен
сөйлеу
дағдыларын
қалыптастыруда пәнаралық байланысты қолдану үдерісі ғылыми негізделген
ұйымдастыру мәселесін зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Аталған қарама-қайшылықтарды шешудің қажеттілігі біздің зерттеуіміздің
көкейкестілігін анықтап, тақырыпты: «Пәнаралық байланыста бастауыш сынып
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» деп таңдауға
негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: