Эссе жазу әдістемесі



бет5/7
Дата01.03.2024
өлшемі235.14 Kb.
#493693
1   2   3   4   5   6   7
531397.pptx (4)

3-абзац
Негізгі бөлім
Тезис (пікір): Адам ұрыққа айналғаннан бастап, өмір иесі деп саналады. Адам - саналы тіршілік иесі. Оған рух берген - жаратушы. Жаратушының адамзаттың әрқайсысының мойнына артқан міндеті бар. Ал клондалған, яғни рухсыз адам жаратушыға қажет пе? Өзіндік санасы, мінез-құлқы, адами мақсаты жоқ жанның жануардан айырмашылығы бола ма? Қысқасы, Құдайдың құдіретінен жасалған адамды клондау - Алланың ісіне араласумен тең.
Аргумент: Бірақ, ешқандай кедергілерге қарамастан, Итальяндық Сверино Антинори деген дәрігер техникалық клондау әдісімен 3 баланың дүниеге келгенін жариялады. (med.kz)
Сараптама: Клондау үрдісi этика тұрғысынан ғана емес, техникалық көзқарас бойынша да күрделі мәселе екені ғалымдарды ойландырмай отырған жоқ.
4-абзац. Қорытынды бөлім
Нақты шешім: Сөз түйінінде, клондау - табиғатқа жат құбылыс.
Ұсыныс: Клондау арқылы адамдарды, яғни өмірдің заңдылықтарын өзгертуге тырысқанша, берілген өмірді тиімді пайдаланғанымыз жөн. Адамды қолдан жасағанша, халық санын көбейтуге жағдай жасау керек.
Бекіту: «Адамға өмір бір-ақ рет беріледі, оны мәнді қылып өткізу керек»,-деп Н.Островский айтқандай, адами ресурстарды, өмірді ойыншық қылмайық!
Мемлекттік рәміздер
Тапсырма: Қарағандының киім-кешек сатылатын орталық базарында Қазақстан туындағы кереге, қанат, қыран бейнеленген ерлерге арналған ішкиімдер сатылып жатыр. Қытайдың трикотаж фабрикаларының өнімдерін сатушы – Қарағанды базарын жаулап алған алыпсатарлар бұл тауарлардың арзандығы мен өтімділігін айтады. (Саят Серік Azattyk.org.) Сауал: Қалай ойлайсың, мемлекетіміздің тұмары болып табылатын рәміздеріміздің құнын түсіріп алған жоқпыз ба, оларды қаншалықты дәрежеде құрметтеп жүрміз?
Тақырыптық сөйлемдер: Рәміздердің тарихы тереңде жатыр. Ертеректе әскери жорықтарда ту ұстаушылар саптың басында қолбасшылардан да бұрын тұрып, рухтандырып тұрған. Айқас кезінде туды бірнеше әскер қорғап, оның жығылмауын қадағалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет