Эссе жазу әдістемесі



бет2/7
Дата01.03.2024
өлшемі235.14 Kb.
#493693
1   2   3   4   5   6   7
531397.pptx (4)

3. Қорытынды жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым. Эссе жазу үшін қажет делелдеу аппаратының құрылымы Дәлелдеу- белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім-наныммен байланысты , бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық- тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім- жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды. Тезис- дәлелденуге тиісті жағдай. Аргументтер- тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория. Қорытынды- фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым- біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген. Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:
Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер- тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады. 3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.
Қосымша: 1. Эсседе бейнелеу афористік, парадоксалдық тұрғыда қаралу керек. 2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады. 3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория символ және астарлы образдар. 4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді. 5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет