Эссе Тақырыбы


Сәулет өнері ескерткіштері



бет2/2
Дата28.10.2022
өлшемі62.81 Kb.
#463551
1   2
БОӨЖ 2

Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.
Сурет:Ancient Taraz Kazakhstan.jpg
Ежелгі Тараз қаласы
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады. Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі VII ғасырдың аяғы — VIII ғасырдың басы деп белгіленді. Бірінші Акбешім ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76x22 м. Ол мінажат ететін орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ апарады. Мінажат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы қақпалы құрылыстар орналасқан. Олардың жүйесіне шаршьшап жоспарланған кішкене шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған туғырлар мен сокілерге мүсіндер қойылынты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі тұғыр тұр, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған болса керек. Мінажат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеленіп, алтын жалатылған қаңылтырлары (9) табылды. Жетісудың несториан-христиандары ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде Ақбешім қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған шіркеуден аңғаруға болады. Жоспарлануы жөнінде бұл — кіреберісі арқамен көркемделген тік бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36x15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған; батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда жаппа жасалған. Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан.
Зороастрийлік діни құрылыстар да мәлім. Ғибадатхана мақсатындағы бір кешен, тегінде, зороастралық жерлеу салтын өткізуге және қасиетті от жағуға байланысты болса керек, ол Қызылозен қаласы жұртының батыс бөлігіне орналасқан. Адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау да қалыптасқан. Олардың қатарына шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіші, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, тағы басқа да ескерткіш түрлерін жатқызуға болады. Мысалы, адам қабірінің басындағы оба, қорғандардың, сақ және көне түркі кезеңдерінен жеткен тас мүсіндер, құлпытас, қойтас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет өнері ескерткіштері ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады.
Монумент деп ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалған мүсіндік туындыны айтамыз. Монументтер әдетте дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы монументтер. Олар көбінесе көрнекті жерлерге, ауыл немесе қаланың орталық алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне орнатылады.


Алматы 2022-2023

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет