Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы



Дата24.02.2016
өлшемі105.08 Kb.
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1571 Қаулысы

      «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1571 қаулысымен  
бекітілген    

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.


      2. Қағидалар заңды және жеке тұлғалардың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – ІЖҚ) ресімдеу мен пайдалану тәртібін белгілейді.
      Осы Қағидаларда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлға жеткізуші (бұдан әрі – жеткізуші) болып танылады.
      Алушы (бұдан әрі – алушы) деп этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жеткізуші жүргізген кезде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алу бойынша операцияларды жүзеге асырушы тұлға түсініледі.
      3. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өткізу (босату), алып өту, қайтару, тасымалдау бойынша әрбір операцияны (Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту пунктінен межеленген жерге дейін импортталатын алкоголь өнімін тасымалдаудан басқа) жүргізген кезде, жеткізуші мiндеттi түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда ІЖҚ ресiмдейдi.
      Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің экспорты кезінде осы Қағидалардың 10-тармағы қолданылмайды.
      4. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын реттеуді этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану

      5. ІЖҚ-ны этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін жеткізуші мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде «Салық төлеушінің кабинеті» Интернет-ресурсы (web-қосымшасы) арқылы (бұдан әрі – Бағдарлама) электрондық түрде ресімдейді.


      Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануына қол жетімді болып табылады.
      6. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:
      1) нөмір (Бағдарлама автоматты түрде береді);
       2) ресімдеу күні (Бағдарлама автоматты түрде береді);
      3) операция коды (Бағдарламаның анықтамасынан таңдалып алынады);
      4) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес:
      Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің (жеткізушінің) тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН);
      Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
      5) жеткізушінің атауы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде береді);
      6) жеткізушінің лицензиясының нөмірі және лицензияда көрсетілген мекенжайы (осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады);
      7) жеткізушінің түрі (Бағдарламада көрсетілетін тізімнен таңдап алынады);
      8) алушының СТН-ін жеткізуші енгізеді;
      9) алушының ЖСН/БСН-ін жеткізуші енгізеді;
      10) алушының атауы (осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген деректерді енгізген кезде Бағдарлама автоматты түрде береді, экспорт кезінде жеткізуші толтырады);
      11) алушының лицензиясының нөмірі және лицензияда көрсетілген мекенжайы (этил спиртін медициналық мақсаттар мен техникалық мұқтаждықтардан басқа, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптасқан тізімнен таңдап алынады, экспорт кезінде жеткізуші толтырады);
      12) алкоголь өнімін алуға алушы сенімхатының (толтыруға міндетті емес деректеме) мерзімі мен нөмірін жеткізуші енгізеді;
      13) шарттың нөмірі мен мерзімін жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);
      14) көлік түрі (Бағдарламада көрсетілетін тізімнен таңдап алынады);
      15) алкоголь өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы деректерді жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);
      16) көлік құралы (автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде) туралы мәліметтерді (көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі) жеткізуші енгізеді;
      17) экспедитор туралы мәліметтерді (экспедитордың, жүргізушінің аты-жөні) жеткізуші енгізеді (толтыруға міндетті емес деректеме);
      18) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің мөлшері (литрмен көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетілген мәліметтер этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс, бұл ретте тиісті ұяшығында:
      алкоголь өнімінің өндірісі үшін;
      медициналық мұқтаждықтарға;
      техникалық мұқтаждықтарға тиеп жөнелтілетін спиртінің мөлшері көрсетіледі;
      19) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының мөлшері (литрмен көрсетіледі). Осы тармақшада және осы тармақтың 35) тармақшасында көрсетілген мәліметтер шарап материалын өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс, бұл ретте тиісті ұяшықта:
      алкоголь өнімінің өндірісіне;
      коньяк спиртінің өндірісіне (тікелей немесе екі қайта айыру жолымен шарап материалынан алынатын этил спирті) тиеп-жөнелтілетін шарап материалының мөлшері көрсетіледі;
      20) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің жалпы мөлшері (осы тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген алкоголь өнімінің мөлшерін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрде көрсетеді).
      Осы тармақшада және осы тармақтың 22) – 27) және 35) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер алкоголь өнімін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      21) жолдың реттік нөмірі;
      22) жеке сәйкестендіру нөмірі – алкоголь өнімінің коды (бұдан әрі – ЖСН-код) (Бағдарламаның ЖСН-код анықтамалығынан таңдап алынады);
      23) өнім түрі (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
      24) өнімнің атауы (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
      25) ыдыстың сыйымдылығы (ЖСН-код енгізген кезде, Бағдарлама автоматты түрде қояды);
      26) шөлмектің санын жеткізуші енгізеді;
      27) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) алкоголь өнімінің мөлшері (осы тармақтың 25) және 26) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен береді;
      28) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімі немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);
      29) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның жалпы мөлшері (осы тармақтың 33) тармақшасында көрсетілген сыра мөлшерін қосу жолымен Бағдарлама автоматты түрді көрсетеді).
      Осы тармақшада және осы тармақтың 30) - 33) және 35) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер сыраны өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
      30) сыраның атауын жеткізуші енгізеді;
      31) сыраға арналған ыдыстың сыйымдылығын жеткізуші енгізеді;
      32) сыраға арналған ыдыстың, шөлмектің, кега-бөшкелердің санын жеткізуші енгізеді;
      33) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның мөлшері (осы тармақтың 31) және 32) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көбейту жолымен Бағдарлама автоматты түрде литрмен көрсетеді);
      34) жеткізуші жазып берген ІЖҚ нөмірі (сыра немесе оның бір бөлігі қайтарылған жағдайда қажет болған кезде толтырылады);
      35) басшының тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;
      36) бар болса, бухгалтердің тегін, атын, әкесінің атын жеткізуші толтырады;
      37) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін нақты алу күнін көрсетумен, алушының тегі, аты, әкесінің аты және қолы.
      7. ІЖҚ-ның уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін қағаз тасығышта екі данада басып шығарылады, басшы, бухгалтер (бар болса) қол қояды, сондай-ақ жеткізушінің мөрімен расталады (бар болса, дара кәсіпкерлер үшін).
      8. Межеленген жерге дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасығыштағы бір данасы тасымалдаушыға беріледі (алушының өкіліне), ол кейіннен көрсетілген тауарды алышуға тапсырылады.
      9. ІЖҚ-ның екінші данасы этил спиртін және алкоголь өнімін жеткізушіде сақталады.
      10. ІЖҚ-ны Бағдарламада ІЖҚ алуды растау жолымен электрондық түрде алушылар табыс етеді.
      Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (этил спиртін медициналық және техникалық мұқтаждықтарға алушылардан басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізушімен ІЖҚ ресімделген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растаудан бас тартады.
      11. Растау мерзімдері бұзылған немесе ІЖҚ алу расталмаған жағдайларда Бағдарламада осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автоматты режимде хабарлама қалыптастырылады.
      Алушылар Бағдарламада хабарламамен танысқаннан кейін ІЖҚ алуды растайды немесе растаудан бас тартады.
      12. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген деректер толық (және) немесе дұрыс көрсетілмей ресімделген ІЖҚ осындай ІЖҚ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жойылуға жатады.
      13. ІЖҚ жойылған жағдайда жаңа ІЖҚ жазып беріледі.
      14. ІЖҚ есебі осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның ІЖҚ тіркеу журналы жүргізіледі.
      15. Қағаз тасығыштағы ІЖҚ бес жыл бойы жеткізуші мен алушыларда сақталады.
      16. Жеткізуші (алушы) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін ІЖҚ сақтау міндеттемесі оның құқық мирасқорына (құқық мұрагерлеріне) жүктеледі.

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь


өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына    
1-қосымша          

нысан


Ілеспе жүкқұжаты №

Ресімделген күні: 20 ___ж. «__»       _____Операция коды _________



Жеткізушінің СТН-і _______________
Жеткізушінің ЖСН/БСН-і ___________
Жеткізушінің атауы _______________

Жеткізуші лицензиясының нөмірі және лицензия бойынша мекенжайы ____________________________________________________________________

Жеткізушінің түрі______________


Алушының СТН-і ________________
Алушының ЖСН/БСН-і _______________
Алушының атауы ___________________

Алушының лицензиясының нөмірі және лицензия бойынша мекенжайы ______________________________


__________________________________

Алушының сенім-хаты:


№ _____ алынған күні: ___ __ ____

Шарттың нөмірі _________      Шарттың жасалған күні ______________

Көліктің түрі:  Авто  ТЖ  Әуе  Теңіз немесе ішкі су

Тасымалдаушы туралы мәліметтер ______________________________________


Көлік түрлері туралы мәліметтер _____________________________________
Экспедитор туралы мәліметтер ________________________________________

Өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) этил спиртінің мөлшері: _____ (литр)

Алкоголь өнімін


өндіруге: ____________ Медициналық мақсаттарға: ____________
Техникалық мұқтаждықтарға: ___________

Өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) шарап материалының саны: _____ (литр)

Алкоголь өнімін өндіруге: ________ Коньяктік спиртін өндіруге: ______



Өткізілетін (тиеліп жөнелтілетін) алкоголь өнімінің (арақ, коньяк, бренди, шарап, ЛАБ) мөлшері, барлығы: _____ (литр)



ЖСН-код

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Шөлмектердің саны

Литр

Жеткізуші толтырған ІЖҚ нөмірі (алкоголь өнімі қайтарылған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7

8

























Жолдардың барлық саны: _______
Өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) сыраның мөлшері, барлығы: ____ (литр)



Сыраның атауы

Ыдыстың сыйымдылығы (литр)

Ыдыстардың, кега-бөшкелердің, шөлмектердің саны

Литр

Жеткізуші толтырған ІЖҚ нөмірі (сыра қайта қайтарылған жағдайда)

1

2

3

4

5

6



















Жолдардың барлық саны: _______

Басшының Т.А.Ә.: ______________________________ __________________
                                                      қолы

МО:


Бухгалтердің Т. А. Ә.: __________________________ __________________
                                                      қолы
Алушының Т. А. Ә.: ____________________ ____________ ___________
                                           Қолы     алынған күні
                                                  (күні, айы, жылы)

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына    
2-қосымша          

нысан


Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжат алғанын растамау туралы хабарлама

«___» _________ 20_ _ ж.

__________________________________________________________________
                       (салық органының атауы)

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы


«___»________№____ қаулысымен бекітілген, Этил спиртіне және
(немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен
пайдалану қағидаларының 11-тармағына сәйкес Сізді
__________________________________________________________________
               (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)

СТН _________________________


ЖИН (БИН) ___________________

__________________________________________________________________


__________________________________________________________________
              (нөмірі және табыс етудің кезеңі)

этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттардың алынғанының расталмағаны туралы хабардар етеді.


Осыған байланысты Сіз тіреку жеріңіздегі салық органына 5 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру үшін келуіңіз қажет.

Этил спиртіне және (немесе) алкоголь
өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу
мен пайдалану қағидаларына    
3-қосымша         

нысан


ІЖҚ тіркеу журналы

ІЖҚ-ның күні                             ІЖҚ-ты растау /
__ ж. __ ___бастап __ж. __ ______ дейін  бас тарту күні __ ж. __
                                         ___бастап __ж. __ ______
                                         дейін

Жеткізушінің СТН-і ______________ Алушының СТН-і ________________

Жеткізушінің ЖСН/БСН-і __________ Алушының ЖСН/БСН-і ____________

ІЖҚ-ның нөмірі: _________________ ІЖҚ мәртебесі:


                                           алғашқы түрі  жойылды
                                           жіберілді  расталды
                                           алынды  қайтарылды






ІЖҚ-ның күні

ІЖҚ-ның нөмірі

Жеткізушінің СТН-і

Жеткізушінің ЖСН/БСН-і

Алушының СТН-і

Алушының ЖСН/БСН-і

ІЖҚ-ы растау/
қайтару күні

Өткен күндердің саны

Мәртебесі

Іс-қимылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



































































Көрсетілетін жолдардың саны: ____барлығы ___

Каталог: data -> files -> kaz
kaz -> МҮлік салығы заңды тұЛҒалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығ
kaz -> Ктс. Аванстық төлемдер
kaz -> Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы
kaz -> Қазақстан Республикасының Заңы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
kaz -> Алкоголь өнімдерін сақтау мен бөлшектеп өткізуге лицензия алу туралы жаднама
kaz -> Алкоголь өнімдерін сақтау мен бөлшектеп өткізуге лицензия алу туралы жаднама
kaz -> Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің топтамаларын анықтау бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған жаднама


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет