Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері



бет1/2
Дата13.03.2024
өлшемі21.86 Kb.
#495209
  1   2
Даулеталиева Д.М. ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ӘОЖ 811.81'373

ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы, Даулеталиева Д.М. ОАИУ


Кенжебай Ж.Ж., МҚТ 22 тобының магистранты, ОАИУ


Резюме
В этой статье исследуется история изучения фразеологизмов, грамматические особенности, признаки и различия, а также их связь с классами слов, включая глаголы. Рассматриваются труды ученых-исследователей о разделении фразеологизмов на смысловые группы, связанные с различными областями.


Summary
This article explores the history of the study of phraseological units, grammatical features, signs and differences, as well as their relationship with word classes, including verbs. The works of research scientists on the division of phraseological units into semantic groups associated with various fields are considered.

Грамматика – о баста грек тілінің gramma /жазу, жазу өнері/ деген сөзі. Келе-келе сөздің бастапқы мағынасы мүлдем кеңейген. Қазір грамматика – лингвистиканың негізгі терминінің бірі; тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес ілім.


Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері – сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматиткалық құрылысы арқылы атқарылады.
Бұдан шығар бір қорытынды: грамматика – тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Гарамматианың, дәлірек айтқанда, тілдің грамматикалық құрылысының, осындай мән-маңызын ескере отырып, грамматиканы – лингвистика, яғни тіл туралы ғылым деген ұғымның бір синонимі ретінде қолданылып жіберушілік те кездеседі.
Грамматиканың негізгі объектісі – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.
Осыған орай, грамматика үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: морфология және синтаксис.
О.С. Ахманова морфологияны тілдің сөз түрлендіру жақтарын қарастыратын, сөз жасау жақтарын қарастыратын, сөз тіркестерін қарастыратын деп үш түрге бөледі. Бұлардың бірінші сөздердің грамматикалық формаларын жасауда тілдің тиісті бір единицаларының грамматикалық құралдарына көңіл бөледі; екінші тілдің сөз жасау тәсілдерін зерттейді; үшіншісі сөз тіркестерінің морфологиялық жақтарын, дәлірек айтқанда, сөз тіркестерінің құраушы элементтердің морфологиялық белгілерін қарастырады.
Синтаксис – гректің syntaxis /құрастыру, түзу/ деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып, сөйлеу құрылысын зерттейді. Ол – сөйлеудің негізгі единицаларын, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің осы объектісіне сай, синтаксис өз ішінен негізгі екі салаға бөлінеді: бірі – сөз тіркестері синтаксисі, екінші – сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисі өз ішінен жай сөйлемдер синтаксисі, құрамалас сөйлемдер синтаксисі болып тағы да екі салағы бөлінеді.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері болғандықтан, соғын кеңінен тоқталып өтейік.
Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеу тарихы жүз жылдыққа кетеді. Француз фразеологиясының теориясын құрған Ш. Балли (1905), орыс лингвисі Е.Р. Поливанов (1931) фразеологизмдерді жеке пән ретінде қарастыруды ұсынды. Орыс тілі фразеоллгизмдерін классификациялауда Ш. Баллидің жасаған схема-топтастыруларын негізге ала отырып, тұжырым айтқан академик В.В. Виноградов болды.
Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу объектісіне айналды. С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдар көрсетеді. (//Халық мұғалімі// 1940, № 4, 53-59 беттер) “Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы” атты еңбегінің 1940-1950 жылғы басылымдарында тіліміздегі фразеологиялық тіркестер сөйлем мүшелеріне қатысты қарастырылады 4.
Түрік тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің зерттелуіне І. Кеңесбаев, еңбектері игі әсерін тигізсе, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев, Ғ. Мұсабаев, Х. Қожахметова, А. Байталиев, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғышқы тұжырым жасаушы – зерттеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буын өкілдері С. Төлекова, Р. Жайсоқова, А. Елешова /1989/, Г. Смағұлова /1993/, С. Сәтенова /1990, 1997/ т.б. фразеологизмдерді әр қырынан зертеді.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) Даяр қалпында жұмсалу белгісі; 2) Мағына тұтастығы; 3) Тіркес тиянақтылығы 3.
Фразеологизмдердің бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан лексикалық единица – сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Фразеологизмдерді де дәл сол сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жерге қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді т.б. Бұндай етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Бұл фразеологизмдердің бірінші белгісі. Ал фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.
Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да бір тұтас едицина ретінде көрінеді 5.
Біздің ойымызша, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, сөйлеу дағдысындағы штамптар, фразеологиялық тіркестер – тұрақты сөз тіркестерінің түрлері. Олар бір-бірінен ортақ және өзіндік белгісі арқылы ерекшеленеді. Сондықтан да “барлық фразеологизмдер – тұрақты тіркестер, ал кез келген тұрақты тіркес фразеологизм бола алмайды” 1 демекпіз, яғни фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік пен тізбекті фразеологизм деп білеміз.
Осы орайда Г.Смағұлованың “тіл мамандары, қай тілде болмасын, фразеологияны мейлі тар ұғымда, мейлі кең ұғымда түсінуде фразеологиялық тұлғаларды айқындау үшін фразеологиялық тұлғалардың қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екендігін, оның мағына тұтастығын, құрамындағы компонеттердің тұрақтылығын, семантикалық бірлігін, жалпы беретін мағынадағы образдылық пен аусыпалық, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады” деген тұжырымымен келіспеуге болмайды 1.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар. Бұл мәселен, І. Кеңесбаев /1977/, А. Қайдаров, Р. Жайқасова /1979/, Ә. Болғанбаев /1988/, Х. Қожахметов /1972/, Г. Смағұлова /1933/ сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді. І. Кеңесбаев “Фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болғандығын” 1, Ә. Болғанбаев “Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектігін” 3, фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі табына қатысты екенін Х. Қожахметова атап көрсетеді 4. Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жатқызуда шарттылық басым, оларды жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтастырамыз: 1. Етістіктегі фразеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әр түрлі таптарынан жасалған фразеологизмдер 3.
Етістікті фразеологизмдер құрамындағы сөздер екі топқа бөлінеді:
1. Фразеологизм құрамындағы сыңарлар еркін сөз тіркестерінде
қолданылатын актив лексикадан тұрады. Мысалы, көз бояу – алдау, тісін қайрау - өшігу, қол қусыру – бағыну т.б.
2. Етістік фразеолгизмдер құрамында фразеологиялық байлаулы мағыналы сөздер мен архаизм сөздер ұшырасады: а/ фразеолгизм құрамындағы кейбір сөздер тек фразеологиялық тіркес құрамында танылады. Мысалы, аза бойым қаза болу – қатты шошу, ә/ фразеолгизм құрамындағы сөздер архаизм сөздер болып келеді: қыршынынан қиылу – жастай өлу, мүрдем кету - өлу. Қыршын – жас, мүрде-өлік деген ұғымды білдіреді, бірақ өте сирек қолданылады. Фразеологизм құрамында ғана кездесетін немесе түсінігі кем сөздердің бәрін архаизм деуге болмайды.
Етістікті фразеологизмдер құрамындағы сөздер екі топқа бөлінеді:
1. Фразеологизм құрамындағы сыңарлар еркін сөз тіркестерінде қолданылатын актив лексикадан тұрады. Мысалы: ит мінез – жаман, аяусыз адамның мінезі. Мысалы: - Я, құдай, зар тілегім болсын, қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме 5. Тарт тіліңді - сөйлеме, үніңді өшір. Мысалы:
- Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұ не қырсығың?… - дей бергенде Майбасар бастаған әуелгі жуандар:
- Тарт тіліңді!
- Қысқарт!
- Жап аузыңды! – деп арс-арс етті. 6.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет