«Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер» пәні


№ 1. Тұлғаның тартымдылық деңгейін зерттеу



бет5/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#205155
1   2   3   4   5

1. Тұлғаның тартымдылық деңгейін зерттеу


2. Зейін.

Ғылыми әдебиеттерге шолуда не ескеріледі?

А.Маслоу, К. Роджерс, В.Сатир, В.Франкл еңбектерінен коллоквиум.

К.Роджерс, А.Маслоу, В.Сатир, В.Франкл немесе т.б. еңбектерінен біреуін өзіңіздің қалауыңыз бойынша оқып танысу қажет. Өзіңіздің оқып танысқан авторлардың негізгі түсініктер мен феномендер жүйесін құрыңыз. Психологиялық-педагогикалық іс- тәжірибе барысында сіздің ойыңызша бұл авторлардың негізгі ойларының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз? Болашақта осы авторлардың қайсысының идеяларын басшылыққа алуға болады деп кеңес берер едіңіз?



Сабақ барысы.

Аудитория кездейсоқ түрде жұптарға бөлінеді. Жұптар бір-біріне оқығандары туралы пікір алмасады. Бір-бірлеріне сұрақтар тізімін әзірлеп сұрақ қояды. Коллоквиумды оқытушының басшылығымен де немесе жекелей студентпен әңгімелесу түрінде де өткізуге болады.


Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Методологиялық проблемалардың негіздерін ашу үшін тыңғылықты, жүйелі, бірізділік қажет. Методологиялық жағдайлардың шешімін табу үшін дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.




4 МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


МАгистранттың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Магистранттың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Магистранттың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.



Магистранттың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистрант табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

4.1.Методологиялық негіздерге шолу жасау

4.2. ҚР МЖМБС 308.037-2006 оқу жылдарына арналған мемлекеттік стандартқа шолу жасау

4.3. ЖОО оқу-тәрбие жұмысының психологиялық мінездемесі

4.4. Студенттердің іс-әрекетіне психологиялық талдау

4.5. Студенттердің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру

4.6. ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің психологиялық мінездемесі

4.7. ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің түрлері және олардың психологиялық ерекшелігі

4.8. ЖОО оқытушысы мен студенттер қарым-қатынасы

4.9. ЖОО оқытушысының тартымдылығын анықтау

4.10. Студенттерде ғылыми дүниетанымды қалыптастыру

4.11. Студенттердің ЖОО бітірген кезде мамандық даярлығын анықтау

4.12. Студенттік отбасының типологиясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет