Жұмыс істеу принципі. Куттерді іске қосар алдында оның санитарлық жағдайы, пышақтарының өткірлігін және кескіш білікке берік орналасуын қадағалайды. Сонан соң қорғаныш қақпағын түсіріп, болттар көмегімен рамаға бекітіп, оны қосады.Куттердің қосылуы "Пуск" батырмасының көмегімен іске асады. Айналым электрқозғалтқыштан жүзді-белбеулі беріліс арқылы кескіш білік пен кесуші механизмге беріледі. Бір уақытта осы электрқозғалтқыштан бұрамалы беріліс пен муфта арқылы айналым куттердің қабылдаушы ыдысына беріледі. Кейін шикізат біркелкі жылдамдықта ыдысқа тиеледі. Куттердің ыдысы 25 айн/мин жиілікте айнала отырып , шикізатты кесуші механизмге жібереді және шикізат тез айналатын серповидті пышақтармен ұсақталады. Шикізат кесуші механизмнен қайта-қайта өту арқылы толығымен біртекті ұсақталады. Куттерлеу кезінде қорғаныш қақпағының ішкі жағында орналасқан қырғыш ыдыс шетіне шығып кеткен шикізатты ортасына қарай ысырып отырады.
Куттерлеу - жеңіл, ұзақтығы шикізат түріне байланысты 2-4 минут болады. Процесс кезінде фарштың толығымен иленуі үшін жүйелі түрде мына операциялар іске асырылады: алдымен етті тиейді, 1-3 минуттан соң су құйылып, мұқият араластырылады, сонан соң татымдықтар , ұн немесе крахмал, т.б. қосылады. Шұжықтың арнайы сорттарына куттерлеу бітуіне 1 минут қалғанда шпик қосылады.
Процесті аяқтау үшін "Стоп" батырмасын басады.Содан кейін дайын фаршты қолмен немесе арнайы құрылғылармен түсіріп алады. Куттерлеу біткен соң толығымен санитарлық өңдеу жүргізіліп, куттер жуылып кейін құрғақ матамен сүртіледі.
Куттер типі - атмосфералық қысымда (ашық күйде) жұмыс жасайтын түрі.Куттердің тұғыры шойыннан жасалған екі бөлек қуыстан тұрады.Олар өзара болттармен бекітіледі. Тұғырдың төменгі жағында берік бекітілген плиталарда кескіш білік пен ыдыстың электрқозғалтқыштары , жоғарғы жағында кескіш жетегі, ал диафрагмасында ыдыс білігінің бұрамдық редукторы орналасыд. Кескіш білік тұғыр корпусындағы мойын тірекке (подшипник) орнатылған. Кескіш біліктің оң жағында оның қозғалуы үшін шкив, ал сол жағында , ыдыстың астында кескіш бастары бар пышақтар болады.