Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi


Қазақстанда ақпараттық тауар мен қызмет нарығын



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#131891
1   2   3   4   5   6   7

2.3.Қазақстанда ақпараттық тауар мен қызмет нарығын

қалыптастыру

Қазақстандағы қазiргi ақпараттық кеңiстiктi отандық тұтынушылардың қолына белгiлi себептер күшiмен түспейтiн ақпараттық бөлiмдердiң (ведомстволық, аймақтық, коммерциялық) бiр-бiрiмен әлсiз абйланысуынан құралған деп қарастыруға болады.

Қолда бар ақпараттық жүйе коммерциялық құрылым мен мемлекеттiк билiк органдарының жеке қызығушылығына жұмыс iстейдi және олардың әрекетiнсiз жұмыстың қайталануына, алғашқы ақпараттарды жинақтауда, өңдеуде, жүзеге асыруда шамадан тыс асып кетуiне әкеледi.

Тақырыптық және функционалдық толымсыздық, төмен сапа және сертификаттың болмауы, сенiмдi мәлiметтердiң болмауы-бұл ресурстардың негiзгi сипаттамасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының территориясы бойынша ақпараттық қызметтiң, қордың, бағдарламалық өнiмнiң, ақпараттық күш-жiгердiң таралуы бiр қалыпты емес.

Бiрыңғай ұлттық телекоммуникациялық жүйенiң жоқ болуына және тұтынушының әлеуметтiк мәртебесi мен қызметтiк жағдайының салдарынан ақпаратты пайдалану оның ведомствосының меншiгiнен аса алмайды. Территориядан алыс ақпараттық қорды қолдану мәселесi бәсең шешiлуде. Субъектiлер мен жеке азаматтарға қожалық ететiн мемлекеттiк басқару органдарының ақпаратпен қамтамасыз етiлуi төменгi деңгейде. Көптеген тұрғындар үшiн ақпаратты қолдану радио, теледидар, баспасөз арқылы дәстүрлi түрде жүргiзiледi.

Бүгiнде Қазақстанда ақпараттық тауар мен қызметтi қолдану мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi туғанда, АТҚ нарығын қалыптастыру процесi жүредi.

Берiлген нарықты қалыптастырудың негiзгi объективтi алғы шарттарын мысалға келтiрейiк:

-шаруашылық iстiң басқа түрiне өту;

-көбiне берiлген салалардағы жеке және коммерциялық мекемелердiң дамуы;

-мемлекеттi басқару бойынша автоматтандыруды жүзеге асыру саласында тауарлық-қаржылық қатынастарды белсендiру;

-қоғамды ақпараттау.

АТҚ-дегенiмiз ғылыми-техникалық шешiм; ақпараттық технология; ақпараттық-коммуникациялық технология; "ноу-хау"; алгоритмдер мен бағдарламалар; мәлiметтер негiзi; коммерциялық сипаттағы ақпараттар; әртүрлi тақырыптағы зерттеулер мен басқа да ақпараттық қызметтер. Мұндай түрдегi тауар мен қызметке қызығушылық, оларды қолдануда материалдық, қаржылық, еңбектiк, уақыт қорларын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Ақпараттық өнiм мен қызметтi (АӨҚ) өндiрумен айналыспайтын мекемелердiң iшiндегi осыған ұқсас бөлiмдерге құрғаннан гөрi, мұндай ақпараттық өнiмдердi арнайы фирмалардан алу бiршама арзан боалтыны түсiнiктi.

Әртүрлi жоспардағы ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтау технологиясы техникалық жабдықтау, бағдарламамен қамтамасыз ету кезiндегi өңдеулер, көп мәлiметтердi ұйымдастыру мен құруда жеткiлiктi қаражат талап ететiн қымбат тұратын және күрделi процесс. Сондықтан сапалы ақпараттық өнiм мен қызметтi алуда мамандардың (зерттеушiлер, жүйелi және қолданбалы бағдарламалар техникалық қызметкерлер) деңгейi өте жоғары болуы керек., Респонденттердiң кең көлмедегi желiсiн ұйымдастыруда ақпараттық фирмалар мен басқа да iскерлiк қатынасты реттеуде жалпы ақпараттандыру бағдарламасы аясында мемлекеттiк тәсiл қажет-ақ. Ақпараттық өнiм мен қызметтi өндiретiн, бұдан бұрынғы есептеу орындары iс жүзiнде өз қызметiн тоқтатып, түрлi себептер әсерiнен орнына ақпараттық агенттiлiкпен фирмалар пайда болды.

Ақпараттық өнiм мен қызмет тұтынушылары қоғамдық өндiрiстiң барлық салаларына жинақталған. Оларға мемлекеттiк басқару және билiк органдары (Президент, Үкiмет, Парламент, Мәслихат, Әкiмшiлiк); мемлекеттiк, акционерлiк және коммерциялық банкте; биржалар; мемлекеттiк холдинг компаниялары, жеке фирмалар; радио және теледидар жатад.

Осылайша, ақпараттық тауар мен қызмет (АТҚ) нарығында сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру жөнiнде айтуға болады.

Қазақстандағы ақпараттық тауар мен қызмет нарығының нақты жағдайын қарастыратын болса, қазiргi уақытта ақпараттық қызмет көрсететiн коммерциялық ақпаратты жүзеге асырумен айналыатын, талдайтын, өңдейтiн, жинақтайтын бiрнеше фирмалар бар. Олардың iшiнде ең белгiлiсi: "Жетiсу" ақпараттық агенттiгi, "МақсатТелесистем" АҚ, "New Age Technologies" компаниясы, "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ (АҚ "ҰАТ"), "Ақпараттық қауiпсiздiк агенттiгi" ЖШС, "Плюсмикро" фирмасы, "Novell", "Sun Мicrosystems AB Kazakhstan anf Central Asia" компаниясын Өкiлдiгi, "Компьютер жүйесi", "Nursat" компаниясы, "1С: Слова", ЖШС корпорациясы, "СЭТ" фирмасы, "Про-Инвест-ИТ" Аймақтық орталығы, "ТиМLTD" компаниясы, "Ирбис" және басқа қаржы нарығының ақпараттық агенттiгi.

Қазақстан нарығында алғашқылар болып "Жетiсу" АА және "МақсатТелесистем" АҚ саналады. Бұл фирмалардың пайда болғанына 11 жылдан астам уақыт болды. Бұл уақыт iшiнде олар жоғары бiлiктi мамандардың шығармашылық ұжымын құрды, АТҚ өндiрiсiнiң әдiсi бойынша бiршама тәжiрибе жинақтады. Бұл жерде көптеген мәлiметтер негiзi құрылған, бастапқы ақпарат алу механизмi жұмыс iстейдi, ТМД, Балтық және Алыс Шетелдер респонденттерiмен iскерлiк қатынасқа жол ашылған. Бұл фирмалардың қызметiн ҚР Ұлттық Банкi, Қазақстанның коммерциялық банкiлерi, мемлекеттiк компаниялар, жеке фирмалар, бұқаралық ақпараттар, радио, теледидар қолданады.

"Жетiсу" АА биржа құны туралы, валюта және қаржы нарығындағы, өнiмге, шикiзатқа, материалға деген әлемдiк баға туралы, өнiмнiң әр түрiн қолданатын және тұтынутын фирмалар жайында күнделiктi ақпараттарды жаңартып отырады, мақсаттық тақырыптағы тапсырыстарды орындайды. Бүгiнде, респонденттер мен өзiнiң ақпараттар негiзiне сүйене отырып, бағдарлама мен жинақталған әдiстердi қолданып, агенттiлiк мәлiметтердi қолдану мен ұйымдастыруды қолайлы бiрiктiретiн бағдарламаны талқылаудағы инвестициялық жобалардың экономикалық тәуелдiлiгiн бағалаудағы, құралдарды шығарудың тиiмдiлiгiн талдау саласындағы күрделi тақырыптарды зерттеуге қабiлеттi.

Бағдарламалармен қамтамасыз етiлетiн фирмалардың көмегiмен өңделген келiп түскен барлық ақпараттар, нақты уақыт көлемiнде кез келген тұлғалардың таңдаулы сұрақтарына сәйкестелiп, мәлiметтер негiзiне күнделiктi сұрыпталып отырады.

Қазiргi қуатты ақпараттар шектеусiз аралықтағы ақпаратты iс жүзiнде тез өңдеп, әр түрлi талдауды жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Берiлген фирмада тапсырыс берушiлермен жұмыстың әр алуан түрi қамтылған. Модемдi байланысты қолданып, факс бойынша не шабарман арқылы "Жетiсу"АА және "RELCOM" электронды поштасы ақпаратты жеткiзудi жүзеге асырады.

"МақсатТелесистем" АҚ төмендегiдей негiзгi салалардың ұйымдастыруынан құралған: биржалы ақпарат; валюталық; коммерциялық; үкiметтiк; құнды қағаз нарығы; әлемдiк құн және басқалар.

Фирмаға келесiдей ақпараттық-жарнамалы жүйелеп енгiзiлген:

-"Мақсат" электрондық компьютерлiк газетi;

-"Телетекст" ақпараттық-жарнамалық жүйесi;

-"Мақсат" компьютерлiк желiсi.

Барлық ақпараттық бизнстiң үш құрамасы бiрыңғай мәлiметтер негiзiне бiрiккен. "Мақсат-Телесистем" АҚ тапсырыс берушiлермен жұмыс iстеуде бiрашама тәжiрибе жинақтаған. Қазақстанның ақпараттық қызмет және тауар нарығына шығарылған соңғы компаниялардың бiрi болып мыналар саналады:

1."New Age Technologies" компаниясы.

Компанияның қызметiнiң негiзгi мақсаты компьютерлiк технологияға негiзделген ұйымдар мен мекемелердiң бизнес-процесiн басқару жүйесiн құру болып табылады. Бұл үшiн компания өзiнiң тапсырыс берушiлерiне ақпараттық жүйенi құрудағы жобалау, консалтинг, бағдарламамен қамтамасыз етудi өңдеу, оқып-үйрену және серiктес боул сияқты жинақталған шешiмдердi ұсынады.

Жобаның бiртұтастығын қамтамасыз ету үшiн компания серверлiк платформа, сыртқары құрылғыларды қоса есептегенде аппараттық шешiмдердi ұсынады.

Бағдарламалық өнiмдер:

Қазақстан Республикасының салық әкiмшiлiгi саласына енгiзген жаңа ақпараттық технологиясының төңiрегiнде "New Age Technologies" компаниясы салықтық есеп берудiң электронды түрi бойынша ақпараттық жүйенi өңдеушi болып табылады.

"New Age Technologies" компаниясында тапсырыс берушiге кеңес беретiн бағыт белсендi дамыған:

-салықтық есеп берудiң электронды түрдегi ақпараттық жүйесi;

-салық салу көздерiнде кестеленген физикалық тұлғалардың табысын есепке алудағы АЖ;

-салық бойынша қосымша құнды төлеушiлердi тiркеуге алу. ҚҚС бойынша шотпен бағасы жазылған қағазды тiркеуге енгiзу.

"BanksGate 1,0" Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне рұқсат беру үшiн бағдарламалық жинақ.

"BanksGate 1,0" бағдарламалық жинағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкаралық Есебiнiң Қазақстандық Орталығының банктiк хабарлама алмасу жүйесіндегi хабарламаны жеткiзуге сақтауға кепiлдiк беруге арналған. "BanksGate 1,0" "Delphi 5" және деректер қорын басқару жүйесi "InterBase 4.0" (тапсырыс берушiнiң талабы бойынша басқа дерек қорын басқару жүйесiн қолдануға мүмкiндiгi бар) өңдеу ортасын қолдану арқылы iске асырылған.

2."Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) - Қазақстан Республикасының ақпараттық тәуелсiздiгiн төмендегi жолдар арқылы қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк телекоммуникациялық мекеме. Ақпараттық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету жолдары:

-Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау;

-мемлекеттiк органдары ақпараттандыру туралы бағдарламаны енгiзу және өңдеу;

-ақпараттық қауiпсiздiк жүйесiн енгiзу және жобалау;

-ақпараттық-есептеу желiсiн пайдалану, құру және жобалау;

-жаңа ақпараттық технологияны енгiзу мен өңдеуде байқауларды өткiзу және ұйымдастыру;

-ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясы саласында консалтинг және оқыту.

Ұлттық ақпараттық технологиялар Орталық Азия мен Қазақстанның барлық аймақтарында "Вanknet" мәлiметтерiн жеткiзудегi iрi желiлердiң операторы болып табылады.

3.Ақпараттық қауiпсiздiк агенттiгi ЖШС 1998 жылы жеке компания болып қалыптасты. Ақпараттық қауiпсiздiк агенттiгi №009 14.04.1998 мемлекеттiк лицензиясына ие. Ол ақпараттарды сақатуда криптографиялық құралдарды жүзеге асырумен, жөндеумен, өндiрумен шұғылданады:

-бiрлескен желiдегi ақпараттарды сақтау;

-Internet-ке қауiп -қатерсiз ену;

-кезiккен шабуылға төтеп беретiн талдау жүйесi;

-Интернет-банкинг және электронды коммерциядағы шешiмдер;

-мәлiметтердi жеткiзу және қауiпсiз сақтау.

Ұлтық ақпараттық технологиялар "PrivateWire" бағдарламалық өнiмiн ұсынды. Ол - ақпаратты сақтаудың әртүрлi технологиясын бiрiктiрген көп деңгейлi қауiпсiздiк жүйесi.

"PrivateWire" көпдеңгейлi қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жинақталған жүйенi iске асырады: байланыс ретiн критографиялық қорғау; қолданыс деңгейiндегi ақпаратты сақтау; желiнi бөлу (желi аралық экран), қорғанудың құрал аспабын қолданудағы қосымша мүмкiндiктер.

4."Плюсмикро" фирмасы бөлшек сауда дүкендерiндегi кассирлер мен менеджерлердiң жұмысын автоматтандыру үшiн арналған "Лука Супермаркет" көпқолданыстағы бағдарламасын ұсынады. Кассирлердiң жұмыс орны POS-терминалмен жабдықталған. Менеджер компьютердi мен POS-терминал жергiлiктi желiге жалғанған және Банк iсiнiң деректер қоры жұмыстарына қолданылады. Деректер қоры жеке серверге не болмаса менеджер компьютерiнде орналасқан және тауар туралы қажеттi ақпараттарды құрайды. Жүмыс жүйесi жекеленген сервер арқылы Windows NT, Novell Net Ware басқаруы мен Windows 95, 98, 2000 бiррангiлi желiсiнде жасалады.

Берiлген фирмадар "Лука Супермаркеттен" басқа "Лука Бюджет", "Лука бизнес", "Лука Кiтапхана", "Лука Pro" сияқты өнiмдердi ұсынады.

5."Novell" компаниясы өкiлдiгi. Өнiмдерi:

"Novell Net Ware" - мәлiметтердi сақтайтын орын, One Net ортасындағы жұмыспен қамтамасыз етедi, сақату желiлерiнiң кең көлемдi болуы мен қосылудың жоғары деңгейде болуын жүзеге асырады.

"Novell DirXML"-нақты уақыт iшiнде ақпаратпен алмасудың үдемелi қызметi.

"Novell Group Wise6"-"One Net" отасында бiрлестiктi ұйымдастырып, хабарламаны жеткiзетiн құрал.

6."Sun Microsystems AB Kazakhstan & Central Asia"-"Sun Microsystems Inc" корпорациясының аймақтық өкiлеттiгi.

"Sun Microsystems" корпорациясы "Sun ONE" (Sun Open Net Environment) архитектурасының стандартты желiсiне негiзделген, бизнес үлгiсiн құру үшiн шешiмдермен технология жоспарындағы жаңа төңкерiстердi ұсынады."Sun ONE" архитектурасының артықшылығы: бизнес-процесiнiң үйлесiмдi "бiрiгуi", инвестицияны сақтау және тиiмдiлiк, жинақталған шешiм.

7."Компьютер жүйесi" корпорациясы-Касперск зертханасының авторлығындағы рессерлер, жаңа антивирусты өнiмдердi ұсынады:

-Personal Pro;

-Business Optimal;

-Corporate Suite.

Сондай-ақ компьютер вирустарынан қорғау технологиясында талассыз жетекшiлiк ететiн-"Антивирус Касперский" компаниясының негiзгi өнiмi.

8."Nursat" компаниясы қызметтерi:

-e-commerce жүйесiн өңдеу. Интернеттiң кез-келген қиындықтағы дүкендеiр мен көрiнiстерiн құру;

-Интернеттi өңдеу-дерек қоры және қолдану;

-Web-дизайн және креатив;

-жарнама баннерiн орналастыру және өңдеу;

-статистикалық және iздеу жүйесiн өңдеу;

-Хостинг Web-жүйенi шеткерi әкiмшiлiк бойынша кең мүмкiндiктердi ұсынады. Интернет жүйесiндегi өңдеу саласындағы кеңес беру қызметтерi.

9.ЖШС "1С: Слова" өнiмдерi:

"1С: Предприятие" бағдарламалары жүйесi.

10."СЭТ" фирмасы. "1С" фирмасының бухгалтерлiк бағдарламасы.

11."ТиМLTD" компаниясы "ПРО-ИНВЕСТ-ИТ" аймақтық орталығы. Өнiмдерi:

-"Project Expert"-қаржы жоспары және инвестициялық жобаны өңдеу жүйесi;

-"Sales Expert"-АТҚ нарығында жұмыс iстейтiн фирмалардағы сатуды басқару және ұйымдастырудың қазiргi жүйеiс. Бұл жеткiлiктi мәселелердi құрайды:

1.АТҚ-ға ие болу үшiн қаржы-қаражатының жетiспеушiлiгi.


2.Техникамен жеткiлiктi жабдықталмау.

3.Нашар дамыған ақпараттық желi мен инфрақұырылым.

4.Дер кезiндегi өзектi ақпаратты қолданудан нәтиже шығарудағы фирмалардың, ұйымдардың басшыларының қалыптаспаған пiкiрi.

5.Ақпараттық өнiмдi өндiретiн авторлардың құқығын қорғаудағы әлсiздiктер.

АТҚ өркениетi нарығының дамуы, көрсетiлген қиындықтарды жеңу арқылы жүзеге асырылуы керек.

Қазақстандағы АТҚ нарығының қазiргi жағдайын, сонымен дәлiрек айтқанда, олигополия деп айтуға болады. Оны сипаттайтын болсақ, бұл сала бойынша өндiрушiлердiң саны шамалы. Мұндай жағдайда өндiрушiлер нарығында бәсекелес фирмалардың әрекетiн көрiп бiлуге таладуға тырысуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң жағдайы мен бағытын ескермеуi мүмкiн; бiр-бiрiне келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай жағдайы Қазақстандағы АТҚ нарығының әлi жас, әрi қарай дамуда келешегi зор екенiн көрсетедi.



3.МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ
3.1.Ақпараттық жүйе-экономиканы басқару құралы ретінде

Қазақстан үшiн экономиканы тиiмдi басқару сұрағы бiрiншi кезектегi мiндеттердiң бiрi болып табылады. Қазақстанның қазiргi жағдайына ұқсас экономиканы басқарудың оң нәтижесiне жеткен елдердiң тәжiрибесi мен басқару әдiстерiн, әртүрлi жүйе тиiмдiлiгiн талдай отырып, Қазақстан үшiн жарамды, негiзгi экономиканы басқару тетiгiн белгiлеуге болады: бұл мемлекет мүмкiндiгi арқылы басқару және нарықты мемлекеттiк реттеу арқылы жүзеге асырылады. Бiрiншi бағыты мемлекеттiк секторды тiрек ете отырып, холдинг пен банк белгiлерiнiң бiрлесiмдiлiгi бар ұйымды қалыптастыру, соның нәтижесiнде оның бөлшектерiн жекешелендiру арқылы, мемлекетке максималды пайда келтiру.

Экономикаға мемлекеттiк әсер етудiң екiншi бағытының негiзi-нарықты мемлекеттiк басқаруды реттеу. Бұл мемлекет қызығушылығындағы нарықтың тактикалық өзгерiсiн жүзеге асыру үшiн де, сондай-ақ стратегиялық мемлекеттiк мақсатқа жету үшiн де керектi бағыт.

Европа елдерiнiң тәжiрибесi көрсеткендей, алдыңғы қатарлы салалардың технологиялық даму кезеңiне сүйенген кезде ғана; экономиканы реттеуде мемлекеттiк бөлiм тиiмдi жұмыс iстей алады.

Ресей қоғамның барлық саласында ақпараттанудың ролiн мойындағанына қарамастан ақпараттық қоғамға өтуде ендi дамып келедi. Дамыған елдердiң алға басар жолындағы есептеулерi мен қателiктерiн ескерiп, кейбiр кемшiлiктi пайдаға шешуге болады. Экономикалық дамуды реттейтiн мемлекеттiк басқару органдары мен нақты ақпараттағы нарық субъектiлерiнiң қажеттiлiгiн бiруақытта қанағаттандыратын нарық экономикасына керектi жалпымемлекеттiк ақпараттық жүйенi жобалап, әлемдiк деңгейдегi мамандандырылған қорғаныс сипатындағы ақпараттық институттар мен халық шаруашылығын басқаруда ұйымдастырылған жабық жүйенi құруда үлкен тәжiрибеге ие бола отырып, даму жолында бiрнеше сатыдан секiрiп, басып озып, алдыңғы шекпе шығуға болады. Өз қарамағындағы қуатты ақпараттық жолдингке ие бола отырып, ақпарат нарығындағы ақпарат ағымын бақылай отырып, мемлекет аз уақытта экономиканы қалыпқа келтiру мүмкiндiгiн иеленiп, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қаратыра қосылады.

Бiрақ МБАЖ ьалдау мәселесi толық зерттелмеген. Сондықтан ақпараттық жүйенi мемлекеттi басқарудың құралы ретiнде қарастыру өзектi болып саналады, бiрақ жеткiлiктi зерттелмеген және өңделмеген.

МБАЖ экономиканы басқару үшiн мемлекеттiк органдарға қажеттi ақпаратты беру, жаңарту, сақтау, жинақтау жүйесiн құрайды.

МБАЖ нақтылы сызба нұсқасы мен құрылымы 4 суретте көрсетiлген.



Сурет 4. Экономиканы мемлекеттiк басқарудың ақпараттық жүйесi.


Мемлекеттiк басқарудың жеке бөлшектерiн қарастыру жеке зерттеудiң құралы болып саналады. Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi математикалық және бағдарламалық әдiстер арқылы қамтамасыз етiледi (5 сурет).

Сурет 5. МБАЖ математикалық қамтамасыз етудiң сызба нұсқасы.


Жоғарыда көрсетiлген үлгiлердiң бiрнешеуiн қарастырайық. Ең көп тарағаны - корреляциялық-регрессиялық талдауға негiзделген көп факторлы модель.

Экономиканы мемлекеттiк басқарудағы ақпараттық жүйенiң математикалық қамтамасыз етiлуi, оның - әдiстерi мен модельдерiнен тұрады. Ол үшiн жеке басқару параметрлерiн және экономикалық көрсеткiштердiң динамикалық қатарын құрастыру қажет. Соның арқасында экономикалық әдiстердi қолдану арқылы модельдер құрастырылады. Қазiргi кезде макроэкономикалық (Model.xlc), бюджеттiк (Budget.xlc) және төлем баланстары (BoP.xlc) модельдерi iс жүзiнде қолданылуда. Бүгiнде ақпараттық жүйенiң модельдерi толық iске асырылмаған. Құрылымда берiлген модельдердi жүзеге асыру болашақта ақпараттық тауар мен қызмет құндарын қалыптастыру моделi арқылы ақпараттық қызмет нарығындағы және қамтамасыз етудегi болжамдарды жасауға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, ақпараттық тауардың сиректегi қорды сақату мүмкiндiгiмен сипатталады. Басқа тауарлардағы сияқты үнемдiк оған тән емес, яғни оны қолданған сайын, қоғам да байи түседi. Осыған орай, ақпараттық өнiмнiң тұтыну қасиетi, оның сатылу мөлшерiнiң өсуiне сәйкес төмендемейдi.

Ақпараттық жүйенi жасаудағы тапсырыс берушiнiң рөлiн қайта бағалау қиын. Жүйенi әзiрлеу кезеңiнде, ол тапсырыс берушi болып табылады, ал кейiннен оның пайдаланушысына айналады.

Ақпараттық жүйелерге деген шығындар өсiмi оларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруды қажет етедi. Бұл үшiн өлшеу, басқаша айтқанда, ақпараттық жүйенi пайдалану нәтижелерiн енгiзу және пайдалану шығындарымен салыстыру қажет. Шығындар мен нәтиженi салыстыру олардың ақшалай түрделi көрiнiсiн болжайды.

Көрсетiлген қызмет пен ақпараттық өнiмнiң бағасын қалыптастыру ақпараттық маркетингтiң бағдарламасының негiзгi элементтерiнiң бiрi болып саналады.

Табыс мөлшерiне қойылған баға ғана емес, сонымен қатар басқа да қозғаушы күштер әсер етедi, соның бiрi ақпараттық қызмет пен өнiм сапасы. Дамыған елдердiң маркетингтiк зерттеуiнiң iс-тәжiрибесi көрсеткендей, ақпараттық қызметтер мен өнiмдердi өндiругi фирмалар ақпараттық қызмет пен өнiм құнын белгiлеуде бiршама негiзгi тәсiлдердi қолданады. Өнiмдiк тәсiл ақпаратты қызмет пен өнiм өндiрушiлерге назар аудартады. Басқару тәсiлi алдындағы тәсiлдiң бiрнеше белгiсiн өзiнеқосып, сол не басқа фирмада құнды стратегияны жасауда қолданылады. Ақпараттық өнiм ен қызметке деген құнды қалыптастыру процесiнде әрбiр өндiрушi мынадай бiрнеше сұрақтар қатарын шешедi: берiлген тауар мен қызмет қаншалықты сирек, тұтынушының төлем мүмкiншiлiгi қандай, берiлген өнiм нарығының құрылымы қандай және т.б.

Ақпараттық қызметке деген құнның деңгейiн анықтайтын үш басты әдiс белгiлi: шығынға негiзделген құн, сұранымға негiзделген құн, бәсекелестiкке негiздеген құн.

Құн түзiлудiң сол, не басқа үлн\гiсiн таңдау мынаған байланысты: автоматтандырылған деректер қорын иемденушiсiнiң нарықтық бағытына (тұрақты бағыттағы фирмалар көп дәрежеде сұраным есебiне, шығынға бағытталған); баға, сұраныс, шығын туралы ақпараттардың сенiмдiлiгiне; сұраныс сипатына, оның iшiнде баға тиiмдiлiгiне. Ақпараттық қызметке деген бағаның деңгейi автоматтандырылған деректер орталығының иегерiнiң табысын жоғарылататындай болуы керек. Егер де құн деңгейi өте төмен болса, онда автоматтандырылған деректер қорын басқарушысы пайданың бөлiгiн ала алмай қалуы мүмкiн және керiсiнше, өте жоғары болса, онда да пайда мөлшерi өспеуi мүмкiн, яғни жоғары құн ақпараттық қызметке деген сұранысты шектейдi. Сондықтан, берiлген жағдайда құнның тиiмдi деңгейде болғаны жөн. Мұндай деңгей едәуiр дәрежеде баға бойынша сұраныстың құбылмалы екендiгiн көрсетедi, бағаға байланысты сұраныстың төмендеуiн көрсететiн сұраныс қисығының көмегiмен көрсетiледi. Ол бағаның кейбiр белгiленген деңгейiндегi ақпараттық қызметтi тұтынушылардың қажеттiлiк шамасын көрсетедi. Барлық көрсетiлген сұранысты iс жүзiнде қанағаттандыратын автомататндырылған деректер қорының бiра ақпараттық қызмет ұсынысын өзгешелiгiнiң қаншалықты екенiн көрсетедi. Бұл жағдайдағы құнның тиiмдi деңгейi бәсекелестiктiң жетiлмеген жағдайындағы фирмалардың теңдiгiн талдау үшiн жасалған математикалық әдiстер көмегiмен табылады.

МБАЖ бағдарламалық қамтамасыз етудiң сызба нұсқасы 6-суретте келтiрiлген.

ДЭЕМ бағдарламамен қамтамасыз ету нарығы бағдарламалау тiлi және жалпыға арналған мәлiметтер негiзiн басқарудың коммерциялық жүйесiнiң қызмет мүмкiндiгiн орналастырады. Қазақстанда ақпарттанудың нарықтық дамуы зерттелмеген деп айтуға болмайды.

Сурет 6. Экономиканы мемлекеттiк басқарудағы ақпараттық жүйенi бағдарламалық қамтамасыз ету сызба нұсқасы.

Бiздiң елiмiзде ақпараттық технологияның қарапайым дамудан күрделi дамуына өтудiң үш кезеңi байқалады:

-компьютер техникасы нарығының құрылуы;

-телекоммуникация жүйесiнiң дамуы;

-телекоммуникация ортасында ақпараттық өнiм мен қызметi сату дәне өндiру.

Ақпараттық технологиялар ресурстары техникалық және бағдарламалық жабдықтарға, сондай-ақ, қызмет түрлерiне бөлiнедi. Техникалық жабдықтарды қолданудың жүктеме мөлшерiнiң пайызын шығындар факторларына жатқызамыз. Бағдарламалық жабдықтар жүйелiк және қолданбалы болып екiге бөлiнедi. Жүмыс iстеп тұрған жүйелiк ресурстардың пайызы шығын факторына жатады (7-сурет).

Компьютер техникасының нарығы, компьютердi сатудың қарқынды өту кезеңiнен басталды. Телекоммуникациялық желiлер бұдан қолайлы жағдайда дамыды. Бұл жерде жоғарғы технологияның елiктiрушi әсерi болды. Телекоммуникация желiсiнiң дамуында озық, дайын жетiстiктер қолданылды және ұзақ мерзiмде инвестицияға жағдай жасады.


Сурет 7. Ақпараттық технологиялар моделiнiң ресурстары және

шығын факторлары.
Қазiргi кезде отандық ақпараттық өнiм мен қызметтi сату және өндiру мәселесi тұр.

Ақпараттық өнiм мен қызметтi шетелдiк тауарлар басып қалған. Отандық ақпараттық қызмет пен өнiм құрылымы баяу дамуда; отандық ақпараттық өнiм мен қызметке жоғарғы деңгейлi пошта жасалмаған, соның есесiнен бiз оны шетелдерден жоғары бағаға аламыз.

Өз өндiрiсiмiз арқылы ақпараттық өнiм мен қызмет нарығын дамытатын болсақ, ақпараттық өнiм мен қызмет тауарын шетелден әкелу нарығын қорғап, оның өз елiмiзде құрылуына мүмкiндiк берiледi. Осы мәселе бойынша өткен жылдың мамыр айында елiмiзде тұңғыш рет ақпараттық технологиялар паркi iске қосылып, онда үндi, қытай компьютерлерi шығарыла бастайтын болады. Алматы қаласының төңiрегiнде орналасқан "Алатау" ақпараттық технологиялар паркiнде жұмыс iстейтiн компаниялар салықтан босатылатындықтан олар шығаратын өнiмдердiң бағалары да арзан болады деп көзделуде. Осылайша, бәсекелестiктi дамытып ақпараттық технологиялардың бағасын бiрте-бiрте төмендетiп, сәйкесiнше тауар сапасын көтеру басты алға қойылған мақсаттар болып табылады. Ақпараттық дамыған елдер тәжiрибесi көрсетiп отырғанындай, мұндай тәжiрибелердi қолдану үлкен табыстарға әкеледi.

Қазiргi нарық, қамтамасыз ету құралдары мен технология нарығы және ақпараттық нарықтың өзара байланысуынан тұратын екi бөлiктен құралған (сурет 8).



Сурет 8. Ақпараттық технология мен техникалық құрал, ақпараттық қызмет нарығы дамуының сызба нұсқасы.


Жаңа ұйымдастыру-басқару болмысы қазiргi уақыта толық сәйкес келмейдi. Оның iшкi себептерден пайда болғандығын көрсетедi. Экономиканы басқару жүйесiндегi аймақтың өсушi ролiн есепке алғанда, сондай-ақ ақпараттық менеджмент пен макетингке иерархия механизмiн ендiру негiзiне бейiмделудi жоғарылатады. Бұған сәйкес нарықтық дамудағы ақпараттандырудың келесi ұйымдастыру-функционалды сызба нұсқасы көрсетiледi (сурет 9).

Сурет 9. Ақпараттық инфрақұрылымды ұйымдастырудың сызба нұсқасы.


Ақпараттық ағынның кең көлемiнен арылуына мүмкiндiк беретiн аймақты басқарудың жоғары деңгейлi қызметiнiң жүйелi берiлуiнiң айқындалған процесiн қарастырады; өзiнiң арнайы нарық заңы бойынша дамуы тиiс қамтамасыз ету құралы мен ақпараттық қызмет нарығын анығырақ бөлуге мүмкiндiк бередi; басқарудың әрбiр деңгейiнде ақпараттық маркетинг пен менедженттiң рөлiн және орнын белгiлеп, тұтынушыларға ақпараттың тiкелей жеткiзiлуiн, сапасын, үлкен сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi-деп айтуға болады.

Көбiнесе, ұсынылған, ұйымдастырылған технологиямен келiскендей ақпараттық қызметтегi негiзгi екпiн, құралмен қамтамасыз ету нарығының қалыптастырылуы мен қызмет етуi тиiс аймақтарда араласқан басқару шешiмiн қабылдауға қойылады.

Дегенмен, келешекте үлесi үздiксiз төмендемейтiн мемлекеттiк статистиканың аймақтық филиалдары, ведомстволар мен министрлiктердiң аймақтық қЫзметтегi ақпараттық қамтамасыз етудiң жоғары деңгейлi құрылған технологиясының сызба нұсқасын сақтайтынын көремiз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет