41
Біраз күн сөйтіп ләм демей,
Басқаннан соң қарқынын
Бастады Жүкең бір істі:
Ел билеуге кірісті.
Жақтап жарлы, жалшыны.
Сыпырғандай тезекті
Өңшең залым кезептен
Еңбекші елді аршыды.
Уәзірді жер аударды.
Қазының басын алдырды.
Машайығын, молдасын,
Қойқаңдаған қолбасын
Абақтыға салдырды…
Елді сорған сұмдардың
Қырықтырды басын түймедей.
Байларды айдап жиғызды,
Тұмылдырық кигізді.
Жүсіп бұқара қамын ойлаушы болса да,
оның мына қантөгісі
құптарлық іс емес. Мағжан Жүсіп бейнесі арқылы сталинизм дәуірін
әшкерелеп отыр. Поэманы жазған жылдары ақынның өзі ескішіл,
байшыл
ақын атанып, қуғынға ұшырай бастайды. 1924 жылы
Мәскеуде қазақ жастары Мағжан шығармаларын теріске шығарған
қаулы қабылдап, Қазақстанға жібереді. Қаулы 1925 жылы 14 қаңтарда
«Еңбекшіл қазақ» газетінде жарияланады. «Жүсіп хан»
поэмасы да
сол жылы «Шын ертек» деген атпен осы газетке шығады.
Ақын Жүсіп бейнесі арқылы сол кездегі Кеңес өкіметі саясатын
сынап отыр. Жүсіп кедей болса,
Кеңес өкіметі де кедей, жұмысшы-
лардан құрылды. Жүсіп
байларды тұмылдырықтаса, елді сорғандар-
дың басын түймедей қырықтырса, Кеңес
өкіметі де қазақ байларын
кәмпескелеп, жер аудартып, халыққа қарсы қойды, «халық жауы» деп
талай азаматтарды құрбан қылды.
Сөйтіп, оныншы күні таңында Аббас хан маңындағылар Жүсіп
ханды өлтіріп, Аббас хан қайтадан тағына отырады.
Р.Нұрғали: «…Жүсіпханда» тұлға мен тобыр, мансап пен ұждан
диалектикасы бар», – дейді [4, 102 б.].
Достарыңызбен бөлісу: