Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ



Pdf көрінісі
бет12/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

«Өтірік ертек» поэмасы 
 
«Өтірік ертек» поэмасын Мағжан суретші Арлаудың «Мысық, 
тышқан» деген он төрт суреті бойынша жазғанын ескертіп кеткен. 
«Өтірік ертекте» мысал, тұспал әдісімен берілген әлеуметтік тар-
тыстар сыры бар» [4, 102 б.]. 
Мұнда да ел билеуші және көпшілік, тізе батырушылық негізгі 
мәселе болады. 
Тышқандарды жеп жүрген мысық бір күні қарны ашқанда 
мешітке барып қулық істейді. 
Мейірімі мол, тәңірі ие, 
Мынау мешіт үйінде. 
Ант ішемін атыңмен, 
Тіпті арамдық етпен деп, 
Тұмсығына шертпен деп, 
Енді тышқан затының! 
Сүттей аппақ ниетпен 
Бір өзіңе ант берем: 
Енді өмірімде ет жемен! 
Ұшыраса аш тышқан 
Етімнен кесіп ет берем. 


45
Мысықтың осы сөзіне сенген тышқандар той жасап, елшілер 
мысыққа достықтың белгісі деп тарту апарғанда, мысық оларды қы-
рып салады. Мағжан мысық арқылы сол кездегі қазақ елін жарыл-
қаймыз деп, артынан зобалаң салған қызыл империяны көрсетіп 
отыр. 
Сөйтіп, тышқандар мысықпен соғысып, мысықты хандары 
зынданға салдырады. Ертеңіне дарға аспақ болғанда мысық құтылып 
кетеді. Көпшілік ханның ақымақтығынан көреді. 
Хан қырағы данам деп, 
Ханның тілін алам деп, 
Қырылды ғой ел бейбақ! 
Қой, хан деуді қоялық! 
Ханның көзін жоялық! 
Мысық та жау, хан да жау. 
Біреуі оның тыстан жау, 
Біреуі оның іштен жау; 
Жаудың ісі – ел талау… 
Осылай жұрт ақылдасып, мысықпен тағы соғысып, жеңіп, 
ханмен бірге қосақтап айдайды. 
Мағжан сыртқы жау, ішкі жау деп сол кездегі қазаққа ниеті 
дұрыс еместерді әдейі астарлап айтып отыр. Қазақтың ішінен шыққан 
жаулар репрессия кезінде талайлардың өліміне себепкер болды. 
Соныменен хан, мысық, 
Кетті қаңғып қан құсып, 
Қуанышта қалың жұрт 
Деп: «Бұғаудан босандық!» 
«Жасасын, – деп, бостандық!» 
Қол соғылды шарт та шұрт. 
Мағжанның айтайын дегені осы жолдардан көрінеді. Поэманың 
идеясы – бостандық. 
Екі жауын осынау 
Қылған кейін қанталау 
Қалың тышқан – қалың ел, – 
деп поэмасын аяқтайды. Көпшілік жұмылып, бірлесе қимыл-
даса, талаушы, қанаушыдан құтылуға болады дегенді айтқысы келді. 


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет