Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ


Романның көркемдік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

Романның көркемдік ерекшеліктері. 
Жанры жағынан роман – психологиялық шығарма. Оны жоға-
рыда кейіпкерлерді талдағанда көз жеткіздік. 
Арасында ақ өлең үлгісімен жазған. Сюжеттің басталуы, аяқта-
луында, композициясында артық боп тұрған кейіпкер де, оқиға да, сөз 
де жоқ. Юмор, сарказмды көп қолданады. 
«Романның сюжеттік құрылымы жүрдек. Ол кезекті (хрони-
кальны)] және себепті (концентрический) сюжеттердің бірлігіне не-
гізделген. Орама (кольцевая) композицияның белгілері бар. Тарты-
сының шарықтау шегінен (бұл – кең көлемдегі, екінші реттегі тартыс) 


66
кейінгі шешімін күтетін сәтте «Махаббат» атты төртінші бөлім ар-
қылы шығарма бастамасы (экспозициясы) пайда болады [12, 32 б.]. 
Жазушының бейнелеу құралдары көбінесе ауыл тұрмысынан 
алынады. «Ықаң шылымын тұтатқанда әуелі аузын толтырып, түтінді 
жөдемелете будақтатып жіберді. Оны көргенде Бекболаттың көзіне 
кешке таман басына күл шашқан бұқа елестеді» [11, 215 б.]. 
Темекі тартқанды көрмеген Бекболаттың есіне бұқа түсуі на-
нымды болса, оқырман үшін күлкілі, жазушы қолмен ұстағандай 
жанды сурет жасай қойған. 
«Мұртын тазының құйрығындай ширатқан, шашын енесі жала-
ған бұзаудай тарап, жылтыратқан ақ киімді дәрігер де матүшкелерге 
орысшалап, ауру жатқан үйлерді нұсқап, бірдеңе тапсырып жүр» [11, 
196 б.]. 
Автор ауылда өскендігін білдіріп, қазаққа таныс көріністі шебер 
қолданған. Байқағыштық, ұқсатқыштық шебер жазушыға ғана тән қа-
сиеттер. Дәрігердің қандай адам екенін білмесек те, оны да сықақтан 
автордың құр қалдырмағанын аңғарамыз. 
«Пароход сорпа жалаған кәрі төбетше суды сылп-сылп ұрып 
қозғала бастады» [11, 314 б.]. 
Мұнда да ауылға тән көрініс пен техниканың жанды сурет жа-
сағанын көреміз, тіпті пароходтың жүзіп бара жатқаны естілгендей 
әсер береді. 
Мұндай суреттер көптеп кездеседі. 
«Тыпаң орған шабындының түбірі бейнелес шашын бір сипап, 
шылымын жілік тістеген Майлыаяқша бір езуіне ырсита қыстырды» 
[11
, 214 б.]. Тыпаң шашын сипаттап жазуға жазушы көп әуреленбей-
ақ, бізге таныс орылған шабындының түбірін келтіре салады. Жазу-
шы көп айтылатын «кірпі шаш» деген сөзге басқа теңеу тапқан. Теме-
кіні езуіне қыстыруы да иттің сүйек тістегеніне ұқсатылып күлкіңді 
келтіреді. 
«Бекболат қаңылтыр аяқтағы сылдыр сорпаны жеріген жыл-
қыша тамсап, ұрттаған болды» [11,200б.]. Ол кездегі қазақтар қала-
ның, аурухананың тамағын ішіп үйренбегендіктен, жылқының лай 
судан жерігеніне теңеуі дәл шыққан. 
«Қонақтар қызарып-қызып сөйлегенде бірінің иығына бірі 
асылып, көздері кішірейіп, бірін-бірі тізеге салып қап», – деп, қонақ-
тардың мас болғандағы қимылдарын бейнелейді. Осындағы «көздері 
кішірейіп» деген тіркес – деталь. Адамның көп ішкенде көзінің кіші-
рейіп кететінін аңғартады. Ғ.Мүсірепов «Сөз жоқ, соның іздері» 


67
әңгімесінде де маскүнем Айдарбектің көзін «үшбұрыштанған» деген 
сөзбен береді.
«Етті үстелге әкеп қойысымен, Төлеген төргі үй жақтан ішіне 
тығып бірдеңе алып кеп еді, Тыпаң жымың ете түсіп, білмегенсіп: 
– 
Сенің қолыңдағы не? – деп өңірінен тартты. 
Кішкене «Бозжорға» еді, – деп Төлеген сыпайы қонағына қарап жы-
миды» [11, 219 б.]. Мұндағы «бозжорға» – арақ. Б.Майлиннің 
«Желдірбай Жындыбаев» әңгімесінде Желдірбай ауылнайдан «көк-
мойының бар ма?» деп сұрайтын. Бұл сөз де сол кездегі арақтың 
сыпайы атауы болған. 
«Бекболат та қалақтай алақанын қырынан жапсырып жатыр» 
[11,217], – 
деп Бекболаттың қонақтармен амандасуын жай сөзбен 
айта салмай, көз алдымызға суретін елестетеді. «Қалақтай» деген сөз 
Бекболаттың ауыл баласы екенін, қолының жалпақ екенін айқындай 
түседі. В.Набоковтың «Қапас құрсауы» романында осыған ұқсас 
мысал бар: «Кречмар, мұнда кімнің қожайын екенін аңғара алмай
қолын жуып жатқан адам құсап ысқылап тұрған Горнге қарсы жүрді. 
Горн қолын әлі ысқылап сабындап тұр, басын сәл ғана изеп қояды» 
[15
, 273 б.]. Бұл мысал ыңғайсызданып тұрған адамның қимылын 
нақтылай түседі. 
«Өзіне дейін қазақ прозасында роман дәстүрі терең тамыр 
жаймағанына қарамастан, «Ақбілек» романы стильдік, композиция-
лық тұрғыдан, сөз жүйесі бойынша іргелі көркемдік талаптарға қы-
сылмай-қымтырылмай жауап береді» [12, 31 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет