37
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек,
Сабалап қырды жол ғып жаралапты.
Байланған сексеуілге қобыз берік,
Көз ашқанша жиынға келіп қапты.
Сексеуілді қопарып алып келіп,
Қақаман жұбатады ерке қартты.
Қойлыбай жын жолдастарының
көмегімен қобызын бәйгеден
оздырды. Поэма соңын Мағжан былай аяқтайды:
Ертеде ел бар екен қалың Найман,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан…
Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы,
Алыста елестейсің заман қайран!..
Құдай-ау, албастының ойнағындай,
Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан?
Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем,
Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.
Осылайша ақын Қойлыбай бақсыны еске алып, бұрынғы заман-
ды сағынады, бүгінгісінен түңіледі. Бұл сарын Мағжанның басқа
поэмаларында, өлеңдерінде де кездеседі.
Қойлыбай бақсының өмірде болған,
болмағаны туралы
Б.Қанарбаева Ә.Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабынан
бірнеше деректер келтіреді.
«Қазақ сахарасында ежелгі заманның асқан данасы, Қорқыттың
толғау айту дәстүрін, оның күйін, дарынын, нақыл сөздерін мұра етіп,
біздің заманымызға жеткізген жыраулар, ойшыл адамдар аз болмаған.
Солардың бірі – Қойлыбай» [5, 196 б.].
«Ежелгі жыр-аңыздар» кітабында Қойлыбай қобызын тартатын
өзен «Қойлыбай өзені» деп аталып кеткендігін автор айта кетеді.
Сонымен бірге сол кітаптан Ә.Марғұланның Қойлыбай туралы аңы-
зын келтіреді. «Қойлыбай бақсы қобызын ат бәйгесіне қосуды тілек
етеді. Барлығы 300 сәйгүлік, ылғи атақты жүйрік,
асқан тұлпар қо-
сылады. Бірақ атсайысшылар Қойлыбайдың қобызын жаратпайды.
Қобызды ұстап алып, бір жуан терекке арқанмен байлап қояды… Сол
кезде сұрапыл боран соғып, қобыз ағашты түбімен жұлып ала жөне-
леді. Қайтарында бәйгенің алдынан келеді» [5, 197 б.].
Екінші аңыз бойынша, Қойлыбай өзінің жындарының көмегімен
алты қанат ақ орданы жерден көтерген.
38
Үшінші – 1924жылы Ташкенттен шыққан «Тарту» жинағындағы
«Бақсы» деп аталатын аңыз. Бұл екінші аңызға ұқсайды.
Төртінші аңыз – С.Сейфуллиннің шығармалар жинағының 6-
томындағы «Бақсы сарыны». Онда Қорқыттың жындарын шақыра-
тыны, дәу перілердің дастарқаннан нан алып, отырғандарға үлесті-
ретіні, Қорқыттан кейінгі үлкен бақсы Қойлыбай екені айтылады.
Бірақ Қойлыбайдың бәйгеге қобыз қосқаны айтылмайды.
Бесінші аңыз Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағының екінші
томында бар. Мағжан поэмасындағы сюжет осы нұсқамен сәйкес
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: