10
«
Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялайды.1917 жылы Ақпан төңкері-
сінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене
араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушы-
лардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ
комитеті құрамына сайланды. Мәскеуқаласында өткен Бүкілресейлік
мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі
бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа канди-
дат ретінде ұсынылды. «Алаш» партиясының Ақмола
облысының
комитетінің мүшесі болды. «Үш жүз» партиясы өкілдерінің жалған
айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жал-
пықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша
құрылған комиссияға төрағалық етті.1918 – 1919 жылдары Петропавл
уездік земство басқармасында қызмет етті.1919– 1923 жылдары
Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде, «Шолпан», «Сана»
журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту
жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэ-
масы «Батыр Баянды» жазып, жарыққа шығарады.1923 -1927 жылдары
Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда
орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет
қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен
достық қарым-қаты-
наста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз
сынға ұшырады.1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс
еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жер-
лестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы
қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын
талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы
қабылданды. Бұл қаулы «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылы 14
ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын
«Сәлем хат» деген өлең жазды. Ол «Тілші» газетінде жарияланды.
«
Еңбекқазақ» газетінің 1924 жылы 19желтоқсанындағы санында С.Мұ
қановтың «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына» деген
ескертпемен «Сәлемге сәлем» деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құры-
лысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, «уралап
айқайламадың» деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей
сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды.
Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда
оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы «Алқа»
атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі
Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы
11
М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып,
Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында
мектепте орыс тілі мен
әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай
қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген
айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда
Жұмабайұлы Алматығакеледі. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы
қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Достарыңызбен бөлісу: