В
«ВАВИЛОНСКОЕ ПЛЕНЕНИЕ ПАП» — см. Авиньонское пленение пап (1309—1877).
ВАГАНТЫ — ваганттар (орта ғасырлар дәуірінде кейбір Батыс Европа елдерінде кедей, қаңғыбас оқушылар. XII—XIII ғғ. қалалар мен университеттердің дамуына байланысты қайыршы кезбе студенттер және қоғамда орны жоқ уақ дін қызметкерлері — кликтер. Әлеуметтік жағдайы бойынша қала кедейлеріне жақын. Шіркеу ваганттарды қатты куғынға түсірді).
ВАЛЬВАССОРЫ — вальвассорлар (Миландағы феодалдар табының төменгі тобы).
ВАЛЬДЕНСЫ — вальденстер («Лион кедейлері», XII ғ. аяғында етек алған еретиктік секталар. Оңтүстік Франция, Терістік Италия, Германия, Чехияға тарады. Лион саудагері Петр Вальдтың атымен аталады).
ВАНДАЛИЗМ — вандализм (мәдениет, рухани байлықты айуандық жолмен қүрту) см. ВАНДАЛЫ.
ВАНДАЛЫ—вандалдар (Римнен қатал куреске түскен ежелгі герман тайпасы. 455 ж. Римді алып, онда көптеген теңдесі жоқ өнер үлгілерін құртты. «Вандал» деген сөз топас, дөрекі, шапқыншы, мәдениетті құртушы деген теңдеумен пара-пар болып кетті.
ВАРВАРСКИЕ ПРАВДЫ — варварлық заңдар Батыс Рим империясының жерін жайлаған ежелгі герман тайпаларының әдет праволарының жинағы. Ең бастылары — Весгот заңы, Бургундия заңы, Салика заңы, Рипуар заңы, Аллеман заңы, Бавария заңы, Саксония заңы, Фриздер заңы, Тюрингия заңы, Лангобардтар заңы, Англ-сакс заңдары).
ВАРВАРЫ — варварлар (гректер мен римдіктер өздері нәсілдес емес халықтардың бәрін осылай атаған. Біздің заманымыздың I ғ. бастап әсіресе германдықтар үшін жиі қолданылды. Варварлық шапқыншылықтар құл иеленушілікті жоюда үлкен роль атқарды).
ВАРВАРСКИЕ ГОСУДАРСТВА — варварлық мемлекеттер (құл иеленушілік формацияның күйреуіне байланысты Рим жерінде пайда болған жаңа мемлекеттер — Вестготтар корольдігі, Бургундия, Остготтар корольдіктері т. б.
ВАРФОЛОМЕЕВСКАЯ НОЧЬ — Варфоломей түні (1572 ж. 24 августіне қараған әулие Варфоломей түні, бүл түні Франция королі мен католиктердің бұйрығы бойынша Парижде гугеноттарды қыру басталды. Үш күн ішінде бірнеше мың гугеноттар бауыздалып, бұл қанды күрес бүкіл Францияға тарады).
ВАСИЛИҚИ — василиктер (890 жылдары император VI Левтің кезінде жасалып біткен Византия заң каулыларының жинағы, 60 кітап болды).
ВАССАЛ — вассал (орта ғасырлар дәуірінде ірі феодал-сеньордан жер иелігін (лен) алған уақ феодал; ол үшін ең алдымен әскер қызметін атқарып, көп жағынан сеньорға тәуелді болуға тиіс еді).
ВАССАЛИТЕТ — вассалитет (Батыс Европа елдерінде орта ғасырларда кең тараған бір феодалдың екінші жер иесіне тәуелдігінен туған қатынастар жүйесі. Ол жүйе VIII—IX ғғ. Франк мемлекетінде әбден қалыптасып болды. Аграрлық қатынастардағы төңкеріс жер иеліктерін вассалдарға кеңірек үлестіруте мүмкіндік берді).
«ВАССАЛ МОЕГО ВАССАЛА НЕ МОЙ ВАССАЛ» — «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» (феодалдық-лендік қатынастарды айқын көрсететін, орта ғасырлар дәуірінде көп тараған мәтел).
ВАТИКАН — Ватикан Рим қаласындағы жеті төбенің бірі; Рим жеріндегі теократиялық мемлекет—қала. Рим папасының ресми резиденциясы, Ватикан тарихы ертеректегі орта ғасырлар дәуірінен басталады).
«ВЕЛИКАЯ ДИДАКТИКА» — «Ұлы дидактика» (чехтың ұлы педагогі Ян Коменскийдің 1632 ж. жазылған басты еңбегі).
ВЕЛИКАЯ КРЕСТЬЯНСКАЯ ВОЙНА — см. КРЕСТЬЯНСКАЯ ВОЙНА 1524—1525 г.
«ВЕЛИКАЯ ПРИВИЛЕГИЯ» — «Ұлы привилегия» 1477 ж. Өжет Карл қаза тапқан соң Гентте өткен Нидерландының жалпы штаттары Бургундиялық Марияның қол қоюына мәжбүр еткен еркіншілік хартиясы, 1494 ж. күшін жойды).
ВЕЛИКАЯ ХАРТИЯ ВОЛЬНОСТЕЙ — Еркіншілік ұлы хартиясы 1215 ж. 15 июніиде Жерсіз Иоанн қол қойған хартия. 63 статьясы бар. Король өкіметінің күшеюіне қарсы болған барондар күресінің нәтижесінде олар көптеген артықшылықтарға ие болды. Англия сословиелік монархиясын құруға әкелген саяси күресте Хартия едәуір көрнекті роль атқарды. 1965 ж. жазда бұл документтің 750 жылдығы Ұлыбританияда ұлт тойы болып өткізілді.
ВЕЛИКИЕ ГЕОГРАФИЧЕСКИЕ ОТКРЫТИЯ — Ұлы географиялық ашулар (XV ғ. ортасынан XVIII ғ. бірінші жартысынан шейінгі уақытты қамтитын жаңа жерлерді ашуға байланысты оқиғалар — Американы ашу, Индияға баратын теңіз жолын табу, бірінші дүниежүзілік саяхат т. б.).
ВЕЛИКИЙ МАРТОВСКИЙ ОРДОНАНС — Ұлы март ордонансы (1357 ж. Париждегі Этьен Марсель басқарған қозғалыс кезінде Жалпы штаттардың ықпалымен қабылданды. Ордонанс бойынша штаттар көптеген праволарға ие болды, ол король өкіметін тежеудің айғағы еді).
«ВЕЛИКИЙ ПУТЬ ИЗ ВАРЯГИ В ГРЕКИ» — «Гректен варягка баратын ұлы жол».
ВЕЛИКИЙ РАСКОЛ» — «Ұлы ыдырау» (1378—1417 жылдар арасында католиктер әлемінің бөлшектенуі, бұл дәуірде тақ үшін таласқан папалар өзара қатал күреске түсті, екі-үш папа құрнясына бөлінді. 1417 ж. папа болып У Мартин сайланған соң, шіркеу бірлігі қалпына келтірілді, алайда католиктік шіркеу және папа өкіметі беделі көп төмен түсті).
ВЕЛИКИЙ ШЕЛКОВЫЙ ПУТЬ— Ұлы Жібек жолы (орта ғасырлар тарихында көп аталатын Қытайдан Орта және Алғы Азияға баратын сауда жолы).
ВЕЛИКОЕ ПЕРЕСЕЛЕНИЕ НАРОДОВ — Халықтардың ұлы көші (IV—VIII ғасырлардағы Герман, славян, сармат тайпаларының Рим империясы жеріне жасаған үздіксіз шапқыншылықтары, бұл жағдай Батыс Рим империясының күйреуіне және құл иеленушілік құрылыс орнына феодалдық қатынастардың келуіне мүмкіндік туғызды).
ВЕЛЬЗЕРН — Вельзеридер XV—XVI ғасырларда Фугерлерден соң солтүстік неміс сауда-банк компанияларының _ ішінде көрнекті орын алған неміс патрициет тобының өкілдері. Ост-Индия экспедициясын ұйымдастырып, көптеген табысқа пе болды.
ВЕЛЬФЫ — Вельфтер (Германиядағы князьдар руы. Сак-сондар жерін биледі. Генрих Лев Вельф Фридрих I Барбароссамен күресте көптеген иеліктерінен айрылды). см. такие ГВЕЛЬФЫ.
ВЕНЕДЫ — венедтер (венеттер, вендтер, виндтер; славяндардың ежелгі жазба деректерінде аталатын аты).
ВЕНЕТЫ И ПАРАСИНЫ — венеттер және парасиндер (Византия қалаларындағы цирк партиялары, әуелде спорт ұйымдары болып, V—VII ғасырларда саяси маңызы күшейді. Әлеуметтік қайшылықтар кейде екі партияның бірігіп, үкіметке қарсы күреске қатысуына итермеледі, мысалы, «Ника» көтерілісі).
ВЕНЕДИАНСҚАЯ РЕСПУБЛИКА — Венеция республикасы (V—VIII ғасырлардағы Италиядағы аристократиялық республика). Орта ғасырларда көптеген көрші елдермен сауда-саттық қатынастарды қызу жүргізді.
ВЕРГЕЛЬД — вергельд «адам құны», варварлық зандарда кісі өлтіргені үшін төленетін ақша айыбы. Оны не кісі өлтіруші, не оның туыстары төледі. Қанды кек орнына жүрді).
ВЕРДЕНСКИЙ ДОГОВОР - Верден шарты (843 ж. Ұлы Карл империясын беліске салған шарт. Оған Карлдың немерелері Лотарь, Немістік Людовик және Қаска Карл қатысты. Бұл бөліс Европаның болашақ ірі мемлекеттері— Франция, Германия, Италияның негізін салды).
ВЕСТГОТСКАЯ ПРАВДА — Вестготтар заңы — (вестготтар әдет правосының жинағы. 12 кітап, титул, статьяларға бөлінеді. Готтық Испаниядағы феодалдык процесті көрсетеді).
ВЕСТГОТСКОЕ КОРОЛЕВСТВО — Вестготтар корольдігі (418 ж. Оңтустік Галлияда пайда болған Рим жеріндегі тұңғыш варварлық мемлекет. Испанияның көп жерін алып, орталығын Толедо қаласына көшірді. 711—718 жылдары арабтар Испанияға баса көктей кіріп, вестготтар мемлекетін күйретті).
ВЕСТГОТЫ, ВИЗИГОТЫ — вестготтар, визиготтар; герман тайпасы, готтардың батыс тармағы, IV ғасырдың 70 жылдары гунндар шапқыншылығы кезінде Кара теңіз бойынан Дунай өзенінің ар жағына ығысты. Бірте-бірте бүкіл Батыс Европаны басып өтіп, Галлия, Испания жерлерін қонысқа айналдырды. Вестготтар дәуірі—испан халқының ертеректегі тарихындағы аса көрнекті кезең).
ВЕСТ-ИНДСКАЯ КОМПАНИЯ — Вест-Индия компаниясы (1621 ж. акционерлік негізде құрылған Голландия компаниясы. Батыс Европа мен Америкада сауда-саттықты қызу жүргізді. Негізгі мақсаты—Америкада отарлар жаулап алу, жаңа қоныс-тарда мақта, қант қызылшасын өндіру үшін құлдар апару т. б. Солтүстік Америкада Жаңа Амстердам (Нью-Йорк) орнатты, компания 1792 жылға шейін өмір сүрді).
ВЕСТМИНИСТЕРСКИЕ СТАТУТЫ — Вестминистер ста-туттары (VIII—XIV ғасырлардағы әрқилы мағынадағы ағылшын феодалдық мемлекетінің заңдар жинағы. Батылары — 1275 ж. Бірінші Вестминистер статуты, 1285 ж. Екінші, 1290 ж. Үшінші, 1295 ж. Төртінші статуттар феодалдық правоның принциптерін қорғап, тәуелді шаруалар правосын жоққа шығарды, оларды право жағынан қорғауға ешбір мүмкіндік бермейді).
ВЕСТФАЛИЯ — Вестфалия (Батыс Германияның тарихи облысы. Сакстер жері. XII ғасырда бытыраңқылық кезінде 30 феодалдык иелікке бөлінді).
ВЕСТФАЛЬСКИЙ МИР — Вестфаль шарты (1648 жылы Отызжылдықтың аяқталуына байланысты жасалды. 24 октябрьде Мюнстер каласында ұзаққа созылған келіссөзден кейін ғана қол койылды. Екі шартқа бөлінді —Оснабрюк және Мюнстер шарттары. Бұл шарт сайып келгенде Германиянын саяси бөлшектенуін одан әрі тереңдетті).
«ВЕЧНЫЙ СОЮЗ» — «Мәңгі одақ» (1291 ж. құрылған Швейцарияның үш орман қауымының —Ури, Швиц, Унтерваль-ден одағы. Бұл Швейцария конференциясыныц бастамасы болды, Габсбургтер зорлығына қарсы бағытталды). ғалауын Гренландия нормандары осылай атады. Бұл жағалауды 1000 жылдың басында Лейф Эйрикасы ашкан еді).
ВИРГАТА — виргата (ең аз жер бөлігі — 30 акрға пара-пар, Англиядағы «гайданың» 1/4 бөлегі. Варварлық заңдарда жиі аталады.
ВЛАСТЕЛИ — см. ДИНАТЫ.
ВНЕЭКОНОМИЧЕСКИЕ ПРИНУЖДЕНИЕ — экономикадан тыс зорлау (құл иеленушілік және феодалдық таптық фор-мацияларға тән еқбекке зорлаудың басты түрі, бұл жүйе үстем болған кезде еңбекшілер бүтіндей үстем таптар пайдасына түсуге қажет).
ВОЕННАЯ ДЕМОКРАТИЯ — соғыс демократиясы (алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының соңғы дәуірі. Герман-дыктардың мемлекеттен бұрынғы қоғамдық құрылысын Ф.Энгельс осылай атады. Соғыс демократиясы жуйесін басынан кешірген халықтар қатарында Гомер дәуіріндегі гректер, патша заманындағы римдіктер, норманндар, ацтектер бар).
ВОЗРОЖДЕНИЕ, РЕНЕССАНС — Өркендеу дәуірі, Ренессанс (Батыс және Орталық Европаның кейбір елдеріндегі капиталистік қатынастардың тууымен байланысты идеологиялық және мәдени дамуды көрсететін дәуір, Италияда—XIV—XVI ғасырлар, басқа елдерде — XV—XVI ғғ. Бұл термин алғаш рет Италия суретшісі және тарихшысы Джорджо Вазаридің еңбектерінде аталады).
ВОЗРОЖДЕНИЕ КАРОЛИНГСКОЕ — Каролингтер дәуіріндегі өркендеу см. КАРОЛИНГСКОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ.
ВОЙНА АЛОЙ И БЕЛОЙ РОЗЫ — Қызғалдақтар мен сарғалдақтар соғысы 1455—1485 жылдарды камтитын, Ланкастер, лер мен Иорктер өкілдері арасындағы тақ үшін басталған феодалдық бақталастық қанды соғыстар
2 Дәрістер
Жаңа заман әлемдік тарихтың біршама күрделі кезеңі болып табылады. Ол еуропалық дәстүрлі қоғамның дағдарысты дамуы және құлдырау жәйттерін, сондай-ақ буржуазиялық қоғамдық жүйенің революциялық келбеті мен индустриалды қоғам негізінің мезгілдік қалыптасуын желістеумен байланысты. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заиан тарихы 1640-жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясы оқиғасымен мөлшерленеді. Осының өзінде бұл мезгіл, біршама мөлшерлеуден соң ғана келісіммен алынып отыр. ХҮІІ ғасырдың ортасындағы Ағылшын революциясының маңыздылығы, бәрінен де оның еуропалық ауқымдығы модернизация процессінің қарыштауына негіз болумен сипатталады.ХІХғ. басындағы капитализм генезисінің ерте кезеңі ерекшелігін бейнелейтін тарихи оқиға ретінде алынады.
Буржуазияның қалыптасуы, өнеркәсіптің дамуы, жаңа қатынастарды тудырады. Осы кезең жаңа кезең деп аталады. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті.
Қазіргі заман тарихы да айтулы оқиғаларға байланысты шеңберлері анықталған. Қазіргі заман тарихы өз ішінде екіге бөлініп қарастырылады. І-дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің даму желісіне байланысты жеке қарастырады. Екі соғыс аралығындағы Еуропа мен Америка елдерінің саяси, экономикалық даму ерекшеліктері және экономиканы дамыту мақсатнда жер, отар үшін күрестерге толы тарихи кезең болып табылады. Сондай ақ ІІ-дүние жүзілік соғыс, фашизм, тоталитаризм сынды терминдерге толы кезең болып табылады.
Қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың құрылуы, қазіргі дипломатиялық қатынастардың баспалдақтарының қалыптасу тарихын оқытады.
2.ХҮІІ-ғ.ІІ-артысы ХІХ-ғ. басындағы Еуропа елдері
Европадағы ағартушылықта Англияның алатын орны ерекше.Себебі ағартушылықтың отаны Англиядан бастау алған еді.Ағылшын ағартушылығының саяси негізін салушы Джон Локк болып есептеледі.Ол мемлекетті ымыралы келіскен қоғам өнімі ретінде қабылдаған болатын.Ол басқы тетік ретінде қоғамдағы адам моралін қарастырады. Азаматтық құқықтар емес, адам ішінде жасырынған үнсіз, келісімшілік пен сыйласылымдылық басты роль атқаруы тиіс деп есептеген тұғын.Бұл адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін басты фактор болуы тиіс дейді.Локктің конституциялық идеялары негізінен Англияның саяси құрылымына негізделген ,яғни буржуазия мен дворян арасындағы ымыраға бағытталған болатын.
18ғ.Англиядағы ескі мемлекеттік билік жаңа мазмұнмен толыға түсті.1701-жылы парламент екі заң қабылдайды.Онда Стюарттар династиясының мұрагерлігіне шектеу қойылған болатын.Бірінші документ –Тақты бекіту Биллі болып саналды.Тақ Гонноверлер династиясының өкілдеріне берілу жайында еді.Екінші документ- «Корольдіктің стакусы» және парламентаризм енгізілді.Парламент министірлер алды жауапты болуы тиісті болған.Королева Анна(1665-1714жж.) тұсында парламенттік биліктің күшеюі жүрген еді.Тіпті Георг ІІ(1638-1760жж.) кезінде вето құқығынан айрылады.Парламен отырысына қатынасу құқығынан да айрылған болатын.Парламент екі палатадан тұрды.Лордтар және общинадан.Парламент пен король арсындағы күресте 17ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан тюри және виги партиялары өте көп күш салады.1714жылдан бастап Англияны король емес виги партиясынан шыққан буржуазия мүддесін қорғайтын министірлер басқарды.1760-жылдан бастап ГеоргІІІ(1738-1820жж.) кезінен үкімет басына абсалютизмнің жақтаушылары тюри партиясы билікке келген еді.
Мануфактура қоғамның дамуына байланысты өздігінен қалыптаса бастады.Феодалдық қатынастың сақталуымен қатар мануфактуралардың көбеюі қоғамда алаңдаушылықтар тудыра бастады.18ғ.Англияда мануфактура ұлттық деңгейде дами түсті, себебі, өндірістің дамуы ішкі нарықтың сұранысына сәйкес келе бастаған болатын.Осыған байланысты Англияда өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары қалыптаса бастады.Негізгі төңкеріс тоқыма өндірісінде етек алды.Дж.Кей (1704-1764жж.)тоқыма самалеті, Дж.Харгривстің тоқыма машинасы және т.б. осындай техникасының арқасында Англияда бұл салада үлен өзгерістер болды.Бұл қол өндірісінің техника өндірісіне бәсекелес бола алмауына әкеліп соқтырды.Джейммс Уатт(1736-1819жж.) ойлап тапқан бу машинасы да көптеген қол күшін қысқартқан еді.Бұрынғы ағаштың орнына Англияда енді көмір қолданысқа ене бастады.Бұндай жағдайлар жол қатынастары мен темір жолдың ұзаруына жол ашты.
Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған болатын.18-ғ.Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен еді.Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып Франция саналды.Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа ие болды.Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес болды.Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық болды.Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді.
1799ж 9-қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін билік үш консулдың қолына өтті, Бірақ іс жүзінде Бонапарттың яғни І консулдың колында болды. Ол кейін жеке өзі билік жүргізгісі келіп өзінің билігін заңдастыруға асықты. Жаңа конститутция қабылданды. Конституция бойынша Франция республика болып қалды. Конст-ға сәйкес І консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органының барлық мүшелерін тағайындады. Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-шенеуніктерін тағайындады. Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме полиция болды. Оны Жозеф Фуше басқарды. Қатаң цензура орнады. 1801 жылы котолик шіркеуінің дінбасы Рим папасымен конкордантқа қол қойды. 1804 ж Рим папасы салтанатты түрде Напалеонға тәж кигізді. Наполеон ұсынысымен Француз эпископтарын Рим папасы тағайындады.
Франциядағы 18 брюлер төңкерісінен кейін қала буржузиясына сүйенген Напалеон Бонопарт диктатурасы орнады. 1804 жылға дейін бұл режим Консулдық түрде Франция республика болса 1804 жылдан бері Н. Бонапарт «Францияның императоры» атанды. Мемлекеттік төңкерістен кейін өз билігін заңды түрде бекітті. Жаңа конститутция бойынша билік І Консулдың қолына шоғырланды. Төрт заң шығарушы орган- сенат, мемлекеттік кеңес, трибунат, заң шығаушы корпус тек атауы ғана болды. Наполеон парламенттік режимді жойды. Оның орнына полицейлік-чиновниктік жүйе орнады. Демократтар қуғындалып, репрессияға ұшырады. Наполеон Яксбиншілерді құртуға тырысты.
Папа УІІ Пиемен 1804ж келісім жасалып (Конкордат), 1802ж күшіне енді. Келісім бойынша католицизм басым көпшілік азаматтардың дініне айналды.
Напалеон өндірісшілер, кәсіпкерлер, банкирлер мен саудагерлер әрекеттерін қолдап отырды. 1800жылы Франция банкінің негізі қаланды.
Революция жылдарындағы заңдардың көпшілігі жойылып, Ле-Шапелье заңы қалдырылды. Мұнда: жұмысшылардың өз мүдделерін қорғау ұйымына құқық бермеу және өндірісшілердің оларды эксплуатациялаудың шектелмеген мүмкіндігіне жол берілді.
1804-1808жж Азаматтық, Комерциялық және Қылмыстық кодестер шығарылып олар «Наполеон кодексі деген атаққа ие болды.»
Кодекстер Францияның дамуына мүмкіншіліктер туғызды. Ауыл шаруашылығы ойдағыдай дамыды. Бюджеттегі тапшылықты жою және де Француз ақшасы-Франктің тұрақтылығы сұрау арқасында экономикасының жақсаруына қол жетті. Қағаз ақша шығару есебімен бюджет тапшылығы жабылды. 1804 жылға қарай Наполеон мемлекеттің шығынымен кірісін теңестіруге қол жеткізді. Ақшаның айналымын реттеу үшін Француз банкі құрылды.
Жеке меншік сауда жөніндегі заңдар жинағы құрастырылды.
10 жылдың ішінде Франция мықты әлем державасына айналды. Францияның бұл жетістіктері Наполеонның атымен байланысты болды. 1802 жылы оны өмір бойына консул етіп жариялады. 1804 жылы 18 мамырда сенаттың указымен Наполеон Францияның императоры атанды. Бұдан кейін Наполеон Италия республикасын корелевствоға айналдырып, Италия королі титулын қабылдады.
Франция империяға айналды. Наполеон Францияда дворяндықты қалпына келтірді. Напоеон өз генералдарын маршал жоғары шен тұлғаларды марапаттап қамалдармен жер силады, князь, герцог, граф, барон титулдарын берді.
Парижге қайта оралған Наполеон Ресей мен оның одақтасы Прусияға қарсы жаңа соғыс үшін әскер құра бастады.
1813ж 15 апрелде Наполеон өз әскерімен Эрфурттан орыс және прус әскерлеріне қарсы соғысқа аттанды. 1813 жылы көктемде Францияға қарсы Ресей мен Англия сонымен қатар Пруссия, Швеция, Испания мен Португалиядан құрылған 6-шы коалиция құрылды. Австриямен, Лейпциг (1813ж 16-19 қазан) түбінде Франция 65 мың адамнан айырылды. 1814ж 31 наурызда коалиция әскері Парижге кіріп 6-шы апрелде Наполеон тақтан мәжбүрлі түрде түсті. Оған Эльба аралы беріліп, Франциядан сонда жер аударылды.
Елдегі жағдай ХҮІІ-ғ.терең саяси –экономикалық құлдыраумен ұласып, ХҮІІІғ. Дейін жалғасады. Елдегі жағдай ХҮІІІ-ғ. Апенин жарты аралының бірінен соң бірі орын алған еуропалық соғыстар сахнасына айналуы тұсында тіптен шиеленісе түседі.Испан және Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және Жеті жылдық соғыс белгілі белгілі бір мөлшерлерде барлық мемлекеттердің жағдайын күйретіп, билік еткен әулеттер мен олардың шекаралық бөліктерінде төтенше тұрақсыздыққа жол ашты. 1714-ж. Рештат бейбіт келісіміне сәйкес, Милан герцогіндегі (Ломбардия) испан билігі австриялық иелікпен алмасты. Орталық Италияда да билік жаңадан Габсбургтер әулетіне ағайын, бір жағынан тәуелді де Лотарингская және дЭсте әулеттерінің бағыныштылығына өтеді.
ХҮІІІ-ғ. ортасындағы италиандық мемлекеттердің бірқатарындағы біршама мөлшердегі экономикалық жанданулар ғана Ағартушылық идеяларының таралуына жол ашты. ХҮІІІ-ғ.ІІ-жартысында біршама нәтижелі реформалар Мария Терезияның кіші ұлы, атақты герцог Петр Леопольд тұсында дүниеге келді. Мұнда салық реформалары мен жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алудағы шектеулерден басқа, цех жүйесі, инквизиция, «өлі қолдар» құқығы таратылады. 1786-жылы Еуропада өз уақытына сай ілгерлі болып саналған қылмыстық заң қабылданып, қорлау мен өлім жасасын жойды.
3.ХҮІІ-ғ.ІІ-жартысы –ХІХ-ғ. басындағы Америка
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде Үндістанды ашуды мақсат тұтқан Колумб Американы ашқаннан кейін, оны Үндістан деп атады. Кейіннен ол жер Америго Веспуччидің есімімен «Америка» деп атап кетті.
1607 жылы Солтүстік Америкада Джеймстаун фортының негізін салған Лондон компаниясы мен Плимут акционерлік компаниясы пайда болды. Бұл жерде орныққан алғашқы колония – Виргиния.
Виргинияның жері тың, ну күйде болғандықтан, оны тазартуға көп күш қажет болды. Үндістерді құлдыққа айналдыру дұрыс нәтиже бермегендіктен, қара еріксіздер, яғни негрлер әкеліне бастады. 1619 жылы Виргинияға тұңғыш рет құлдар әкелініп сатылды. 1630 жылы Виргиниядағы құлдар саны 50 болса, 1660 жылы олар 950-ге жетіп, 1780 жылы 220582-ден асты. XVII-XVIII ғасырларда Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жаңа Англияда қолөнер, мануфактура кең өріс алды. Оңтүстік Каролина, Джорджияда құл еңбегі көбіне плантациялық шаруашылықта қалдырылды.
Американдық буржуазиялық тарихнамада Жаңа англияның негізін қалаған Ағылшындық пуритандар Америкаға таза діни идеалдар соңынан, діни және азаматтық еркіндік қоғам құру мақсатымен келіп, қазіргі Американың негізін қалады деген аңыз көп кездеседі.
1776 жылы 4 шілдеде халық қысымымен Конгресс «Тәуелсіздік Декларациясын», ягни Англияның бөлектенуі туралы өтініш қабылдайды. Бұл құжаттың авторы өз заманының алдыңғы қатарлы ойшылы, атақты саяси қызметкер Т. Джефферсон еді.
1783 жылы колониялардың тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылады. Революцияның соғыстағы таптар күресінде АҚШ-тағы билік жер иеленуші-аристократтардан Солтүстіктегі сауда өндірістік буржуазия қолына өтті.
1787 жылы негізінен бүгінгі күнге дейін сақталған конституция қабылданды. Ол конституция бойынша атқарушы билік 4 жылға сайланатын президенттің қолында болды. АҚШ-тың алғашқы президенті Д. Вашингтон болды.
1791 жылы аталған контитуция «Құқықтар туралы заңмен» толықтырылды.
Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер иеленушілерінің үстемдігі жойылды.
Ауыл шаруашылығында капитализмнің дауының американдық немесе фермерлік жолы қалыптасты. Ол революцияның түпкі мақсаты капитализмді жақсы дамытуға қажетті ең негізгі фактор еді.
1784-1787 жылдары АҚШ конгресі Батыс жерлерін мемлекеттік жер деп жариялады. Ал 1784-1785 жылдары жерді 640 акр көлеммен сату туралы шешім қабылданды. Сауда-өнеркәсіптік дамуға кедергі болған ескі тәртіптер жойылып, капиталистік даму тездей түсті.
Құлдықты жою мәселесі толығымен шешілмеді. Ол тек 2-ші азамат соғысы кезінде ғана жүзеге асырылды.
Американ революциясы жайлы К. Маркс: «Еуропа буржуазиясы үшін соғылған дабыл қоңырауы», - деп жазады. Жалпы алғанда, бұл соғыс Американы езген және отарлық құлдықта ұстаған ағылшын қарақшыларына қарсы Американ халқының соғысы болды.
ХҮІІІғасырдың соңы ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Европадан әсіресе Англиядан артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады. Бірақ та капиталдың шоғарырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдарында АҚШ та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйеге енгізіле бастады. АҚШтың тұңғыш призеденті Джордж Вашингтон (1789-1797жж) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып ұлттық банк Құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.
ХІХ ғасырдың І ширегінде құбырлар салына бастады. 30 жылдардың басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 млн. жеткен теміржолдардың ұзындығы бойынша дүниежүзінде АҚШ 1 орынға шықты. 1869 жылы континент аралық жолдар жұмыс жасай бастады.
АҚШ жалпы Батыстық бағытта дами бастады еркін жатқан аумақтар бірінен соң бірі қоныстанып кейін олар тең құқылы штаттар ретінде Одаққа қабылданды. 1861 жылыдың өзінде АҚШ аумағында 40 штат болды.
АҚШта өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Иммигранттар ғана емес, сондай-ақ көптеген американдықтар да еңбек ақысын ақш түрінде алуды бағалай бастады. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермер шаруашылықтар отбасының үлкен балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып өз бетінше еңбек етіп, ақша таба бастады.
Сословаиліқ ұғым жоқ америкалық қоғамда еңбек ақы табуға көптеген жағдайлар болғандықтан, «баю» мүмкіншілігі мол еді: балалары ата-аналарынан асып түсуге ұмтылды. Бұған иммеграция қолайлы жағдай туғызды: АҚШ азаматтарының жоғары өрлеуіне мүмкіндік жасады. Ірі америкалық алпауыттардың бәрі осындай төменнен шыққандар еді.
Техникаларды жетілдіру арқылы және жалдамалы жұмысшылардың көбеюі есебінен дамитын өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы плантациялық құлдық, экстенцивті (сапалық емес, сан жағынан көбею), сипатта болып жаңа жерлерді көп қажет етті. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл иеленуші штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді қоныстану бар қоғамның мүддесіне айналдырғанымен, құл иеленушілердің өздерінің оңтүстіктегі «ерекше» мүддлерін қатыгездікпен қорғады.
Тәуесіздік үшін соғыс аяқтала салысымен құрамы штаттар жер кеңейту мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соғы кезде үндістерден тартып алған кенттуки 1792 , теннеси (1796) және огаио (1803) қосылды.
1787 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды ескеріп, төрт жылға сайланатын президент арқылы қуатты орталықтандырылған билікті бекіті.
АҚШтың құрылуының барысында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин, Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Александр Гамильтон тұрды. АҚШтың тұңғыш президенті болып 1789 жылы Джордж Вашингтон (1732-1804) сайланды.
Дж.Вашингтон билік басындағы федералистер партиясына жетекшілік етті. Дж.Вашингтон әкімшілігінің қаржы министрі Александр Гамильтон (1757-1804) жеке өнеркәсіп пен сауданың дамуын жақтады. Ол тек осы жол ғана елді өркениетке жеткізеді деп дәлелдеді. Гамилтонның пікірінше, федералды үкімет өнеркәсіптің дамуын жан-жақты қолдауы тиіс. Яғни, оған жеңілдік түрінде несие беру, бақталастарынан кедендік салық көлемі арқылы қорғау. А.Гамилдтон қаржы жүйесін тәртіпке келтіріп, АҚШ Ұлттық банкін құру қажеттігіне федералды үкіметтің көзін жетікізеді. Құрама Штатардың бірінші Ұлттық банкі 1791 жылы құрылып,1811 жылға дейін жұмыс жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |