Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Тұтынушылардың қалдықтарды жинау мен əкетуге жасайтын төлемдері



Pdf көрінісі
бет108/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   195
kazakhstanII.KAZ

5.4 
Тұтынушылардың қалдықтарды жинау мен əкетуге жасайтын төлемдері 
Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау жəне жою туралы жеткілікті мəлімет жоқ. 
Əйтсе де, өнеркəсіптік өндірістің сеніммен өсуіне жəне тұтыну деңгейінің артуына себеп 
болған шынайы кірістің елеулі түрде артуына қарай өнеркəсіптік жəне тұрмыстық 
қалдықтарының көлемі де бірден артты деп тұжырымдауға негіз бар.
Өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтарды басқару жөніндегі жəне мониторинг, қалдықтарды 
өңдеу жəне пайдаға асыруды қосқанда, сонымен байланысты заңнама сияқты ұлттық стратегия 
əлі күнге дейін жасалмаған. Экологиялық кодекс (297 бап) қалдықтардың көлемін қысқарту 
жəне жою барысын арттыруға
бағытталған ынталандырудың арнайы жүйелерін енгізудің құқықтық негізін қамтамасыз етеді. 
Дегенмен қалдықтардың алдын алу саясаты, соның ішінде экологиялық таза технологияларды 
насихаттау, сондай-ақ Экологиялық басқару жəне ЕО пен ISO 14001 аудиті жүйесі сияқты 
ерікті нормативтік құжаттар бастапқы күйінде қалып қойды. Пайдаға асыруды енгізу жəне 
ынталандыруға қатысты жүйелік əдіс те жасалынбаған. Осыған сəйкес, қалдықтарды өңдеу 
үлесі өте аз.
Жергілікті билік органдарының құрамына қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі қалалық қызмет 
кіреді, ол қалалық қоқыс үйіндісін тасымалдау, оны жою жəне үйінділерді бақылау 
қызметтерін атқарады. Іс жүзінде, барлық қалалық қоқыстар мемлекеттік санитарлық 
нормаларға сəйкеспейтін үйінділерге тасталады. Қазақстанда қалдықтарды өртеуге арналған 
арнайы орындар жоқ. Қоқысты заңсыз тастау – ауылдық жерлерде əдетке айналған.
Қалдықтарды шығару жəне үйінділерді ұйымдастыру жұмыстары бірқатар қалаларда (мысалы, 
Алматыда) жекеше мамандандырылған кəсіпорындардың қолына берілген. Егер
мамандандырылған кəсіпорындар жеке меншік болса, қалалық қалдықтарға қатысты тарифті 
осындай кəсіпорындармен келіссөздер жүргізу нəтижесінде анықталатын келісімшарттық баға 
бойынша жергілікті басқару органдары анықтайды. Жалпы, қалалық қоқыстарды тасымалдау 
тарифінің мөлшері отбасы мүшелерінің санына теңбе-тең келеді. Алматыда 2007 жылыд 
басына бір айлық тариф 100 теңгені (шамамен 80 цент) құрады.
Кəсіпорындар өз қызметінен шыққан қалдықтарды сақтау, пайдаға жарату жəне қайта өңдеу 
жұмыстарын өз бетінше ұйымдастырулары қажет. Өнеркəсіптік қалдықтарды ҚОҚМ 
бақылайды. Елде қауіпті қалдықтарды пайдаға асыруға арналған балама қондырғылардың жоқ 
болуына байланысты, қауіпті қалдықтар қалдықтардың басқа да түрлерімен (бірігіп тасталған 
қоқыс) қатар қоқыс үйінділерінде жиі сақталады немесе экспортталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет