6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
129
факторларын есепке алу арқылы коммуналдық қызметтерді пайданалушылардың саны
ескеріледі. Алайда жаңа ережелердің күшіне ену мерзімдері белгіленбеген.
Оның үстіне, жергілікті билік органдары отандық капитал рыноктарында ақшалай
қаражаттарды қарызға алуға немесе халықаралық қаржы институттарымен (ХҚИ) немесе екі
жақты донорлармен гранттық жəне кредиттік операцияларға қатысуға уəкілетті емес.
Бірақ
бірқатар жағдайларда орталық билік органдары ХҚИ-ден несие капиталын тартты жəне осы
қаражаттардан жергілікті басқару органдарына кредиттер берді.
«Атыраудағы сумен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба», ең көрнекі мысал болып
табылады, ол 2004 жылы аяқталды. Осы жобаны іске асыру үшін ҚР Үкіметі Дүниежүзілік
Банкпен кредиттік келісім жасады, ол Атырау облысының əкімдігін кейіннен кредиттеуді
көздейді. Жергілікті биліктер жобаның іске асырылуына жəне ортақ қаржыландыруға жауапты
болды. Жергілікті бөлімше «Водоканал» МҚК ұзақ мерімді кредиттік міндеттемелердің
қабылдануына байланысты жеткілікті ағымдағы жəне күтілетін табыстардың болмауынан
бұған қатысқан жоқ. Жергілікті биліктердің ХҚИ гранттар мен
кредиттер беруі жөніндегі
рəсімдермен жəне талаптармен таныс еместігі (жергілікті бөлімшелер МҚИ «Водоканал»
сияқты), осы орталықтандырылған тəсілдің тікелей нəтижесі болып табылды.
Шын мəнінде, Коммуналдық сумен қамтамасыз етудің жəне канализацияның жергілікті
желілеріне инвестицияларды қаржыландыру мақсаттарында жеке капитал рыноктарында
қаражаттарды қарызға алуларына рұқсат етілді. Алайда осы қарыз инвестицияларды
инфрақұрылымға ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайтару мен қарызды
(борышты) өтеуге байланысты тұрлаусыздық (белгісіздік) жағдайларында пайдалану
шығындарын қысқа мерзімді қаржыландырумен шектелді. Бұл
тарифтерді белгілеуге саяси
араласу салдарының бірі, сол себепті сумен қамтамасыз етудің коммуналдық желілерінің
табыстары тек пайдалану шығындары мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын
шығындарды ғана жабады..
2
Достарыңызбен бөлісу: