А. Абдуалиева Қарағаш селолық округінің әкімі нысандар қатары көбеюде



Дата23.02.2016
өлшемі28.33 Kb.
#4689
А.Абдуалиева

Қарағаш селолық округінің әкімі


нысандар қатары көбеюде

Қарағаш селолық округіне Самбай, Нұрбұлақ, Құмдақтықыр елді мекендері кіріп, 257 аулада 311 жанұя тұрады. Қарағаш селолық округінің жалпы жер көлемі – 50955 гектарды құрайды. Жергілікті салықтарды жинау бойынша мүлік салығы - 70385 теңге ,жер салығы – 67339 тн., көлік салығы - 183690 теңге жиналды. Округ бойынша салық жоспары 100 пайызға орындалды.

Селолық округ аумағында 88 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Егін шаруашылығы саласында үстіміздегі жылы 4025 га жерге дәнді дақылдар егілді. 4100 тонна шөп жиналып жоспар 102%-ға орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 29,5 млн.теңге несие алып,мал басын көбейтті. Биыл «Ауыз су» бағдарламасы аясында Самбай селосында су айдау бекетінің жұмысы толық аяқталып, таза ауызсуға қол жеткіздік. «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 13 шаруа қожалығы 45 адамды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. 6 адам ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 4,5 млн. теңге несие алып,мал басын көбейтуде өз мақсатына жұмсады.Кәсіпкерлерге инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға көмек көрсетуде биылғы жылы «Ақжол» шаруа қожалығы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге құжаттарын дайындап,республикалық бюджеттен 4,0 млн.теңге несиеге қол жеткізді.Осы орайда Ақтөбе қаласының «Информ Стройсервис» ЖШС-мен келісім-шартқа отырып, құны 3465495 теңгеге 300 шақырым жерге мал шаруашылық базасына электр желісі мен көгілдір отын жүйесін жеткізуде құрылыс жобасының жұмысы атқарылуда. Елбасының ауылшаруашылығын өркендетуде үлкен ықпал етуіне орай,мұның бәрі – ауыл шаруашылық кәсіпкерлері үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған зор мүмкіндік. «Жастар тәжірибесі» бойынша 2 жас маман тәжірибеден өтті.

ҚР –ның Тәуелсіздік мерекесіне орай облыстық бюджеттен бөлінген 13,0 млн.теңге қаржыға Нұрбұлақ ауылында заманауи үлгідегі жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталып,халық игілігіне берілді.

А.Байтұрсынов орта мектебін .2011-2012 оқу жылы 150 оқушы оқу жылын аяқтап,білім сапасы 56 пайызды құрады.

Шибаевка орта мектебін өткен жылы 117 оқушы аяқтап, білім сапасы 56 пайызды құрады. Селолық округ әкімшілігі мен фельдшерлік акушерлік бөлімшені жылытатын КС-Г-25 маркалы жылу қазандықтары бірқалыпты жұмыс жасап тұр. Жылыту трассасынның техникалық жұмыстары,жылу жүйелерінің және жылу құрылғыларын шаю (опрессовка) арқылы тексерістен өткізілді. Самбай ауылдық кітапханасында 11177 кітап қоры бар.

«Көркейе бер, туған жер!» акциясы аясында «Батыс СпецАвтоматика» ЖШС-нің директоры – Ж.А.Асановтың демеушілігімен тұрғызылған Самбай ауылындағы жалпы құны 30,0 млн.теңгеге бағаланған «Демалыс орталығы» құрылысы өз мәресіне жетіп, қазан айының алтысында халық игілігіне пайдалануға берілді. Демалыс орталығында бильярд,түрлі кештер,би кештері ұйымдастырылып,жастардың бас қосатын ордасына айналып отыр.

Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық мерекесі қарсаңында мен қатар Нұрбұлақ ауылында үш нысан іске қосылып,халық игілігіне пайдалануға берілді. Соның ішінде облыстық бюджет есебінен 26,0 млн.теңге қаржы бөлініп 5,2 шақырым жерге электр желісі тартылды. Нұрбұлақ ауылішілік газ құбырын жүргізуге 69 млн.теңге бөлініп, ауылтұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру бағытында Самбай селосына «Балалар алаңын» тұрғызуға 1142,0 мың теңге қаржы бөлініп,бүгінгі таңда қондыру жұмыстары аяқталып, бүлдіршіндердің пайдалануына берілді.

Сонымен қатар «Қызыл -Әскер» шаруа қожалығы басшысы ауыл маңындағы су қоймасын қалпына келтіріп, «Демалыс бағы» құрылысының жұмысын бастап кетті. Елді мекендерді көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық барысында ұжымдардың қатысуымен көшелер, мектеп ауласы тазартылды. Самбай селосы аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасып көгілдір газбен, ауыз сумен, Нұрбұлақ ауылы көгілдір отынмен қамтылды.



Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруде 6775 бас ұсақ жандық,527 бас бұзау,13 бас түйе,193 бас шошқа сырғаланып,88 бас жылқы таңбаланды.Нұрбұлақ ауылына қарасты «Жаңа бұлақ» шаруа қожалық басшысы Айтанов Қанат Маратұлы халықтың игілігі үшін ауыл орталығына жаңа наубайхана,дүкен тұрғызып,құрылыс жұмысы аяқталуға жақын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет