Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


көлемінің 1.2 -1.3% -ын құрады; жұмсалған қаржының жартысына жуығын



Pdf көрінісі
бет25/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   195
kazakhstanII.KAZ

көлемінің 1.2 -1.3% -ын құрады; жұмсалған қаржының жартысына жуығын 
инвестициялар құрады

2006-жылы қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалған 
инвестициялардың 87 пайызын кəсіпорындардың бөлген қаржысы құрады, 7.5 пайызын 
шетелдік көмек түрінде бөлінген қаражат құрады жəне тек 5.5 пайызы ғана мемлекеттік 
бюджетен бөлінді. Кəсіпорындар бөлген экологиялық инвестицияларының 75 пайызын ауа 
сапасын қорғауға бағыттады, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы негізінен су қорларын 
қорғауға жəне жерді қалпына келтіруге жұмсалды. Қалдықтарды жарату ісіне өте аз қаражат 
бөлінді. 2000-жылдан бері байқалып отырған қарқынды экономикалық өсім қаржылық кіріс 
көлемінің күрт ұлғаюына жəне жұмсалатын мемлекеттік қаржының 

айтарлықтай өсуіне 
əкелді. Дегенмен, мемлекеттік бюджет жоспарларында қоршаған ортаны қорғау ісіне 
жеткілікті басымдық берілмей келеді. Тиісінше, қалдықтарды жарату мен сарқынды суларды 
тазарту ісіндегі ілгері басушылық жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. 
 
 
Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалатын шығын көлемі тиісті 
деңгейдегі экологиялық қызметтерді қамтамасыз етуге жеткіліксіз

Орталық бюджеттен 
бөлінетін қаражат тым шектеулі, ал жергілікті билік орындарына отандық, не шетелдік 
банктермен, не көптарапты қаржылық институттармен тікелей келісім жасауға рұқсат 
етілмейді. 
Бұл 
табиғатты 
қорғау 
инфрақұрылымындағы 
қажетті 
жақсартуларды 
қаржыландыруға бөгет болып отыр. Орталық бюджеттен, жергілікті қаржы нарықтарынан 
жəне көптарапты қаржылық институттардан бұрыңғысынан көбірек қаржы тарту үшін мақсат 
пен уақыт кестесі айқын, қаржылық шығындарды (инвестициялық шығындар, пайдалану мен 
техникалық қызмет көрсетуге кететін қаржы) бағалауы жəне тұрақты қаржылық стратегиясы 
негізделген экологиялық жобаларды пысықтауға жарайтын институциональді мүмкіншіліктер 
керек. Жергілікті деңгейде мұндай əлеует жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет