Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


Тау-кен саласында тұрақтылық принциптері сақталмайды



Pdf көрінісі
бет28/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тау-кен саласында тұрақтылық принциптері сақталмайды
.
Мысалы, көмір шахталары
ауаға зор көлемде метан бөледі. Метан адам өлімі мен жарақаттарға апаратын жарылыстарға 
себепкер бола алатынына қарамастан, метанды қалпына келтіру –қауіпсіздікті арттырудың
экологиялық ластануды азайтудың жəне табыс табудың əдісі болып табылады. Көмір метаны 
жөніндегі бірлескен жобалардың бірқатары осы уақытта Киото протоколының 
ратификациясын күтіп отыр. Тау-кен жəне металлургия салалары жылыжайлық газдардың 
бөлінуі мен қалдықтардың зор көлемде пайда болуына мұрындық болатындықтан бұл салалар 
адам денсаулығы тұрғысынан зор алаңдаушылық туғызып отыр. Қазақстанда тұрақтылық 
мəселелерін шикізат өндіру саласына кіріктірудің арнайы стратегиясы ойластырылмаған, 
сондай-ақ, тау-кен саласы жұмысшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігі жөнінде заң жоқ. 
 
Тұрақты даму үшін су қорларын басқару 
 
Қазақстан су қорларын ықпалдасып басқару негізінде су шаруашылығы саясатын 
жаңартуға кірісті

2003-жылы Су кодексі қабылданды. Қазақстан өз территориясында өзен 
бассейіндерінің сегізін айқындап, солардың əрқайсысының жанынан өзен бассейіндері 
ұйымдарын (ӨБҰ) құрып, трансшекаралық өзен бассейіндері жөнінде бірқатар халықаралық 
келісімдерге қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су қорлары жөніндегі комитеті 


Түйіндеме
 
 
7
 
(СҚК) су қорларын басқарудың ұлтық органы болып табылады. СҚК суды ықпалдаса 
пайдаланудың мастер-жоспарын пысықтауға жəне жоспарлар негізінде сегіз бассейіннің 
əрқайсысын қорғауға жауапты. Бүгінгі күні аталған жоспарлар өне қоймаған күй кешуде жəне 
іс-қимыл бағдарламалары мен қаржылық тетіктерді ойластырмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет