7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
149
Қуат көздерінің бағаларын үкімет реттейді жəне субсидиялайды. Шығындарды жабу үшін
тарифтер бұрынғысынша тым төмен, бұл энергияны ұтымды пайдалану мен энергия үнемдеуді
инвестициялауға бағытталған шараларды жүзеге асырудың негізгі кедергісі болып табылады.
Сонда да болса, қазақ биліктері де, энергия рыногының операторлары да тарифтерді көтерудің
қажеттілігін мойындайды.
7.2
Энергетика
Энергетикалық баланс
Қазақстан энергия ресурстарының орасан үлкен қосалқы қорларына ие, ал оның географиялық
жағдайы республиканың энергия ресурстарының өңірлік жəне əлемдік
рыногында маңызды
орын алуын қаматамасыз етеді.
Минералды ресурстардың табиғи бай қосалқы қорлары (8 тарауды қараңыз) отандық металл
өңдеу жəне металлургия өнеркəсібінің, сондай-ақ қатты отын мен энергетика кешенінің дамуы
үшін берік негіздеме болып табылады. Қазақстан Тəуелсіздік алғаннан бері энергия
ресурстарының рыногы
бірқатар өзгерістерге ұшырап, сол себепті негізгі энергетикалық
энергия өндірушілер қайта құрылымданды жəне жекешелендірілді.
Сонымен қатар
жалпымемлекеттік электр желісін басқару, сондай-ақ мұнай мен газ өндіру жəне
тасымалдау
бойынша мемлекеттік компаниялар құрылды.
Республиканың энергияға қажеттілігі негізінен, ішкі өндірістің есебінен қамтамасыз етілді (7.1
кестені қараңыз). Бірақ Қазақстан үшін энергия русурстары мен энергия нысандарының
əркелкі шоғырлануы тəн. Гидроэлектр станцияларының көпшілігі солтүстік жəне
орталық
облыстарда орналасқан, ал оңтүстік аймақ сырттан əкелінетін отандық немесе импортталатын
электр энергиясына бағдарланған.
Достарыңызбен бөлісу: