Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Сурет: БҚЖЖК – нің 2005* жылдағы үлесі



Pdf көрінісі
бет135/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
7.3 Сурет: БҚЖЖК – нің 2005* жылдағы үлесі. 
Жаңғыртылатын 
энергия көздері жəне 
қалдықтар
0.1%
Гидро
1,3%
Газ
32,9%
Мұнай
14,2%
Көмір
51,6%
 
Дерек көзі: ХЭА, 2007 ж.
Ескерту: * Электр энергиясымен сауданы қоспағанда
Қазақстанның электр энергиясының нетто-экспортшысы болып саналатынын атап өту керек. 
Ішкі энергия тұтынудың үлкен бөлігі өнеркəсіптің үлесіне тиеді. 2004 жылы өнеркəсіптік 
энергия тұтыну 28,5%-ды құрады. Алайда, жалпы тұтынудың 30%-ға жуығын нақты секторға 
жатқызу мүмкін емес, сондықтан деректерді түсіндіру қиынға түседі (7.2. кестені қараңыз). 
Оның үстіне, бөлу кезіндегі ысыраптарды ескеру керек, олар ішкі өндірудің 18%-ын құрайды 
(жеке қажеттіліктер үшін энергетика тұтынуды қоспағанда).
Экономикалық дамудың жоғары қарқындарын ескергенде, электрге сұранысты ұлғайту 
ұйғарылады, ол жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғыртуды жəне жаңаларын салуды
сондай-ақ электр беру жүйелерін нығайтуды қажетсінеді 
Қазақстанның электр желісі негізгі үш энергия жүйесінен тұрады, оның екеуі Республиканың 
Солтүстігінде, біреуі Оңтүстігінде орналасқан. Республиканың орнатылған қуатының үлкен 
бөлігін құрайтын, көмір электр станциялары жататын Солтүстіктегі энергия жүйелері Ресей 
Федерациясының энергия жүйесімен байланысты. Олар электрді Солтүстік бағытта 
экспорттайды. Белгіленген шамада жасалатын қуаттың жеткіліксіздігін ескергенде, Орталық 
Азияның Бірыңғай энергия жүйесімен қосылған, Оңтүстік энергия жүйесі арқылы Қырғызстан
мен Өзбекстаннан электр импортының қажеттілігі туындайды. Солтүстік жəне Оңтүстік 
энергия жүйелерін 600 МВт қуаттағы 50 Кв-та электр беру желісі қосады.
Республиканың Оңтүстігін импортталатын электр энергиясынан тəуелсіз ету үшін, электр 
желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компания (KEGOC) бұрынғы «Солтүстік-Оңтүстік» 


7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
151 
 
желісіне қосымша электр берудің екінші желісінің құрылысын бастады. Осы желі 
Қазақстанның Солтүстік аймақтарынан артық энергияны Республиканың халық көп 
қоныстанған Оңтүстік аудандарына жеткізуге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ Орталық 
Азияның энергия ресурстарының аймақтық рыногын дамытуға Қазақстанның даму банкі (ҚДБ)
қатысады. Жобаның басталатын жəне аяқталатын мерзімі сəйкестігіне қарай 2005-2008 
жылдар. Сонымен қатар бір мезгілде электр берудің жұмыс істеп тұрған желілерін жəне 
қосалқы станцияларын жаңғырту, сондай-ақ энергия ысыраптарын азайту жөніндегі жобалар 
жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет