Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет142/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   195
kazakhstanII.KAZ

7.4 
Энергетикалық саясат
 
Энергетика саясаты мен стратегиялары 
Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі-энергетикалық тəуелсіздікке қол жеткізу. 1999 жылы 
сəуірде қабылдаған «Энергетиканы 2030 жылға дейін дамыту Бағдарламасы», - осы бағытта 
жасалған түбегейлі маңызды қадам. Бағдарлама экспортқа бағдарланған жəне озық 
технологияларға негізделген энергетикалық рынок құру мақсатында əзірленді. Бағдарламаның 
мақсаты-елдегі энергиямен жабдықтау ісінің қауіпсіздігі мен сенімсіздігін қамтамасыз ету 
жəне энергия өндірісінде газдың үлесін ұлғайту. 
Осыған байланысты үкіметтің алдында энергетикалық инфрақұрылымды күшейту, электр 
энергиясының бəсекеге қабылетті рыногын дамыту, жылумен жабдықтаудың жұмыс істеп 
тұрған жүйелерін жаңарту, жаңғыртылатын энергия көздері мен энергияны ұтымды 
пайдалануды одан əрі пысықтау, сондай-ақ зиянды газдардың шығарындыларына қатысты 
квоталар рыногына шығу мүмкіндігін алу, яғни, экологиялық даму тетігі аясындағы 


158
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
уағдаластық пен ратификациялағаннан кейін Киото хаттамасын бірлесіп іске асыру міндеттері 
тұр. 
Саясаттың негізгі мақсаттарының бірі-электрмен жабдықтауда өзіндік қамтамасыздыққа қол 
жеткізу. Оның үстіне, қалған барлық энергия жүйесі сияқты, секторды басым дəрежеде 
экспортқа бағдарлау жəне оны жеке, соның ішінде шетелдік инвесторларға анағұрлым 
қолжетімді ету жоспарлануда. Қазқастанның біртұтас энергия беру жүйесін құру жəне электр 
энергиясын бөлу, сондай-ақ Ресей Федерациясының біртұтас энергия жүйесімен жəне 
Орталық-азиялық мемлекеттердің жүйелерімен ынтымақтастықты кеңейту осымен байланысты 
мұның стратегиялық міндеттерге қатысы бар. Биліктер де сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 
энергетикалық қуаттарды қайта құру мен жаңарту қажеттілігіне өздеріне есеп береді. Электр 
энергиясын беру мен бөлудің қазақ секторына ірі күрделі қаржы жұмсалымдарын жасауға 
кедергі жасайтын басқа да бөгеуілдер бар (электр энергиясының төмен бағалары). 
Ал жылу энергетика секторына келетін болсақ, бір мезгілде қатар электр жəне жылу 
энергиясының ең жоғары мөлшерін алуға мүмкіндік беретін қолданыстағы жылу жүйелерін 
қайта құру мен жаңарту негізгі стратегиялық мақсат болып табылады. Қазақстан да сондай-ақ 
атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыруда, бұл жаңа өндіріс нысандарын салуды 
талап етеді. Ақтауда орналасқан 90 МВт-ғы жалғыз Маңғыстау АЭС-і 1999 жылы жабылды.
Екібастұз АЕС-і (бұрынғы ГРЭС-1) 
 
Тұрақты өндіріс жəне энергия тұтыну: қоршаған ортаның мақсаттық 
көрсеткіштерінің саясаты, стратегиясы жəне интеграциясы
 
Жаңғырылатын энергия көздерін дамыту, энергетика инфрақұрылымын жақсарту мен ПГ 
шығарындыларын азайту үшін қажет қадам болып саналады. Жаңғыртылатын энергия көздерін 
пайдалану осы уақытқа дейін барынша аз күйінде қалып отыр (2004 жылы 1.4 % БЭЖҰ) жəне 
ол тиісті ынталандырулардың болмауы себебінен, іс жүзінде, негізінен гидроэнергетикаға 
саяды. 
Стратегиялық маңызды бағыт ретінде баламалы энергия көздерін дамыту қажеттілігін нұсқаған 
1999 жылғы энергетикалық Бағдарламадан бері, тұрақты өндіріс пен энергия тұтынуды қоса 
есептегенде, экономикалық саясаттың өзге де құралдары жетілдірілді. 
2007-2024 жылдарда тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы (ТДӨТ, 2006 ж. тарауды қараңыз) 
ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне, ғылыми-техникалық жаңалықтарға, өндіріс пен 


7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
159 
 
тұтынудың орнықты үлгілеріне, баламалы энергия көздеріне қатысты қағидаттарды, 
басымдықтарды, мақсаттар мен тетіктерді белгіледі. ТДӨТ басымдықтарына энергияны 
ұтымды пайдалану мен үнемдеу, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету 
жатады. Басқаларын айтпағанда, тұжырымдама өнеркəсіп жəне энергетика нысандарына 
белгіленетін экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу, тұрақты мақсаттық 
көрсеткіштерінің айқын критерийлеріне, анғұрлым экологиялық өндірістің стратегияларын 
белсендірек пайдалануға, баламалы энергия көздері мен қалдықтарды өңдеу жүйелерін 
енгізуга арналған ынталандыруларды дамытуға негізделеді. 
Тұрақты даму Ұлттық Кеңесінің өтініші бойынша (ТДҰК), тұжырымдаманың негіздемесінде 
2024 жылға дейін тұрақты даму жағдайларында энергияны ұтымды пайдалану жəне баламалы 
қуат көздерін дамыту тұжырымдамасының жобасы əзірленді (1 тараудағы 1.3. ендірмені 
қараңыз). 2007 жылы қыркүйекте ТДҰК мақұлдаған жоба үкіметтің бекітуіне берілді. 
Тұжырымдамада жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту қаежттілігі туралы 
айтылады жəне жел энергиясына, күн энергиясы мен жылу насостарына ерекше назар 
аударылады. Түрлі баламалардың іске асырылуын негіздейтін тəжірибелік жобалар барынша 
жан-жақты көтермеленеді. 
Орта-жəне ұзақ мерзімді перспективада ресурстарды пайдаланудың жалпы тиімдігін арттыруға 
жəне 2024 жылға қарай үлесін барлық энергия ресурстарының 10%-на дейін жеткізу 
жоспарланған жаңғыртылатын энергия көздерін кеңірек қолдануды насихаттауға арналған 
мақсаттық көрсеткітер белгіленді. Электр энергетикасы саласында, жаңғыртылатын энергия 
көздеріне арналған мақсаттық көрсеткіштер 2024 жылға қарай 3000 МВт нақты қуатты 
құрайды, бұл 10 ТВт.с өндірумен барабар (ірі ГЭС-терді есепке алмағанда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет