162
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
хаттамасының т.ж. икемді тетіктері өте пайдалы болуы мүмкін: экологиялық дамудың таза
механизмі мен СО. Бұлар инвесторларды тартуға септігін тигізер еді жəне
ғылыми-
техникалық тəжірибе мен технологиялар берудің арқасында ішкі ресурстарды жұмылдырады.
Хаттаманың таяу уақытта болуы тиіс ратификациясын ескергенде, СО үшін бірнеше жобалық
ұсыныстар дайындалып та қойды.
4 тараудағы 4.3 ұсынысты қараңыз.
Қазақстан экономикасы үшін жоғары энергия сиымдылығы мен оның экологиялық
салдарлары, əсіресе төмен сапалы көмірге байланысты атмосфераға шығарындылар негізгі
кемшіліктер болып табылады. Энергияны əлдеқайда ұтымды пайдалану, энергия үнемдеу мен
энергия ысыраптарын азайту, сондай-ақ энергетикалық кешеннің қоршаған ортаға тигізетін
əсерлерін барынша төмендету жөніндегі шаралар үшін елеулі мүмкіндіктер бар.
Алайда
əзірленген стратегиялар мен заңнама іске асырудың сəйкес тетігінде өзінің нақты
қолданылуын табуы тиіс. Мақсаттық көрсеткіштерге жету тиімді құралдар мен қажетті
жоспарлаудың, сондай-ақ белгіленген шаралардың орындалуы мониторингінің көмегімен
қамтамасыз етілуі керек. Мəселен, энергиясервистік компаниялардың белсендірек
қатынасуымен энергияны анағұрлым ұтымды пайдалануға қол жеткізуге болар еді. Бұдан
бөлек, бағдарлық (салалық) министрліктер үшін халықаралық ұйымдардың ұзақ мерзімді
ынтымақтастық үдерісінде жинақталған ғылыми-техникалық тəжірибе мен білім өте пайдалы
болар еді.
Елдің ең алдымен, гидроэнергетика, жел жəне күн энергетикасы сияқты көздерді
пайдаланудың орасан үлкен əлеуетіне ие екеніне қарамастан, Қазақстанда жаңғыртылатын
энергия көздері осал дамыған. Энергетиканың осы салаларын дамыту жəне ілгерілету үшін
пəрменді заңнамалық база мен ынталандыруға жəне көтермелеуге қатысты айқын жүйе қажет.
Жобаларды жеделдету үшін нормативтік құжаттар мен арнайы бағдарламалардың тапшылығы
сезіледі (мəселен банк ссекторының қатысуымен нысандар құрылысын тікелей қаржыландыру
немесе қаржыландырудың басқа механизмдері сұранысты ынталандырар еді).
Жаңғыртылатын энергия көздеріне (мəселен, күн энергиясы) сұранысты лайықты
ынталандыратын қаржыландыру тетіктерін қолданумен бірге пайдаланатын өндіріс қуаттарын
жасау шығындарды едəуір
азайтар еді, əрі сол арқылы бүкіл елдің энергетикасында
жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға жəне CO
2
. шығарындыларын сəйкес
азайтуға қол жеткізуге септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, энергия үнемдеу технологиялары саласында ғылыми-техникалық даярлықты
күшейткен лазым, оған ЭСКО-ны дамыту жолымен қол жеткізуге болады. Осындай түрдегі
қаражаттар мен бағдарламалар жаңғыртылатын жəне дəстүрлі энергия көздерінің арасында
бəсеке жасай алады, əсіресе негізгі электр желісіне қосылмаған жəне дəстүрлі энергия
көздерінен жеткізушілердің электр беруге мүмкіндігі жоқ түпкірдегі шалғай мекендерде.
7.2:Ұсыныс:
Өндірістің анағұрлым тұрақты параметрлеріне жақындау жəне энергияны пайдалану үшін:
(а)
Үкімет:
•
2024 жылға дейін тұрақты даму мəнмəтіні бойынша энергияны ұтымды
пайдалану, энергия үнемдеу жəне баламалы энергия көздерін дамыту
тұжырымдамасының Жобасын жəне өз мақсаттарына жету үшін
жаңғыртылатын энергия көздері жөнінде коммерциялық іске асырылатын
сертификаттар сияқты тиісті заңнамалық құжаттарды əзірлеуі;
•
Энергияны ұтымды пайдалану жəне энергия үнемдеу жөнінде шұғыл түрде
шаралар əзірлеуі жəне соларды іске асыруы, сондай-ақ электр-жəне жылу энергиясын
өндіру, беру, бөлу мен тұтыну бағдарламаларын жасауы;
•
Энергиясервистік компаниялардың жұмысы үшін қолайлы орта
қалыптастыруы;
7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
163
•
Өндірушілер мен тұтынушылардың арасында нəтижелі түсіндірмелік жəне
ақпараттық жұмыс жүргізуі керек.
(б)
Энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігі мен Қоршаған ортаны қорғау
Министрлігі негізгі электржелісіне қосылмаған, шалғай аудандарда орналасқан,
жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланатын оқшауланған жүйелерді қоса есептегенде,
жаңғыртылатын энергия көздерінің жобаларын іс-əрекетке қабылетті ететін механизмдер
мен ынталандыруларды əзірлеулері керек.
Қуат көздеріне белгіленген төмен тарифтер жоғарыда аталған шараларды қабылдау үшін осы
уақытқа
дейін елеулі кедергі болуда, өйткені олар энергетиканы ұтымды пайдалану мен
экологиялық жабдыққа инвестициялар жасауға септігін тигізбейді. Күрделі қаржы
жұмсалымдарының түсімі үшін қуат көздеріне анағұрлым жоғары тарифтер белгілеу керек.
Тарифтерді көтеру энергия компанияларының табыстарын көбейтер еді де, сол арқылы
қосымша қаржылай қаражаттарды босатады, осы қаражаттарды электр станциялары мен
инфрақұрылымды
қайта құруға, сондай-ақ өндірістің қуаты мен тиімділігін арттыруға
пайдалануға болады.
Тарифтерді көтеру қажеттілігі үкіметке де, сондай-ақ энергия компанияларына да түсінікті.
Үкіметтің мұны қалай жасайтыны жəне жалпы жасау-жасамауы туралы мəселе ашық күйінде
қалып отыр. Бөлетін ұйымдар мен жеткізушілердің арасында рыноктың қағидаттары мен
бəсекені қолдану қажетті қозғау солар еді. Қалай болғанда да осындай өзгерістердің қажеттілігі
туралы ақпаратты өндірушілер мен тұтынушыларға алдын-ала жеткізу керек, сол арқылы
оларға жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндік беріледі. Қуат көздеріне тарифтерді
айтарлықтай көтеру, шамасы, халықтың табысы аз жіктеріне мақсаттық көмек көрсетумен
қатар жүрсе керек.
7.3:Ұсыныс:
Үкімет:
•
Өндірістің шығындарын өтеуді қамтамасыз ететін жəне энергия тұтынуды
азайтуды ынталандыратын тиісті мөлшерлерде қуат көздеріне тарифтер белгілеуге
жəрдемдесуі;
•
Халықтың ең қауқарысыз топтарын электрмен жабдықтау үшін мақсатты
əлеуметтік шаралар əзірлеуі керек..