Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Тарау:  Минералды ресурстардың менеджменті



Pdf көрінісі
бет176/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау
Минералды ресурстардың менеджменті
 
9.1 ұсыныс: 
Минералды ресурстардың тұрақты менеджментіне қажетті заңнамалық жəне реттеу 
тетіктері жетілдіріліп, күшейтілуі керек. Бұл əсіресе мұнай мен газ секторына қажетті 
болып тұр. Орындау жəне күшке енгізудің тиімді механизмдерін, атап айтқанда, 
экономикалық механизмдерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуі қажет.1.1 ұсынысты қараңыз.

2000-жылдан бері минералды ресурстар менеджментіне қажетті заңнамалық негіз айтарлықтай 
жетіле түсті. Минералды ресурстардың пайдаланылуын реттейтін ең басты заң актісіне 1996-
жылы қабылданған «Жер қойнауы жəне жер асты байлықтарын пайдалану туралы» заң 
жатады. Бұл заң бірнеше рет өзгеріске ұшырап, оның ақырғы мəтіні 2007-жылдың қаңтар 
айында ғана бекітілді. Жаңадан енгізілген өзгерістер экологиялық əсерді азайтуға бағытталған 
талаптардың орындалуын көздейді. 2004-жылы 1995-жылғы «Мұнай жəне газ туралы» заңға 
қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірқатар елеулі өзгерістер жасалды. Атап айтқанда, 
мұнай операциялары кезінде газды кəдеге жарату жəне жандыруды реттеу процесіне 
жаңалықтар енгізіліп, Каспий теңізінің солтүстігіндегі қорғауға алынған қазақстандық бөлікте 
мұнай операцияларын жүргізуге қойылған талаптар өзгерді. Дегенмен, заңдарды орындау жəне 
қолданысқа енгізу ісінде ақаулар өте көп. Бұл бағытта əрмен қарай жұмыс істеу керек.
9.2 ұсыныс: 
Тау-кен өндірісіндегі қорршаған ортаны қорғау шараларын алға жылжыту мақсатында 
жаңа технологиялардың енгізізілуін жан-жақты қолдау керек. Елдің ең ірі өндірістік 
аймақтарында таза өндіріс орталықтарын құруға қаржылай көмек көрсеткен дұрыс болар 
еді. 5.2 жəне 11.3 ұсыныстарды қараңыз. 
Тау-кен өндірісі саласында қоршаған ортаны қорғау мақсатында жаңа технологиялардың 
енгізілуін ынталандыратын арнайы шаралар қолға алынбаған. 2007-жылы шыққан 
Экологиялық кодексте қазба өндірісімен айналысатын компаниялар қолда бар ең жақсы 
технологиялардың негізінде ЛААББ (ластаудың алдын алу жəне бірлесіп бақылау) 
рұқсаттарын алуы мүмкін деп жазылғанымен, бұл əрекет іске аспады. Республикада екі таза 
өндіріс орталығы құрылды: бірі Павлодарда (тау-кен өндірісі орталықтарының бірі), екіншісі 
Алматыда. Алайда тау-кен өндірісі саласында таза өндіріс тəсілдерін алға жылжытуды 
көздейтін осы орталықтардың нақты іс-əрекеттері туралы мəлімет жоқ.
9.3 ұсыныс: 
Қазба өндірісімен шұғылдануға лицензия берудің алғышарты ретінде халықаралық 
экологиялық менеджмент стандарттарына (ISO 14000 жəне т.б.) сай жасалған толық 
экологиялық менеджмент жүйесінің (ЭМЖ) енгізілуі керек. Қазба өндірісі саласындағы 
экологиялық менеджмент жеке пəн ретінде тау-кен жəне газ өндіру саласы үшін мамандар 
даярлайтын мектептер мен басқа да білім беру орталықтарындағы оқу бағдарламаларына 
енгізіліп, түрлі дəрежедегі тау-кен мамандарына экологиялық тренингтер өткізілуі тиіс.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамаға сəйкес, лицензия алғысы келген кез-келген 
компания экологиялық менеджмент жоспарын тапсыруы керек. Алайда халықаралық 
экологиялық менджмент стандарттарына сəйкес толық ЭМЖ жасау талап етілмейді. ISO 14000 


213 
 
стандарттарына сəйкес сертификациядан өткен компаниялар төлем ставкасын түсіру 
коэфициенті себепті ластау төлемдерін аз төлейді. Салық кодексі ISO 14000 жəне ISO 9000 
стандарттарына сəйкес сертификацияланған компанияларға біршама салық жеңілдіктерін 
береді. Қоршаған орта менеджменті бойынша кəсіби оқыту бағдарламалары, соның ішінде тау-
кен өндірісінде жұмыс істейтін мамандар үшін жасалған тренингтік бағдарламалар енді ғана 
дамытыла бастады.
9.4 ұсыныс: 
Ұлттық экологиялық іс-шаралар жоспары шеңберінде минералды сектордың қоршаған 
ортаға келтіретін зиянын жойып немесе соның алдын алуды көздейтін барлық басты 
жобалар шұғыл түрде орындалуы тиіс. Қазба өндіріснен қалатын қалдықтардың, соның 
ішінде қауіпті жəне радиоактивті қалдықтардың менеджментін жетілдіретін кең ауқымды 
бағдарлама жасалуы керек. Осы бағдарламаға қаржы бөлініп, ол орындалуы керек. 6.4 
ұсынысты қараңыз.
Қазба өндірісі саласында қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жəне соның салдарын жоюға 
бағытталған бірқатар жобалар тұтас орындалып, ал кейбірі қазір орындалып жатыр. Дегенмен 
де, өндірістік саладаға туындаған экологиялық проблемалар аз емес. 2001-жылы Уран өндірісі 
кəсіпорындарын консервациялау жəне уран депозиттерін өндірудің салдарын жою туралы 
2001-2010ж.ж. арналған бағдарлама қабылданып, қазір орындалып келеді. Радиоактивті 
қалдықтардың кейбірін реабилитациялау жұмысы да іске асырылуда.
9.5ұсыныс:
Қазба жұмыстары халықаралық экологиялық стандарттар мен ережелерге сай қадағалануы 
тиіс. Қоршаған орта туралы шынайы ақпарат бере алатын мемлекеттік мониторинг 
жүйесін жасау міндеті бүгінгі күннің кезек күтірмейтін ең маңызды мəселелердің бірі 
ретінде қарастырылуы қажет. Осы орайда, Геология жəне жер қойнауын қорғау комитеті 
жасаған мониторингтік жоспар қазіргі күйінде жүзеге асырылуы тиіс. 
Экологиялық кодекс өндірістік бақылау жəне мониторинг жүргізуге бұрынғымен 
салыстырғанда анағұрлым қатал талаптар қояды. Экологиялық бақылау комитеті осы 
талаптардың компаниялар тарапынан (соның ішінде қазба өндірісінде жұмыс істейтін 
компаниялар да бар) орындалуын қадағалап отырады. Мемлекеттің экологиялық мониторинг 
жүйесі шамалы жетілгенімен, мониторинг саласында олқылықтар əлі де көп.
 
9.6 ұсыныс:
Минералды ресурстар менеджментін жетілдіру мақсатында жер асты ресурстарына 
геологиялық тұрғыдан зерттеу жүргізу аса қажет болып тұр. Осы мақсатқа қол жеткізу 
үшін біріккен ақпарат жүйесін құрып, кадрлардың білім деңгейін көтеру керек.
Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі құрамындағы Геология жəне жер қойнауы 
комитеті елдегі геологиялық зерттеулерді жүргізетін орган болып табылады. Жер асты 
байлықтарын қорғау жауапкершілгі Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет