Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Тарау:  Арал жəне Каспий теңіздері аймақтарындағы жекелеген проблемаларды



Pdf көрінісі
бет175/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау
Арал жəне Каспий теңіздері аймақтарындағы жекелеген проблемаларды 
шешу
 
Каспий теңізіндегі менеджмент 
8.1 ұсыныс: 
Каспий аймағының экологиялық бағдарламасын орындауға қажетті заңнама жүйесі шұғыл 
түрде құрылып, күшейтілуі керек. Заң жүйесі тиесілі органдардың бағдарламаны орындауға 
қатысты жауапкершіліктерін айқындап, проблемаларды шешуге бағытталған үйлестіру 
жұмысын реттеуі тиіс. Атап айтқанда, қатысушы органдар мен институттар арасында 
ақпарат алмасу міндетке айналып, бағдарламаны қаржыландыру көздері анықталуы керек. 
1.1 ұсынысты қараңыз. 
2000-жылдан кейін Каспий теңізіне қатысты реттеуші құжаттар дайындалып, қабылдана 
бастады. Құжаттардың басым бөлігі Каспий теңізі аймағында жұмыс істейтін компанияларға 
қойылатын арнайы талаптарды тізіп шығады. Бұған қоса, аймақтағы іс-əрекет түрлері, 
кəсіпорындардың жергілікті жəне ұлттық органдарға экологиялық мəліметті жинап, тапсыру 
сияқты қоршаған ортаға қатысты міндеттемелері атап көрсетіледі. Бұл мəліметті аймақ 
ішіндегі жəне соның сыртындағы мүдделі топтардың бəрі алып, пайдалана алады. Мəліметті, 
сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жария етеді. 2007-жылы 
қабылданған Экологиялық кодексте, Каспий теңізін қорғаудың алғышарттары мазмұндалады.
8.2 ұсыныс: 
Мұнай өндірісімен айналысатын компаниялар (мемлекеттік жəне жеке меншік) 
маңыздылығы ерекше кез-келген қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға тартылуы 
керек. Бұрын ластанған объектілерді тазалау жəне сол үшін бейімі бар белгілі-бір 
технологияны анықтау мақсатында пилоттық жобаларды қаржыландыру керек. Мұнай 
секторында жұмыс істейтін өндірушелерден қаржы жинап, соны қалпына келтіру 
жұмыстарына үлестіретін қорды құру мүмкіндігі қарастырылуы керек. 
Басты ірі мұнай компаниялары қоршаған ортаға бұрын тигізілген жəне қазіргі күні тигізілетін 
зиянды жою мақсатында экологиялық іс-əрекеттерді қолға алып келеді. Қазмұнайгаз, 
Теңізшевройл (ТШО) жəне Аджип сияқты басты компаниялардың басым көпшілігі ISO 14001 
сертификатын жеңіп алған. Мемлекеттік Қазмұнайгаз компаниясы 2006-2015ж.ж арналған 
Жан-жақты экологиялық бағдарламаны даярлады. Аталмыш бағдарлама əсіресе бұрыннан 
зақымдалған объектілерді қалпына келтіру міндетіне көп көңіл бөледі. Қалпына келтіру 
жұмыстарын қаржыландыратын қордың құрылуы туралы мəлімет жоқ.
8.3 ұсыныс: 
Каспий теңізінің жағалауындағы жерді пайдалану мəселесіне келгенде, жан-жақты 
аумақтық жоспар жұмысын іске асыру керек болып тұр. Бұл істе Атыраудағы Биологиялық 
əр-түрлілікті қорғау жөніндегі тематикалық топ жасаған биологиялық саналуандық 
карталарына сүйеніп, экологиялық ерекшеліктерді есепке алған жөн. Ең алдымен аймақтың 


211 
 
аса сезімтал жəне қорғауды қажет ететін зоналарын анықтаудан бастау керек сияқты.10.1 
жəне 10.4 ұсыныстарды қараңыз. 
2005-2015ж.ж. арналған жердің шөлейтттенуіне қарсы күрес бағдарламасын орындауға 
бағытталған 2005-2007ж.ж. іс-шаралар жоспары қабылданып, онда Каспий теңізінің 
жағалауына қатысты бірқатар шаралар ұсынылған. Энергетика жəне минералды ресурстар 
министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі жағалауын дамытудың жан-жақты 
жоспарын дайындап, оны басқа министрліктердің қарауына жіберді. Жағалауды су 
тасқынынан жəне құм басудан қорғау, тозған жəне зақымдалған жерлерді қалпына келтіру
заңсыз күл-қоқыс орындарын жою жұмыстары Атырау жəне Маңғыстау облыстарында 
жүргізіліп келеді. Атырау жəне Маңғыстау облыстарында Орал өзенінің атырауындағы 
«Ақжайық» сынды табиғи парктер ашу мақсатында алдын-ала дайындау жұмыстары қолға 
алынды. Маңғыстау облысында мұнай жəне газ секторларының биологиялық алуан түрлілікке 
тигізетін əсерін зерттеу жұмысы аяқталды. Кеме қатынасының биологиялық əр-түрлілікке 
тигізетін əсерін азайту мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қорғалатын жер 
бөлігін аудандап алу жұмысы əлі алғашқы сатыда ғана жүргізіліп келеді.
8.4 ұсыныс: 
Қазақстанда Каспий теңізінің үстінен экологиялық мониторинг жүргізу жүйесі қалпына 
келтірілуі тиіс. Мониторинг бағдарламасының нəтижелері саясат қалыптастыруға пайдалы 
болуы керек. Үкіметтік бағдарламалар сараптауға жарамды міндеттер қойып, мониторинг 
жүргізу жүйесі сол міндеттердің орындалу дəрежесін бағамдауы керек.
2005-жылы «Казгидромет» Атыраудағы аймақтық бөлімшесінің негізінде Каспий теңізі 
мониторинг орталығын құрды. Бұл орталық мұнай саласы объектілерінің маңындағы ауаның 
сапасын, жауын-шашын құрамын, жер жəне су беті, сондай-ақ теңіздегі мұнай өндірісі 
қондырғыларының түбіндегі су мен жер табанының сапасын, қалалық жерлердегі жəне мұнай 
өндіріс объектілерінің маңындағы топырақтың сапасы мен аймақтағы радиация деңгейін 
анықтап, өлшеп отырады.
Арал теңізінің менджменті 
8.5 ұсыныс: 
Қазақстан Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық қордың мүшесі ретінде қорды 
қаржыландырып отырған халықаралық донорлық ұйымдар мен елдер арасында ашық əрі 
айқын үйлестіру жұмысының қажеттелігі мəселесін көтеру керек . Арал теңізі бассейні 
жөніндегі бағдарламаны тиімді орындау үшін ең алдымен орындалу барысын елге 
көрінетіндей етіп ашық көрсетіп, қаржының қалай жұмсалып отырғанын жариялап отыру 
керек. Осыған қоса бағдарламаға мүше елдердің ішінде жергілікті жəне ұлттық деңгейде 
қолға алынатын бастамалар туралы мəлімет халықарлық деңгейде еркін алмасып отыруы 
тиіс.
 
Аймақ деңгейінде Арал теңізі бассейніндегі жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар 
жобалар дайындалып, іске асырылды. Соның ішінде «Арал теңізі бассейнінің əлеуетін дамыту» 
жəне «Арал теңізі бассейнінде тұрақты даму индикаторларын сынау» бағдарламалары бар. 
«Сырдария өзенінің арнасын жəне Солтүстік Арал теңізін ретке келтіру» деп аталатын тағы бір 
жоба қазір іске асырылып жатыр. Бұл жобаның алғашқы сатысына қажетті қаржының бір 
бөлігін (64,5 миллион АҚШ доллары) Дүниежүзілік банк несие ретінде беріп, қалғанын (21,3 
миллион АҚШ доллары) Қазақстанның мемлекеттік бюджеті көтеріп келеді. Аталмыш жоба 
міндеттерінің бірі – Сырдария өзені атырауындағы жəне Солтүстік Арал теңізіндегі 
экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
8.6 ұсыныс: 
Арал теңізі жəне Каспий теңізі проблемаларын шешуге бағытталған саяси қадамдар қалпына 
келтіру жобаларын қолдауға қажетті мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайтудан басталу 


212 
керек. Бұл қаржы экологиялық мониторинг жүргізуге, сондай-ақ, ауа, су, топырақ жəне азық-
түлік сапасын тексеріп, зерттеуге жұмсалуы тиіс. 2.1 ұсынысты қараңыз. 
 
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама 2003-жылы 
қабылданған болатын. Оның аясында мемлекет қаржысының есебінен орындалып жатқан іс-
əрекеттер қатарында істен шығарылған мұнай ұңғымаларын қалпына келтіру жəне мұнай 
өндірісінің экологиялық əсерін бағалау шаралары бар. 2004-жылы Арал теңізі аймағының 
проблемаларын шешуге бағытталған жан-жақты шаралар қолдану бағдарламасы қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет