Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


Экология мен тұрақты даму саласындағы сауат пен дайындықтың жетіспеушілігі



Pdf көрінісі
бет23/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Экология мен тұрақты даму саласындағы сауат пен дайындықтың жетіспеушілігі
 
барлық деңгейде көрініс тапқаны салдарынан ластайтын салалардың шапшаң дамығаны 
аясында мемлекеттік жəне жеке меншік секторларда мамандардың жетіспеушілігіне əкеліп 
соқты. Экологиялық сауаттандыру жалпы ілімдерге негізделген, бірақ соның өзі іске 
қосылмаған. Қоршаған ортаны қорғауға жəне білім беруге міндетті министрліктердің 
1
Ақпаратқа қол жеткізу, шешім қабылдауға жəне қоршаған ортаға байланысты мəселелер бойынша сот істерінде 
əділ сотқа жүгінуге жұртшылықтың қатысуы жөніндегі Конвенция. 



Түйіндеме
біргеістесуі жеткіліксіз жəне елде біргеістесудің тетіктері жоқ. Ересектерді ресми жəне 
бейресми сипатта сауаттандыруға жауапты белгілі бір мемлекеттік органкөзге көінбейді.
Халықаралық біргеістестік пен міндеттемелер 
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласындағы көптарапты 24 келісімге қосылған

солардың 12-сі қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-əрекеттерді алғаш Шолу 
дайындалғалы бері ратификациядан өткен. Экономикасы қарқынды дамыған жағдайда, бұл ел 
өзін аймақтық жəне ғаламдық деңгейде ірі серіктес етіп көрсеткісі келеді. Қазақстан 
Республикасының саяси мақсаттарының бірі – ұлттық табиғат қорғау заңдарын халықаралық, 
əсіресе Еуропалық Одақта қабылданған нормалар мен стандарттарға сай ету болып табылады. 
Елде ратификацияланған конвенциялардың талаптарын орындауға бағытталған саясат пен іс-
қимыл жоспарлары пысықталып жатады жəне осы тұста Қазақстан көп ретте шетелдік көмекке 
жүгінеді.
Алайда, осы халықаралық экологиялық келісімдерді жүзеге асырудың тиімділігін 
күшейтуге болады.
Кейбір
 
МЭС жəне қоршаған ортаны қорғаудың кейбір мəселелері 
бойынша бірнеше министрліктер мен агенттіктер тікелей жауап береді немесе соларды жүзеге 
асыруға қатысады, жəне ҚОҚМ сондай басты орган болып табылады. Халықаралық 
біргеістестік пен жобалардың табысты болуы ҚОҚМ жəне өзге де министрліктердің тиісінше 
біргеістесуіне жəне іс-қимылды үйлестіре алуына байланысты, бұл болса Қазақстанда тиісті 
деңгейде дамымаған. Көп ретте істі тиімді жүзеге асыруға мүмкіншіліктер мен бөлінген 
қаражат жетпей жатады. Мемлекет жаңағы МЭС-ды іске асыруға мүмкіндік беретін 
протоколдарды ратификациялауды кідіртіп отыр, мысалы, БҰҰ-ның климаттың өзгеруі 
жөніндегі Рамкалы конвенциясына қатысты Киото протоколын жəне БҰҰ –ның Еуропалық 
Экологиялық Комиссиясының экологиялық конвенцияларына қатысты протоколдарын айтуға 
болады. Киото протоколының ратификацияланғаны ерекше маңызға ие, өйткені бұл 
Қазақстанға өз өндірістік құрал-жабдығын жаңартудың икемді тетіктерін қолдануға, бұған қоса 
жылыжайлық газдардың атмосфераға бөлінуін қысқартуға мүмкіншілік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет