Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


- жылғы қабылданған Қоршаған Oртаны Қорғау жөніндегі Кодекс



Pdf көрінісі
бет20/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   195
kazakhstanII.KAZ

2007- жылғы қабылданған Қоршаған Oртаны Қорғау жөніндегі Кодекс
 
бұған дейінгі жəне 
соңғы уақытта пысықталған заңдар мен нормаларды астарластырып қойды. Аталған Кодекс 
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық келісімдер аясындагы міндеттемелерді де 
қамтыған. Жұмыс істеуге рұқсатты бір жылдан үш жылға ұзартуымен қатар, ең үздік 
əдістемелерге негізделген көпқырлы рұқсат беруді, сондай-ақ, ірі жəне кіші кəсіпорындардың 
қызметін бөле –жара реттеуді, тексеретін жəне тəртіп сақтаушы мекемелердің мəртебесін 
тиісінше айқындауды қарастырады. Əзірше, көпкырлы интеграциялы рұқсат беру жүйесі сынақ 
санатында ғана, ал енді басты процесстік жəйттер əлі де пысықталу үстінде. 
Заңның орындалуы құрылымдық реформалар арқасында жақсарды …
Жақында 
заңгерлік саласында болған өзгерістер, жалпы, заң енгізу бағытындағы əдістемелерге дем 
бітірді. Заң шығару мен сол заңдардың орындалуын қадағалайтын органдардың міндет-
қызметтері екі бөлек шығарылып, бақылайтын органдар, өз бюджеттерінен басқа, барлық іс-
қимылдарына өздері бас-көз болатындай автономия дəрежесіне ие болды. Қазақстан өкімет 
орындары көп салалы тексеру жұмысының ауқымын кеңейтіп, кəсіпорындарды қадағалау 
əдісін жақсартып, санкция қолдану аясын кеңейтіп, жұртшылықтың заң бұзушылықтарға 
қарсылық білдіру жігерін күшейтуге септігін тигізді.Бұған қоса, үкіметке қарайтын жəне 
үкіметке қарамайтын ұйымдардың қызметкерлері заң талаптарын ұқтыру ісіне барынша 
атсалысты. Заңның сақталуын қадағалайтын құрылымдық тетіктер іргелі əрі процессуальді 
реформалар жəне қорлардың неғұрлым тəуір үйлестірілуі арқасында жақсарды. 
Шешімін таппаған мəселелер əлі де көп 
Реттеуші ережелер əр уақыт түсінікті жəне жүзеге асыруға қолайлы бола бермейді. 
Ережелердің орындалуын байқайтын «тексер де жазала» стратегиясы көбінше орындалмайды 
жəне соған қатысты жұмыс əдістері тиісінше жетілдірілмеген. Талаптардың орындалмауын 
уақытында байқап қалып, шара қолдану мүмкіншілігі екіталай деңгейде, жəне азаматтық
əкімшілік жəне қылмыстық жазаға тарту жүйесі талаптарға сай келу міңез-құлқын 
қалыптастырудан гөрі əлі де санкция қолдануға бейім. Заңдылықты сақтауға мəжбүрлеу 
шараларының əділетттілігі, пропорционалдығы жəне ашықтығы белгілі деңгейде 
алаңдаушылық туғызады.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ), 2002-жылы жауапкершілік əр түрлі 
министрліктер арасында бөлінгелі бері, осы сала алдында тұрған бірқатар мəселелерді 
бақылауда ұстау қабілетінен айырылып қалды. Су, орман жəне табиғи қорлар жəне соларды 
пайдалану құзыреті бірқатар арнайы комитетер арқылы Ауыл шаруашылық министрлігіне 
берілді. Министрліктер арасындағы, əсіресе экологиялық инспекция саласында, тиімді 
біргеістестікке қарамастан, табиғатты қорғаудың өзге салаларында үйлестірушілік үшін 
жауапкершілік неғұрлым анық белгіленуі хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет