Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет55/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау 
 
ҚҰҚЫҚ САҚТАУ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ 
ТЕТІКТЕРІ 
 
2.1 
Құзіретті мекемелер мен олардың өкілеттіліктері
Қоршаған Ортаны қорғау Министрлігінің (ҚОҚМ) екі тармағы-Лицензиялау жəне Реттеу 
Тетіктерін ынталандыру Басқармасы (ЛРТЫБ) жəне Экологиялық Бақылау Комитеті (ЭБК) 
жекелеген реттеуші талаптарды іске асыру жəне оларды сақтаудың ұлттық деңгейде 
қамтамасыз етілуіне жауапты. (1-ші бөлімнің 1.2 жəне осы бөлімнің 2.1 суретін қараңыз) 
Олардың жұмыс ауқымы ауа мен судың сапалық ахуалы, жергілкті тұрғын үйлер мен өндіріс 
орындарынан шығатын қалдықтар, радиологиялық жағдай, тау-кен өнідірісін бақылау сондай-
ақ жер мен биологиялық қорларды қорғап отыруды қамтиды. Жекелеген кəсіпорындар үшін 
реттеуші талаптары олардың Қоршаған ортаға əсердің бағасы (ҚОƏБ) таразылаған соң жəне 
арнайы рұқсат негізінде (ЛРТЫБ) арқылы белгіленіп отырады. (ЭБК) болса, реттеуші 
талаптардың орындалуын тексеріп, егер орындалмаса əкімшілік шаралар қолдануды 
қамтамасыз етеді жəне азаматтық істерді қарауда Мемлекет тарапынан қатысады. Ол сондай-ақ 
заңға қайшы əрекеттер турасында айғақтар жинап, қылмыстық іс қозғауға бастамашы болуға 
құқылы. Бұл екі басқарма экологиялық реттеуге жəне талаптарды сақтауға қатысы бар ұлттық 
жəне жергілікті билік орындарының іс-қимылдарын өзара үйлестіруші. Оның басқа бір 
маңызды қызметі лицензиялау мен бақылау ісінде кері байланысты қамтамасыз ету, яғни заң 
шығарушы орындар мен саясат жасаушыларға тексеру жүргізу. 
Ұлттық деңгейден төменгі сатылардағы реттеуді іске асыру мен оған бақылау жүргізу жəне 
талаптардың орындалуын əкімшілік деңгейде қадағалау Қоршаған Ортаны қорғаудың 16 
аймақтық басқармасына (ҚОҚАБ) жүктеледі. Олар 14 облыс пен Алматы жəне Астана 
қалаларында. Олар билігі өз құзырындағы заңдық тұлғалар бола тұра, (ЛРТЫБ) мен (ЭБК) 
алдында есеп береді. Басқарудың мемлекеттік органдары (ҚОҚАБ) орындарына жетекшілік ету 
жəне оқып-үйретуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың жұмысына баға беріп отырады.
ҚОƏБ-не қатысты өкілеттіктерді бөлу жəне лицензиялау кəсіпорындардың категориясына 
байланысты. Ол категориялар өнеркəсіптің өзіндік ерекшелірктеріне қарай, адам денсаулығына 
əсер ету қаупі жөнінен 4 түрге бөлініп қарастырылады. 4-ші категория кəсіпорындарының 
жұмысына олардың өтініші негізінде рұқсат беріледі. Ал 1-ші категориядағы кəсіпорындар 
жұмысын ЛРТЫБ қадағалайды, басқа категориядағы кəсіпорындар аймақтық мекемелердің 
құзырында болады. Ұлттық деңгейдегі инспекторлар кəсіпорындардың жұмысы мен ҚОҚАБ 
қызметінің нəтижесін бағалау үшін кез-келген кəсіпорын тармағында тексеру жүргізеді. Жыл 
сайын бір аймақтық басқарма тексерілуі керек.
ЛРТЫБ мен ЭБК-нің басқару құрылымдарындағы автономия деңгейі əрқилы. ЛРТЫБ 
толықтай ҚОҚМ құрамына кіретіндіктен оның басқару қызметіне бағынышты. Ал ЭБК-нің 
өзін-өзі басқару деңгейі біршама жоғары. Бұл орган 2004-ші жылғы қыркүйекте ҚР 
президентінің жарлығымен құрылған. Бұл жарлықта саясат қалыптастыру мен реттеп отыру 
жəне бақылау қызметтерін бір-бірінен бөлу талап етілген еді. Ал ЭБК қызметі үкіметтің 2004-
ші жылғы 29-шы қазандағы номер 1126-шы бұйрығымен реттеледі. ЭБК төрағасы премьер-
министр тағайындайтын саяси тұлға жəне ол ҚОҚМ-не жүгінбей ақ шұғыл шешімдер 
қабылдай алады. ЭБК өзінің іс-қимыл жоспарын жасайды жəне өзінің есебін дайындайды. ЭБК 
дербес заңды тұлға жəне 2008-ші жылдан бері ҚОҚМ бюджетінен бөлек. Ол бюджетті 
жоспарлау мен орындауды бақылау Комитеттің өз құзырында. 2008-ші жылға дейін ЭБК-нің 
күн сайынғы əрекетінің өзі Министрліктің бақылауында болды.


48
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
2008-ші жылғы ақпанда ҚОҚМ құрамында ЛРТЫБ-ны алмастыруы қажет басқа бір комитет 
құрылды. Оны құрудағы мақсат-экологиялық сараптауды жəне лизензиялауды күшейту, 
сондай-ақ реттеу жұмысын саясатты қалыптастыру жұмысынан бөліп алу болды. Мұндай 
бөліну тұрғысында əртүрлі пікір айтылуда. Кейбіреулер бұл қадам жұмыстың тиімділігін 
арыттырады десе, басқалар ақпарат алмасудағы қиындықтар мен ұжымның(штат) қысқаруынан 
келіп шығатын проблемалардан қорқады. Олар қазіргі кездегі қызмет орындары əкімшілік 
қолдау бөлімдеріне өтіп кетеді деп сескенеді. Ұсынылған реформа кадрлар жағынан 
қиындыққа қарамастан, министрлік пен оның тармақтары үшін бөлінген қызмет орындарының 
шектелуіне байланысты қызметкерлер санын азайтуға жол ашады. Осының салдарынан реттеу 
мен бақылау сапасына нұқсан келуі мүмкін. Рұқсат беретін тұлғалар мен тиімді бақылау 
жүргізу үшін қажетті инспекторлар арасындағы ақпарат алмасуы да бұзылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет