82
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Біліктілікті арттыру
ҚОҚМ ақпараттық-талдау орталығының экология жөніндегі мамандардың біліктілігін
арттырудағы озық мекеме болып есептеледі. 2005 ж. бастап
осы аталған мекеменің
басшылығымен жұмысты қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты қолдану саласындағы қайта
даярлау жəне біліктілікті арттыру жөніндегі Орталық атқарады. 2005 жəне 2007 жж. осы
орталық мемлекеттік экологиялық инспекция, экологиялық рұқсат беру жүйесі, аудит,
сақтандыру жəне табиғатты тиімді қолдану туралы бес күндік арнайы курстардан өткен 900-ге
жуық мамандар даярлады. Оқытудан өткен мамандар – бұлар, ең алдымен, ҚОҚМ
қызметкерлері. Бұған қоса, Қазақстандық экология жəне ауа райы ғылыми-зерттеу институты
кəсіпорындарға арналған озон қабатын бұзушы заттарға қатысты арнайы тақырыптар бойынша
курстар өткізіп келеді.
Мемлекеттік басқару Академиясы, қызметкерлерді қайта даярлау
жөніндегі бас мекеменің басшылығы өздерінің бағдарламасына экология туралы пəн енгізді.
Мемлекеттік биліктің бірде бір органы үлкендердің бейресми жəне арнайы емес негіздегі білім
алуы үшін тікелей жауап бермейді. Білім алудың осындай түрлерін ҮЕҰ жəне Орталық
Азияның Аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) жүзеге асырады.
Олардың жобалары,
басым жағдайда, сыртқы донорлардың салымдарының мөлшеріне байланысты болады, осыған
орай олар қысқа мерзімді сипатқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: