3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
79
2004 ж. ҚОҚМ өзінің вэбсайтын (www.nature.kz) тұтынуға ыңғайлы əрі мазмұнды ете отырып,
бірнеше рет өзгертті. Мұнда төрт адам толық жұмыс күні бойынша қызмет атқарады. 2007 ж.
жұртшылық пен министр аралығында тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында вэбсайтқа
«сұрақ-жауап» тарауы қосылды.
«Қазгидрометтің» өзінің жеке вэбсайты
www.meteo.kz
бар. Сайтта қоршаған ортаның жай-күйі
туралы аса шектеулі мəлімет жəне Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі экологиялық орта
туралы ақпарат орналастырылған. «Қазгидромет» Алматы қ. əкімдігімен қалалық тұрғындарға
шынайы уақыт өлшеміндегі ластану деңгейі мен метеорологиялық орта туралы ақпарат беріп
отыратын қалалық жарнамалық тақтайшалар торабын дамыту тұрғысында бірігіп қызмет
жасайды. Егер осы тəжірибе «Қазгидромет» үшін жемісті əрі
экономикалық жағынан тиімді
болып шықса, онда осындай жарнамалық тақтайшалар Республиканың басқа қалаларында да
пайда болады.
Жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуы
2004 ж. ҚОҚМ жұртшылықтың экологиялық
Кеңеске көзқарасын талқылау тəртібі
туралы
меморандумға қол қойды. Қоршаған орта жөніндегі Министрдің бұйрығы бойынша Қоғамдық
экологиялық кеңес құрылды. 2005 ж. бастап кеңес өз мəжілістерін өткізбейді жəне оның
өзіндік жұмыс жоспары жоқ. 2006 ж. ҚОҚМ кеңестің жаңа құрамын бекітті жəне бүгінгі таңда
оның құрамына ұлттық экологиялық ҮЕҰ, іскери жəне академиялық топ өкілдерімен қатар,
министрдің өзі жəне ҚОҚМ жетекші мамандары кіреді. Кеңес мүшелері ҚОҚМ Алқалық
кеңейтілген мəжілістеріне қатысады жəне мəжілістерде талқыланатын
құжат жобаларына
қатысты ұсыныстар береді.
ҮЕҰ сондай-ақ басқа да ресми органдардың мүшесі болып табылады. ҚОҚМ ұсынылған сегіз
МПО тұрақты даму жөніндегі Кеңестің құрамына кірді. Қазіргі кезде өзен бассейндерінің
құрылтайшы кеңестерінің (9 тар.қар) құрамына жұртшылық өкілдері де қосылуда. Дегенмен,
ҮЕҰ өкілдері 2006 ж. бастап өнеркəсіптік жобаларды қаржыландыратын «Қазына»
тұрақты
даму мемлекеттік қорының кеңесіне кірмейді (1 жəне 6 тар.қар.).
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің ҚОҚАО түрлі мəселелер тұрғысынан ҮЕҰ
ынтымақтастық орнатқан. Мысалы, муниципалды ҚОҚАО Алматы қаласындағы жиырма екі
ең іскер экологиялық ҮЕҰ ынтымақтастық орнату туралы ресми келісімшартқа қол қойды.
Өзге орталықтар ҮЕҰ экологиялық инспекция, сонымен бірге дөңгелек стол, оқу семинарлары
мен конференциялар ұйымдастыру жұмыстарына тарту үшін бейресми механизмдерді
қолданып келеді.
ҚОҚМ 2004 ж. бастап ҮЕҰ экологиялық қызметіне қаржы қолдауын көрсетіп отыр. ҮЕҰ
мембюджет есебінен атқаратын барлық жобалары ҚОҚМ жасалады. ҮЕҰ
жобаны жасауға
немесе оның тақырыбын жасауға мүмкіндігі жоқ. Қаржыландыру жұмыстары «мембюджет
əлеуметтік пакеті» экологиялық тарауындағы құралдардан алынады. 2007 ж. ҚОҚМ ҮЕҰ төрт
жобасын жүзеге асыруға 10 млн. теңге (шамамен 80 мың АҚШ дол.) төледі. Осылайша ҚОҚАО
жергілікті ҮЕҰ
қолдау үшін олардың аумақтық «əлеуметтік пакеттерін» қолдануда.
Қоршаған орта мен адамның денсаулығына елеулі əрі тікелей əсер етуі ықтимал жобаларға
тоқталатын болсақ, шешім қабылдау мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптамаға (МЭС)
берілетін құжаттамаларда жобаны жасаушылармен ұйымдастырылған қоғамдық дəрістердің
қорытындылары міндетті түрде қамтылуы қажет. ҚОҚМ қоршаған ортаға ықпал етуді
бағалауға (ҚОЫБ) қатысты ережелерінде осындай құжаттамаларға жəне қоғамдық дəрістер
өткізуге қойылатын талаптар нақты сипатталған. Ережеде де, олардың қолданылу үрдісінде де
талаптар берілмеген əрі жұртшылықты МЭС жобаны жасаушы беретін қоғамдық дəрістерінің
түйіндемесіне ұсынымдар мен кепілдемелер қоспау себептері туралы іс жүзінде
ақпараттандыру мəселесі туралы айтылмаған.