Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет94/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   195
kazakhstanII.KAZ

 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
Екінші шикізат жəне өнім түріндегі қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына 
шығарудың алдын алатын, зиянды қалдықтар декларациясының жаңа кедендік ережелері 
енгізілді. 2006 жылы экспортқа шығарылатын улы заттардың көлемі 98,000 тоннаны құрады 
(өндірілетін қалдықтардың жалпы көлемінен 0.042%), бұл қалдықтар негізінен алғанда, Ресей 
Федерациясының зерттеу институтына жіберілді. 2007 жылғы Экологиялық кодексте 
қалдықтар мен бақыланатын қалдықтар тобын анықтауды қосқанда, Базель Конвенциясының 
талаптарымен сəйкесетін зиянды қалдықтардың трансшекаралық қозғалысы туралы бап 
қарастырылған. 
2007 жылы Қазақстан берік органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясын (БОЛ 
Конвенциясы) бекітті жəне қауіпті химиялық заттар мен пестицидтің жекелеген түрлерін 
халықаралық саудаға шығаруға алдын ала келісім беру процедурасы туралы Роттердам 
Конвенциясына қосылды.
ҚОҚМ БОЛ Конвенциясының ресми жауапты тұлғасы болып есептеледі. БОЛ қалдықтары 
Қазақстан үшін аса күрделі мəселе қатарынан орын алады. Бастапқы баға бойынша 
Қазақстанда қалдықтардың көлемі 250,000 тоннаны құрайды екен, яғни, бұл Ресей 
Федерациясын қоспағанда ВЕКЦА барлық елдерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып 
отыр. Аса қобалжытатын өзекті мəселеге айналып отырғаны да осы көнерген пестицидтер 
жəне олардың сақталуы, электрлік құрал-жабдықтары (конденсатор жəне трансформаторлар), 
бұлардың құрамында полихлорланған дифенилдар (ПХД) бар, сонымен қатар ПХД уланған 
аумақтар. БОЛ Конвенциясын бекіту жəне БОЛ бірінші инвентаризациялау дайындығы 
БҰҰДБ/ЖЭҚ қолдауымен 2002 жылдан 2005 жылдар аралығында жүзеге асырылған 
«Стокгольм жəне БОЛ Конвенцияларының шеңберіндегі міндеттемелерді орындау бойынша 
Қазақстан Республикасына бастапқы көмек көрсету» жобасы аясында өткізілді 
(қаржыландырудың жалпы көлемі 550,000 АҚШ долларын құрады, соның ішінде 500,000 АҚШ 
доллары– ЖЭҚ салымы). Елде осы уақытқа дейін Конвенцияға енгізілген БОЛ бірнеше 
номалары мен ережелері жасалынып, қабылданбады. Миссия барысында Роттердам 
Конвенциясын жүзеге асырудың тəжірибелік қадамдары туралы ешқандай мəлімет айтылған 
жоқ.
Қазақстан химиялық заттарды халықаралық басқару үрдісіне орай жасалынған Стратегиялық 
əдіске қатысты (ХХБСҮ). Денсаулық сақтау министрлігі ХХБСҮ жауапты тұлғасы етіп 
тағайындалды (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет).
Халықаралық мағынадағы басқа да экологиялық мəселелер
17
 
Тəуекелдерді басқару 
 
2001 жылы Қазақстан өнеркəсіптік апаттардың трансшекаралық салдары туралы Конвенцияға 
бірікті. ҚОҚМ жəне ТЖМ осы Конвенцияны жүзеге асыруға жауапты білікті органдар болып 
тағайындалды. Негізгі жауапкершілік ҚОҚМ жүктелді. Бұл жауапкершілікке мына мəселелер 
кіреді: (a) қауіпті өнеркəсіптік кəсіпорындарды анықтау, осы кəсіпорындардың қауіпсіздік 
инспекциясын жүргізу; (b) осындай кəсіпорындардың жəне жергілікті орган операторларының 
төтенше жағдайларға, ішінара, табиғи апаттардың салдарынан болатын өндірістік апаттарға 
дайындығын қамтамасыз ету; (c) олардың салдарына əрекеттесуді ұйымдастыру. Жүзеге 
асыру деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Конвенцияны орындаудағы ВЕКЦА мен ЮВЕ 
елдері арқылы қабылданатын шараларды күшейту тұрғысындағы көмек көрсету 
Бағдарламасына бірікті. Осы аталған қызметтің Қазақстанға 2007 жылдың сəуір айында келген 
мүшелері осы елдің туындауы ықтимал өндірістік апаттардың алдын алу, оған дайындығы мен 
əрекеттесуіне бағытталған институтционалдық жəне құқықтық шеңбері туралы мəліметтерге 
зерттеу жасай отырып, Қазақстан Конвенция шеңберіндегі көмек көрсету Бағдарламасында 
сипатталған барлық негізгі міндеттерді толық орындаған деген қорытындыға келді. 
17
Қазақстанның экологиялық мəселелер бойынша ақпараттарға, жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуына 
жəне əділ сотқа қол жеткізу міндеттерін сақтауы туралы Ақпарат (Орхус Конвенциясы) 3 тарауда берілген.


4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
99 
 
Қазақстанға екінші фазаға (жүзеге асыру) қатысу туралы ұсыныс жасалынды, мұнда 
көрсетілетін қолдау Конвенция шеңберіндегі кешенді тапсырмалармен байланысты 
мəселелерді шешуші елдерге көмек көрсетуге бағытталған.
Қазақстанда өнеркəсіптік апаттардың трансшекаралық салдары туралы конвенцияны жүзеге 
асырудың заңнамалық базасы жасалынды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет 
нəтижелерінің бірінші Шолуы жазылған соң ҚР Үкіметінің Қауіпті өндірістік нысандардағы 
өндірістік қауіпсіздік туралы Заң (2002 ж.), ТЖ аса тəуекелді мекемелерінің тізімін бекіту 
туралы шешімі (2001 ж.), Қазақстанның 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық 
қауіпсіздігі Тұжырымдамасы, сондай-ақ Апатты жағдайлар мен өндірістік апаттардың 
алдын алу жəне əрекеттесу жəне осы саладағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру 
Тұжырымдамасымен қатар (2005 ж.). бірнеше заңдары, шешімдері жəне саяси құжаттары, 
қабылданды. Институционалды əлеуеттің дамуын төтенше жағдайларды мемлекеттік 
тұрғыдан бақылау жəне мониторингтеу жөніндегі Комитет пен Ұлттық кризистік орталығы 
(аталған екі ұйым да ТЖ Министрлігінің құрамына кіреді) қамтамасыз етеді. Кен қазушы жəне 
мұнайгаз салаларындағы, сонымен бірге Каспий теңізі жағалауы аймағындағы компаниялар 
атқаратын алдын алу жəне дайындық шараларына басты назар аударылады. ТЖМ жəне басқа 
да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жұмыстары қолға алынған, дегенмен мұндай 
үйлестіруді, ішінара, ҚОҚМ ғана бірігіп іске асыруға болады.
Трансшекаралық ықпалдың қоршаған ортаға қатысты бағасы
2001 жылы Қазақстан трансшекаралық байланыстағы (Эспоо Конвенциясы) қоршаған ортаға 
ықпал жасауын бағалау конвенциясына (ҚОЫЖБ) бірікті. Қазақстан Стратегиялық 
экологиялық бағалау Хаттамасын (СЭБ) бекіткен жоқ. Көрші елдердің ішінде осы 
Конвенцияны Əзірбайжан, Қырғызстан жəне Ресей Федерациясы бекітті. Қазақстан өз 
заңнамасын осы Конвенциямен үйлестіруге көп күш салды. 2007 жылғы Экологиялық кодексте 
осы конвенцияның талаптарына сəйкесетін ережелер қамтылған. ОВОС үрдісі Мемлекеттік 
экологиялық сараптама процедурасына енгізілген. Алайда жұртшылықтың іс жүзінде осы іс-
шараға қатысуы əлі нақтыланған жоқ əрі көп жағдайда бұл тек қағаз жүзінде айтылып жүр (1, 2 
жəне 3 Тар. қар.). СЭБ процесі Экологиялық кодекс шеңберіндегі заңды талап болып саналады, 
дегенмен мұнда берілген атау туралы тікелей аталған ешқандай мəлімет кездеспейді (3 тар. 
қар.).
Эспоо Конвенциясын жүзеге асыруға қатысты аймақтағы елдерге көмек көрсету жəне басқа 
елдерді де осы Конвенцияны қосуға үндеу мақсатында, халықаралық мекемелерге көмекші 
ретінде екі аймаққа арналған жеке ережелердің екі кешені құрылды, атап айтсақ: Каспий теңізі 
аймағындағы трансшекаралық байланыстағы қоршаған ортаға ықпал етуді бағалаудың 
негізгі қағидалары жəне Орталық Азия елдері үшін трансшекаралық байланыстағы қоршаған 
ортаға ықпал етуді бағалаудың негізгі қағидалары. ЕЭК БҰҰ қатысуымен 2005 жылдан 
бастап ұшқыш жобасын іске асыру қолға алынды (Эспоо Конвенциясының Қазақстан мен 
Қырғызстанда тəжірибе жүзінде іске асырылуы). Қырғызстанның кен өндіруші екі 
компаниясы бойынша (Жеруи алтын кені үлескесі жəне Андаш мыс/алтын қазба үлескесі) 
ОВОС материалдары Қазақстанға түсініктемелер беру үшін ұсынылды. Ұшқыш жобасын іске 
асыру тұрғысындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық үлкен жетістікке қол жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет